- Учителю
- Жанғыш пайдалы қазбалар сабақ жоспары
Жанғыш пайдалы қазбалар сабақ жоспары
Күні:
Тақырыбы: Жанғыш пайдалы қазбалар
Мақсаты: Жанғыш пайдалы қазбалар және олардың пайдасы мен зияны туралы түсінік беру.
Жанғыш пайдалы қазбалар туралы ой-өрісін дамыту, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.
Оттан абай болуға , достыққа, ержүрек болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Суреттер, көмір, бензин
Сабақ түрі:Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, баяндау.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Пайдалы қазбалар.
ІІІ. Өткенді қорыту: Пайдалы қазба аталу себебін айт. Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар?
Шойын қалай өндіріледі? Болат ше? Пайдалы қазба аталу себебін айт. Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар? Шойын қалай өндіріледі? Болат ше?
Қара металдан қандай металдар қорытылып алынады?
Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.
Мазмұнын сұрау, дәптерлеріндегі тапсырманы тексеру.
Сонымен, түсті металдардың қандай кені бар? Түсті металдың ішіндегі ең көп көргендерің қайсысы? Мыс, алюминий,қорғасын,мырыштан не жасалады?Картадан шартты белгі бойынша түсті металдарды тауып, оны қорғау.
ІҮ. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбы мен мақсатын хабарлау
Ү. Жаңа сабақты түсіндіру:
Пайдалы қазбалардың қандай түрлерімен таныстық?
Қара металл, түсті металл, жанғыш пайдалы қазбалардағы ұқсастық пен айырмашылықты кім айтып бере алады?
Жанғыш пайдалы қазба деп неге атаған? Оларға не жатады?
Жаңа сабақты түсіндіріп беру. Тас көмір,мұнай,газ туралы толық мәлімет беру.
Тас көмір үш түрде кездеседі. Ең сапалы түрі антрацит,кәдімге тас көмір, қоңыр көмір. Антрацит металл қорытуға пайдаланатын көмір, қызуы жақсы болғандықтан арнайы металл өңдейтін зауыттарға жібереді. Ол шымқай қара түсті, қолға жұқпайды, металл сияқты жылтырап тұрады.
Ал қара көмір антрациттей жалтырамайды, қызуы да кемірек.
Қоңыр көмір мүлде жалтырамайды. Жылуы аз, оңай үгіледі, бықсып жанады,күлі көп қалады.Жергілікті отын ретінде пайдаланады.
Мұнай-майлы ,қоймалжың зат. Қошқыл қоңыр, қара көк, кейде қызғылт сары, тіпті ақ түсті де бола береді. Оның иісі жермай (керосин) иісіндей болады.
Жанғанда қызуды көп береді, күл қалдырмайды,түгел жанып кетеді.
Газ мұнай сияқты отын және химиялық шикізат ретінде пайдаланылады.
Елімізде мұнай мен газға Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегі өте бай. Ембі мұнайы майлылығы жөнінен дүние жүзінде 1-орын алады. Одан ең ірі аспаптарды майлайтын май алынады.
Картада мұнай-газ кен орындары, көмір кен орындары көмір- қара шаршымен, мұнай -қара түсті мұнара,ал газ -ақ түсті мұнарамен белгіленеді.
Сарамандық жұмыс.
Картадан жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақтарды көрсету.
Оқулықпен жұмыс. Дауыстап тізбектей оқыту.
Дәптермен жұмыс. Күн ретін,ауа райын жазу.
Жанғыш пайдалы қазбалар өндірілетін аймақ атауларын жазу.
VI. Түсінгендерін тексеру:
Сөзжұмбақ шешу.
Көлденеңінен:
-
Металл мен оның қоспалары алынатын тау жыныстары
-
Ағынды су
-
Сұйық отын
-
Майлы мұнай қай қалада өндіріледі?
-
Ең сапалы көмір
Тігінен:
-
Температура мен қысым жоғары болғанда жер астындағы шымтезек неге айналады
-
6.
К1
е
н
Ө2
з
е
н
М3
ұ
н
а
й
4
Е
м
б
І
А5
н
т
Р
а
ц
и
т
Жанғыш пайдалы қазбаға не жатады?
Тас көмір қалай пайда болады? Өңдеу арқылы қандай заттар алынады? Тас көмірді қайда пайдаланады? Мұнай-газ кен орны деп нені айтады?
Газ кен орны мен мұнай -газ кен орнының айырмашылығы неде?
Өндіріс орындары пайдалы қазбаларды өндіруде зиянды жақтарын ойлап , не істеу керек?
VІІ. Қорытындылау:
Мұнай мен газ күнделікті тұрмыста қайда пайдаланылатыны туралы айт. Қазақстанда ең алғаш «отқа жанатын қара тасты» кім тапсты? Бүгін не білдік? Не үйрендік?
VІІI. Үйге тапсырма: 32-35 бет түсініп оқу, мазмұндау. Дәптерге көмір түрлерін,көмір кен орнын ашқан адамды, мұнайдан алынатын заттарды жазуға.
ІХ. Бағалау