7


Спорт 1 - 4 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Ақшат бастауыш мектебі





«ТОЛАҒАЙ»

70 жылдыққа арналған спорттық жарыс



Өткізгендер: тәлімгер Құрақбаева К.Е

2014-2015 оқу жылы



Мақсаты: Оқушылар бойында патриоттық сезімдерін ояту, Отанын сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу.«Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекі құралдар: Толағай жазуы, спортқа байланысты нақыл сөздер, жалауша, кедергілер, шарлар.ҚР мемлекеттік туы, Гимн



Спорттық құралдар: Спорттық құралдар, доп, орындық,шелек, қасық т.б құрал жабдықтар.



Өту барысы:

Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! Жеңісіміздің 70 жылдығына қарсы бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» спорттық әкелер мен балалар сайысына қош келдіңіздер!

1 команда: МАД

2 команда: 1 класс

3 команда 2 класс

4 команда 3 класс

5 команда 4 класс

Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.Мектеп меңгерушісі- А.Қ. Ешмағамбетова

2. Мектеп психологы - Д.К. Танатарова

3. Ата - ана -



Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен-тек жоймайық!

Ойнайық, ойнайық та ойлайық!

Күшімізді көрсетейік, сынайық!

Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық,

Қаймықпай, көңілді болып тарайық!

Бүгінгі спорттық сайыс 7 конкурстан тұрады.

1. «Желаяқтар» сайысы

2. «Футбаскет» сайысы.

3. «Қапшық» сайысы.

4. «Мұртты кенгуру» сайысы.

5. «Пингвин» сайысы.

6. «Алтын қасық» сайысы

7. «Тар жол» сайысы

1 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

2 конкурс: «Футбаскет» сайысы.

Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады.

Қайтар жолда жүгіріп келу керек. (Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

3 конкурс: «Қапшық» сайысы.

Қаппен секіріп барып, секіріп қайтады

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Қапшық» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

Ұрпақ керек ертеңгі алда,

Болашақты болжайтын.

Дені таза, тәні таза,

Елін, жерін қорғайтын!

4 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші

жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп келеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

(Берілген бағалар тыңдалынады)

5 конкурс: «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре

сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады)

Денсаулық-басты байлық өмірдегі,

Нәр беретін асыл ғой көңілдегі.

Салауатты өмір салтын насихаттап,

Атанайық жақсы азамат өңірдегі.

6 конкурс: «Алтын қасық» сайысы.

Қасық ішіндегі суды төкпей келесі бос шелекке апару.

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Алтын қасық» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады

7 конкурс: «Кім жылдам» сайысы.

Алма жеу. (Әкелері мен балалары)

(Ойыншылар жарыса бастайды)

Әділ қазылар: Ал енді «Кім жылдам» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.(Берілген бағалар тыңдалынады

Әділ қазылар: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі - салауаттылық. «Толағай» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау, еліміз тыныш, елбасымыз аман болсын ағайын!

1-жүргізуші:

«Толағай»

Біз толағай, біз толағай,

Тау көтерген баладай.

Ұмтыламыз жеңіске,

Қиындыққа қарамай.

Алға достар, бастаңдар,

Ақ көңілдер аспандар.

Бас иеді біздерге,

Асу, асу асқарлар,

Қ-сы: Толағай, Толағай, Толағай! (хормен)

Қорытынды:

Уа, халайық назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған Ұлы Абай данамыз да.

Құрметті бүгінгі сайысымыздың қонақтары! Сіздерге сайысымызға келгендеріңе көп-көп рахмет! Осымен «Толағай» әкелер сайысы өз мәресіне жетті. Жеңістеріңіз құтты болсын! Әр уақытта ел аман, жұрт тыныштықта жолыққанша сау - саламатта болыңыздар!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал