7


Тақырыбы: Сәлем сөздің анасы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сәлем - сөздің анасы.



Мақсаты: 1. Оқушыларға сәлемдесу туралы мәлімет беру, оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру.

2. Ұлттық салт - дәстүрмен таныстырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

3.Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, жолдастық сыйласымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу.



Көрнекілігі. Нақыл сөздер, мақал -мәтелдер, шарлар, гүлдер.



Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі.



Мұғалім: Балалар, бүгін біз ата дәстүрі, оның ішінде ең адамға керектісі деп ойлаймын, сәлем беру, сәлем алу, сияқты қасиетті сөздермен танысамыз. Тәрбие сағатында білгендерімізді ортаға саламыз, білмегендерімізді үйренеміз.



Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты түрлері бар.



Сәлемдесу - кездескен адамдардың бір -бірінің амандығын біліп, қуанышқа бөленуі. Бір -біріне аман - саулық тілеп тілектестігін, ниеттестігін білдіреді.



Әрбір адам « қайырлы таң», « қайырлы күн », « қайырлы кеш » деген сөздермен амандасуға тілек пен ізеттілік нышанын көрсетіп, тәуліктің үш мезгілін де бір - бірімен ақжарқын амандасуға тиіс.



Амандасу -- адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.



« Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені,

Жақындықтың белгісі - келіп -кетіп жүргені » ,- деп халқымыз бекер айтпаған болар.



Келесі сөз кезегі балаларда.



1 -оқушы:

Ата -ананың тілегі -

Адам болып өскенің.

Адамдықтың белгісі --

Адал болып өскенің.



2- оқушы:

Әдептілік дегенің-

Әрқашанда керегің.

Әсемпадық дегенің-

Әуре - сарсаң әлегің.



3 -оқушы:

Тәртіпті бала - сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді.

Тәртіпсіз бала - күйініш,

Төмендеп басың кетеді.



4 - оқушы:

Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа.

Үлкен болған кезінде,

Сыйлы болмақ өзі де.



5- оқушы:

Атам маған әманда

Кішіпейіл бол деген,

Ата сөзі санамда,

Мақтанбауды жөн көрем.



6-оқушы:

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең.

Ізетімен кішінің.

Сәлемдесіп қол берем.



7-оқушы:

Атам маған әманда,

Әдепті жан бол деген,

Ата сөзі санамда,

Жасы үлкенге жол берем.



8-оқушы:

Көршілерді көргенде

Сыйлап сәлем беремін.

Әдепсіз деп сөкпесін,

Анама айтып өкпесін.



9-оқушы:

Анам маған: - Үлкенді сыйла, сәлем бер, - деген.

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.





Мұғалім: Әдептілік - үлкенді сыйлау , кішіге қамқорлық жасау, кез -келген жас ұрпақтың бойында қалыптасқан ерекше қасиет.



1-оқушы:

Үлкенге сәлем беру --кіші адамның міндеті.





2-оқушы:

Қазақта « Алыстан алты жасар бала келсе , ауылдағы алпыс жастағы қария сәлем береді » деген әдеп бар.



3-оқушы:

Сәлем беру имандылық, инабаттылық, әдептілік, көргендіік болады.





Мұғалім:

Балалар сәлемдесудің бірнеше түрлері бар.Мысалы: қол беріп, төс қағыстырып, иіскеп, көзден сүйіп, маңдайдан сүйіп, қол беріп амандасу.

Енді осы сәлемдесулерге жеке -жеке тоқталайық.





Қол беріп амандасу -- шынайы ізгі ниетті білдіреді. Қол беріп амандасқанда бетті бөтен жаққа бұрып, немесе теріс қарап амандасуға болмайды. Теріс қарап амандасу менсінбегендіктің белгісі.







Төс қағыстырып амандасу-ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын білдіреді. Бір - біріне сенетін жігіттер ғана осылай амандасады.







Қолдан сүйіп амандасу -- әжелер бен апалардың жеткіншектердің, жас өспірімдердің қолынан сүюі.Қолдың тек сыртынан ғана сүйеді. Алақаннан сүюге болмайды.







Көзден сүйіп амандасу -- әжелер немесе апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.







Иіскеп амандасу -- қариялар ., ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.







Маңдайдан сүйіп амандасады-үлкен адамдар кішкентай балалардың жеткіншектердің маңдайынан сүйіп амандасады.







Қол алысу әрқашанда достықты білдіреді және екінші адамның қолын ауыртпайтындай қысу керек. Қолды селқос , сұлық ұсыну дұрыс емес. Тамақтанып отырған кезде , ас үстінде қол ұсынбайды.





Ұл балалар үйге кірген де сәлем берумен қатар бас киімін шешіп қолына алғаны дұрыс.







Не деу керек? өлеңі





Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді,

Ең үлкенін, жақсысын,

Саған таңдап әперді.

-- Не деп барып жеу керек ? Рахмет!





Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай,

Сенде шықтың көршіңді,

Қағып кеттің байқамай.



---Мұндайда не деу керек ? Кешіріңіз!





Әжең сенің түскі асқа

Қант -кәмпит салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа,

Өз бетіңмен салдың қол.



--Жөн еді не айтқаның ? Рұхсат па?







Добын апар Назардың

Деді ағаң, бармадың.

Тапжылмадың , сазардың,

Аға тілін алмадың.



--Сен қай сөзді айтпадың ? Жарйды!





Осы келген бетіңде

Допты қудың жарыстың .

Көшенің сол шетінде

Кезікті бір танысың

Не деу керек?



-- Сәлеметсіз бе? Сәлеметсің бе ?





Мұғалім:

Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы сыйлап , алдынан қия өтпеу - ата дәстүріміз. Кішінің үлкенге алдымен сәлем беруі сол дәстүріміздің алғашқы қағидасы. Қарттарға амандасудың қарапайым түрінде қаншама қамқарлық, әдемі жарастық жатыр десеңші!



1. Ақсақал мен жігіттің амандасуы

Жігіт:Ассалаумағалейкум, ата!

Ата: Уағалейкумассалам, балам!

Жігіт:Деніңіз сау ма? Аман -есенсіз бе?

Ата: Құдайға шүкір, балам . Тәңірдің берген ырыздығын жеп жүріп жатырмыз.



2. Қарт әже мен қыз баланың амандасуы:

Қыз:Армысыз , әже?

Әже. Бар бол, балам!

Қыз:Үй іші, бал - шағаңыз аман ба?

Әже:Тәңірге тәуба, барлығы күйлі - қуатты, аман -есен.





1-оқушы: Кездескен кезде кіші адам үлкен кісіге сәлем бермей кетсе, ол әдепсіздік, көргенсіздік болады.



2-оқушы: Қазақ халқында егер үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да, кіші адам оған сәлем беруге міндетті.





Мұғалім:

Мектептен шығысымен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан үлкен кісі шықты, сен не істер едің?



Оқушы:

Үлкен кісімен амандасып, жол берем.



Мұғалім:

Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырғанда не істеу керек?



Оқушы:

Үлкендердің сөзін бұзып әңгімеге араласпаймын.



Мұғалім:

Автобус немесе троллейбуста бөтен адамдарды көргенде не істейсің?



Оқушы:

Үлкен кісіге әрдайым орын берем.



Мұғалім:

Үлкен кісімен қалай сөйлесу керек?



Оқушы:

Үлкен кісімен « Сіз» деп сөйлесемін.







Қандай жағдайда сәлем беруге болмайды:

1. Ұйықта жатқанда

2.Моншаға түскенде

3.Намаз оқығанда

4.Азан шақырғанда

5.Дұға оқығанда

6.Әжетханада отырғанда

7.Ауызға ас шайнап отырған да

8. Құран кітабын оқаығанда





Әдептілік туралы мақалдар айтқызу.



1. Сіз деген әдеп, біз деген көмек.



2. Әдепті бала арлы бала,

Әдепсіз бала сорлы бала.



3.Әдепті бала ата -анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата -анасын қақсатар.



4.Әдептілік белгісі - иіліп сәлем бергені.





Мұғалім: Гимназияда қай тілдер оқылады?

Оқушылар: Орысша, ағылшын және өз ана тіліміз оқылады.

Мұғалім: Сол елдердің бір - бірімен қалайсәлемдескеніне куә болайық.



1.Мұсылман халқы:

- Ассалаумағалейкум. ( Сізге Алланың нұры жаусын деген сөз.)

- Уағалейкумассалам.( Алланың нұры маған бір жауса сізге екі есе жаусын деген сөз.)



2.Арабтар.

- Асалаумағалейкум.( Саған тыныштық тілеймін)

- Ва баракатуху ( Сізге де тыныштық болсын және Алланың рахымы түсіп, береке берсін.)



3.Орыстар.

-Здравствуй. ( Құшақтасып үш рет алма -кезек сүйісіп амандасады.Денінің саулығын сұрасады.)



4.Француздар.

-- Вон жур. ( Маңдайдан сүйіп амандасады.)



5. Ағылшын.

- Хауду юду. ( Беттерін тигізі амандасады)



6. Жапондықтар.

-Бір- біріне иіліп, екі қолын қусырып,басын шұлғып, белін бүгіп,жымия күледі.)



7.Ауғандар.

- Алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді.

Бұл басымыз аман болсын дегені.



8.Қытай.

Өз қолын - өзі қысып амандасады.

  • Бүгін тамақтандыңы ба?

  • Қарныңыз тоқ па? деп сұрағаны.\



9.Тибеттер.

Тіптен қызық бір - бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады.



10. Орта және Кіші Азия мен Африкада мұсылман жалықтары ертеде қолын жүрегінің басына апарып тағзым ету арқылы амандық рәсімін жасаған.



11. Үнді.

- Екі алақанды түйістіріп, қолын маңдайына тигізеді.





Ы.Алтынсариннің « Әдеп» әңгімесінен көрініс.



Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата - аналар, оқушылар « Сәлем -- сөздің анасы» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерге көп- көп рахмет.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал