- Учителю
- Ашық сабақ жоспары тақырыбы: «Алмас қылышты ардагер»
Ашық сабақ жоспары тақырыбы: «Алмас қылышты ардагер»
3 сынып
Сабақ №
Әдебиеттік оқу----------------
Сабақтың тақырыбы: Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)
Мақсаты: Оқушыларға Бөгенбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру; туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: Білім беруді ізгілендіру әдісі
Пәнаралық байланыс:Дүниетану
Көрнекілігі: Бөгенбай батырсуреті, сызбалар.
Сабақтың барысы:
І.Қызығушылықты ояту. Алақан» жаттығуы.
Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»
-Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?
-Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім?
-Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің? (Қабанбай батыр)
-Жоңғар шапқыншылығнан кейін қазақ халқы қандай қасіретке ұшырады?
-Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды?
-Бұқар жырау кім? Ол кімдер жайлы жырлады?
- Бұқар жырауҚабанбай батыр жайлы қалай жырлады?
- Өлеңді жатқа айту.
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү.Мағынаны тану:
Суретпен жұмыс: Суретте кім бейнеленген?
Оның батыр екенін қайдан білдіңдер?
Бұл батыр кім дер едің? (Бөгенбай батыр)
Суретке ат қой, әңгімеле.
Бөгембай Ақшаұлы, Қанжығалы Бөгембай, кейбір әдебиеттерде Бөгенбай (1680, Қаратау бөктеріндегі Бөген өзені бойы - 1775, кейбір деректерде 1776, 1778, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Қоржынкөл к. маңы) - қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі тарихында ерекше рөл атқарған батыр, қолбасшы.18 ғасырдағы қазақ батырларының жасы үлкен ақсақалы, сондықтан оны халық аңыздарында ардақтап "Қанжығалы қарт Бөгембай" деп атап кеткен. Қарабалта түбінде қырғыздармен болған шайқаста Бөгембай батыр 77 жаста болған деседі. Арғынның қанжығалы руынан. Батырлар әулетінен шыққан. Атасы Әлдеуін батыр Есімхан әскерінің қолбасшысы, әкесі Ақша батыр Тәуке</<font face="Times New Roman, serif"> ханның 80 мың қолын басқарған сардар болған.
2Мәтінмен жұмыс:
1.Мәтінді оқыту:
2.Мәтін мазмұнына талдау жасау:
-Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды?
-Халықты неге шақырды?
-Қалай ойлайсың батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?
3.Сөздік жұмыс.(мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, бурқану)
ҮІІІ.Ой толғаныс:
1.Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім?
2. Сызбаны толтыр. Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не деді ?
Өз сөзіңмен түсіндір. (аттың басын тартпаған, жаудан қайтпаған, қорғасындай балқыған еңбек қылған, сарп қылған бар күшін)
3. Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипатта. Екі мәтінді салыстыр.Халық қорғаны.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Алмас қылышты ардагер
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Бұқар жырау жырын жаттау. 2.бағалау