7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты: Ерлік - ел мұраты 2- сынып

Тәрбие сағаты: Ерлік - ел мұраты 2- сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ерлік-ел мұраты

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға Ұлы Жеңістің қаншалықты

қиыншылықпен келгенін түсіндіру.

2) Елін, жерін, Отанын қорғауға, оны сүюге

тәрбиелеу. Патриоттық сезімге баулу.

Көрнекіліктері: Ұлы Жеңіске арналған ерлік туралы нақыл сөздер,

Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері.





Барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім





1-жүргізуші:

  • Жеңіс үні (Сапарғали Бегалин)

  • Естідім-ау жеңіс үнін,

Дүрілдейді көк пен жер.

Қуанышпен қағып күлім,

Ойнақтайды қуанған ел.

Шықты ойнақтап жас ұландар,

Мәз-мейрам боп күліп сақ-сақ.

Қуанышты барлық жандар

Жеңіс атты жетті алтын шақ.

2-жүргізуші:

Жеңіс күні адамзат аңсап күткен күн, Жеңістің туын тіккен-1945

жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.





1-жүргізуші: Жеңіс күні бұл күн өмірді сүйер адамзат қауымының есінен мәңгі кете ме? Бірақ бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ.





1-оқушы: Гүлім

Гитлершілдер соғыстың бас кезінде 190 дивизияны, 5 мыңдай самолётті, 3700-дей танкті, 50 мыңдай орудие мен минометті шабуылға шығарды. Жерімізге басып кірген әскерлерінің жалпы саны 5,5 миллион адамға жетті.





Мұғалім: Балалар, осынау сұрапыл соғысқа Кеңес Одағының басқа да Республикаларымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне біздің Қазақстан да өзінің лайықты үлесін қосты.

Даңқты Қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамында

1 миллион 870 мың қазақстандықтар болған. Біздің халқымыз Александр Матросов ерлігін қайталаған батыр Сұлтан Баймағамбе-

товтың, қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметованың жау жолбарысына қас қақпай қарсы шауып , граната-

мен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен атайды.





2-оқушы: Диас /Сағи Жиенбаев/

Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін

Жанып түскен ақ жұлдыз.





3-оқушы: Жарас

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәмәрдан.





4-оқушы: Назғаным Мәншүк /Сәду Машақов/

Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзден,

Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың.

Қаптаған қалың қалың жаудан тайсалмаған

Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.





5-оқушы:Жарас

Қасында пулеметші «Максим» оның,

Бойында күш-жігері тасқын оның.

Ерлермен тізе қосып шабуылда

Осымен қырғын майдан ашты жолын.

1-жүргізуші: Халқымыз Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметпен есте сақтайды.





6-оқушы: Москва /Назғаным/

Отанымның жүрегі-

Москва ұлы шаһарым.

Жау талқандап келгенде

Қауіп үске төнгенде

Бұрынғыдан мың есе

Арта түссін қаһарың.





7-оқушы: Гүлім

Қасарысты, жиырма сегіз,

Тынбай атты гранатты.

Отан! - деген отты лебіз-

Жандарынан жалын атты.





8-оқушы: Диас

Кетпес олар естен мәңгі,

Кектері тұр кеудемізде.

Ерлік даңқы - жеңіс таңы

Жарқыратты келді бізге.





2-жүргізуші: Жеңіс тарихында асқан ерлікті бейнелейтін бұл ұрыста 28-панфиловшылардың 23-і қаза тапты, ал 28-дің 22-сі қазақстандықтар еді.

Хор: «Көгершіндер» әні.





9-оқушы: Жарас

Ұлы Жеңісті жақындата түсу үшін жау тылында ел кегін, ер намысын қорлаған партизан жасақтарында 3000-нан астам жерлестеріміз шайқасқан еді.













10-оқушы: Ата жаумен айқастық Бекнұр /Жамбыл Жабаев/

Асқар таудай еліме,

Байтақ жатқан жеріме

Шапты фашист дегенде:

Ашуменен аралас

Жыр да келді көмейге.

Қаһар қаулап денемде!

Көз жібердім мен елге:

Сонда елімнің түрінен,

Тастай болып түйілген.

Қаһармандық аңғардым

Жау сазайын бергенге.





11-оқушы: Дала почтасы /Әбдікәрім Ахметов/

Мектептен келсем, жеңешем:

Отыра бер рахаттанып.

«Сүйінші!» - дейді не десем,

Төсінен үшкіл хатты алып.





12-оқушы:Бекнұр

Ағамнан екін майданнан,

Қуандық қандай күн-түні.

Шешемнің хатты «айналған»,

Жуылды жаспен кірпігі.

Содан соң...

Жеңіс келді де,

Жеңімпаз қалды Берлинде

Үшкіл хат әлі жеңгемнің

Паспортымен жүр бірге.





Мұғалім: Иә, балалар, бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқандар: Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Нұркен Әбдіров, Сергей Луганский, Жұмағали Сайын, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Мұсабек Сеңгірбаев, Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов, Сабалақ Оразалинов сияқты есімдері аңызға айналған ағаларымызды, әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.





  • Құрметті балалар, сол ағаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық /1 мин еске алу/





13-оқушы: Назғаным

Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді.





14-оқушы:

8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9-мамыр күні бұрын-соңды болмаған мың зеңбіректеп 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай оыслай келген еді.





15-оқушы: Сүйінші Жарас /Тайыр Жароков/

Сүйінші, халқым сүйінші!

Беліңді бекем буыншы,

Жеңдік жауды күйрете

Жасалған той - мереке!





ІІІ. Қорытынды:

</ Ұлы Отан соғысы адамзат баласына орасан зор қасіре әкелді. Ер азаматтармен қатар қыздарда қолына қару алып жаумен шайқасқа түсті. Сол отты жылдарда Қазақстан халқы да ортақ Отан үшін жаны мен барын берді. Елдегілер ерлер үшін жұмыс жасады. Ауыр азап, артта қалып Жеңіс күні келіп жеткенде біздің аға-апалар ерлігі тарихта мәңгі өшпестей болып жазылды.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал