7


  • Учителю
  • Сыныптан тыс жұмыс Тапқырлар тартысы 2-сынып

Сыныптан тыс жұмыс Тапқырлар тартысы 2-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Аманжолова Жулдыз Жумажановна

Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

Ақтүбек ЖОББ мектебінің І санатты бастауыш сынып мұғалімі

Сыныптан тыс жұмыс Тапқырлар тартысы 2-сынып



Тақырыбы: Тапқырлар тартысы

Мақсаты:

Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс-жүзінде шыңдау, есте сақтау, сөйлеу мәнерін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға, өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу.

Бір-бірімен достық, ынтымақтастықта болуға баулу.

Көрнекілігі: Компьютер, интерактивті тақта, компьютерлік презентация, кесте.

Сабақ барысы:

- Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!

2-сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар тартысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңіздер!

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,

Білімменен аспанға жол салынар. - деген Жүсіп Баласағұн.

Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін қазақ тілі пәні бойынша алған білімімізді көрсетіп, саралап, санамыздың өскенін, сөз байлығымыздың молайғанын көрсетейік.



«Біреу озса сайыста, біреу артта қалады

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден - жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол - еңбектену, жалықпау.» - дей келе сайысымыздың кезеңдерін таныстырып өтейік.

І .Таныстыру

ІІ. Зымыран сұрақтар

ІІІ. Кім тапқыр? (суретке қарап мақал құрастыру)

ІҮ. Тіл - өнер (жұмбақ шешу, жауабын екі тілде айту)

V. «Ұшқыр ой»

ҮІ. Ол кім? Бұл не?



Енді сайысымызды бағалау үшін құрылған әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.

1.Оқу ісінің меңгерушісі Кенжебаева Ж.

2. Бастауыш сынып мұғалімдері : Алтынай мұғалім, Замира мұғалім.



Жүргізуші:

«Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие білім табар мән.

Бұл бәйге, ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда» -



Сәлемдесу - игі дәстүр киелі,

Сөзбен ќарап, кейде шешер шиені.

Жақсы сөзге жан семірер қашанда

Жолданады сайыскерлер сәлемі.

Сонымен, сайысқа қатысушылар өз сәлемдерін жолдайды:

1-кезең «Таныстыру»



І топ: «Қыран»

Біздің топ: «Қыран»

Қайтпас қайсар ерлігі,

Ұлан болғым келеді.

Самғап ұшар биікке ,

Қыран болғым келеді.



ІІ топ:

Топтың ұраны: Біздің топ: «Тұлпар»

Асау тұлпар желдей ескен арынды,

Оқу менен еңбекке сал, барыңды.

«Болашақтың ұрпағымыз сенімді,

Көрсетпекпіз мектепте алған білімді.



2-кезң «Зымыран сұрақтар

Әр топқа 10 сұрақ қойылады, Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.



«Тұлпар» тобына:



1.Қазақ тілінде неше әріп бар? 42

2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша жұрнақ

3. Жуан дауысты дыбыстарды ата? а, о,ы, ұ

4. «Батыр» сөзіне қарама-қарсы сөзді ата қорқақ

5. «Қоян» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар? 4 әріп, 5 дыбыс

6. Жауап алу мақсатында айтылған сөйлем? сұраулы

7. Мәтіннің неше түрі бар? 3

8. «Ұршық» сөзіндегі дауыссыз дыбыстарды ата. р,ш, қ

9. «Сусын» сөзінде у дыбысы қандай дыбыс? дауысты

10. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

«Қыран» тобына

1.Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? қатаң, ұяң, үнді

2.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша жалғау

3.Жіңішке дауысты дыбыстарды ата ө,е,и,і, ә,ү

4.«Ұзын» сөзіне қарама-қарсы сөзді ата қысқа

5.«Шаян» сөзінде неше әріп неше дыбыс бар? 4 әріп, 5 дыбыс

6.Адамның көңіл -күйіне байланысты айтылған сөйлем (лепті сөйлем)

7.«Кітап» сөзіндегі дауыссыз дыбыстарды ата к,т,п

8.«Тау» сөзінде у дыбысы қандай дыбыс? дауыссыз

9.Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады? сұрақ белгісі

10.Қосымшаның неше түрі бар?





Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.



Келесі кезең- «Кім тапқыр?»

Бұл кезеңде сөздер мен суреттер аралас тапсырма беріледі, сол сөздерден мақал құрастыру керек, қай топ бірінші тапса сол топқа 5 ұпайдан қосылып отырады.



ІІІ кезең. Тіл-өнер.

Келді кезек жұмбақтарды шешуге,

Жауаптарын беру керек екі тілде.

Өз тілің мен өзге тілді білсеңіз,

Жақсы баға, шәкірт саған несібе.

дей келе келесі сайысымыз- «Тіл-өнер» деп аталады.

Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнындағы сөзді тауып, оны екі тілде айтамыз Жауабын дұрыс тапса 5 ұпай, орыс тіліндегі аудармасы дұрыс болса 10 ұпай

Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз - мороз)



Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар - снег)



Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп - буква)



Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш - линейка)



Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)



Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық - кошка)



Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз - лук)



Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап - книга)

ІІ жүргізуші:

«Көңілді, тапқырлар, білгіштер

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді, көп оқыған болса, егер

Бүгінгі күн жеңімпазы болады - деп келесі кезең «Ұшқыр ой» кезеңін бастаймыз.

Бұл кезеңде әр топқа мәтін бөлігі беріледі, әңгімені аяқтайды және сол әңгіменің негізгі ойын айтып, мазмұнына сәйкес мақал табу керек.

І топ. Атасы мен немересі

Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десеңіз, оның аяқ қолы кәріліктен

қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келініне ұнамады. Олар шалға алдына жаман дастарқан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды.



Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бата алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырады. Әкесі көріп; «Шырағым не істеп жатырсың?» - дейді. Сонда баласы; «Аяқ істеп жатырмын, шешем мен екеуің атам кұсап қартайғанда, сендерге тамақты осы аяққа құйып беремін»- дейді.

Бұл сөзді естіп, шалдың баласы ұялып, әкесін бөлек отырғызып тамақ беруді қояды

(Атаңа не қылсаң. алдыңа сол келер)



ІІ топ. Шибұт, Қылмойын, Қарынбас.

Қарынбас, Қылмойын, Шибұт үшеуі жолдас екен. Бір күні бұлар бір тоқты ұрлап сойыпты. Тоқтыны бұзып, етін қазанға салайын деп жатады. Қарынбасқа жынын төгіп кел деп қарынды беріпті.

Қарынбас қарынды тысқа алып шығады. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, Қарынбас басын ұрып алыпты. Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан тапсырыпты.



Қарынбас қалайша кешікті деп, Шибұт далаға шығады. Өліп жатқан Қарынбасты көре салып;

Әй, Әттеген-ай!- деп екі қолымен санын салып қалады. Сол кезде шибұты шырт етіп, ол да мүрдем кетіпті.Шибұттың даусын естіп,Қылмойын жүгіріп шығады. Өліп жатқан екі жолдасын көреді де;

- Ойбай! Бауырым-ай!- деп дауыстай бергенде қыл кеңірдегі үзіліп кетіпті

(Ұрлық-түбі қорлық)



ҮІ кезең «Ол кім? Бұл не?»

Қостанай облысында туған. Ағартушы, ақын. Қазақ балаларына арнап мектеп ашқан. Ол кім? Ыбырай

Тұңғыш әліппе оқулығын жазған. Ғалым, ақын. Ол кім? А. Байтұрсынов

Білім бұлағы, одан сен көп білім аласың, іші толған асыл қазына. Бұл не? Кітап

Күзде түрлі түске боялады, қыста мүлдем болмайды, ағаштың киімі. Бұл не? Жапырақ

Ұлы ақын, жылдың төрт мезгілін жырлаған, Семей өңірінде туған. Ол кім? Абай

Тәуелсіздік жолында мерт болған. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан қайсар рухты қазақ. Ол кім? Қ. Рысқұлбеков

Ол зат өнерлі адамның қолына түссе сайрай жөнеледі, ән, күй төгіледі, қазақтың әр үйінің төрінде ілулі тұрады. Бұл не? Домбыра





Болашақтың іргесін қалайтын ,

Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматшалар сендерсіңдер. Еліміз сендердің болашақтарыңнан зор үміт күтеді. Тек биіктен көрінулеріңе тілектеспіз.

Жалпы қорытындыны хабарлау үшін сөз кезегін әділқазыларға береміз.

Жүргізуші:

Білімділік пен ізгілікті бойымызға дарыта берейік.

Сендерге әрдайым биік белестер тілейміз!

Марапаттау.









Сыныптан тыс жұмыс Тапқырлар тартысы 2-сынып



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал