7


  • Учителю
  • Әдістемелік көмек Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау

Әдістемелік көмек Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шакенова Медина Еренгаиповна

Бастауыш сынып мұғалімі

Өскемен қаласы әкімдігінің

«№26 орта мектебі» КММ

Жас маманға көмек.

Сабақтың тақырыбы: «Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау»



Мақсаты: Пайдалы қазбаларды өндіру және қорғау туралы түсінік беру; білімін, тілін дамыту; ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ.

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: 1. Пайдалы қазбалардың түрлері. - оқыту. 2. Мазмұнын айтқызу.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: 1.Сұрақтарға жауап алу. - Тау жыныстары дегеніміз не? - Тау жыныстары қандай күйде болады? - Пайдалы қазбалар деген не? Көмір қандай әдіспен алынады? - Жанғыш пайдалы қазбаларға не жатады? - Кен пайдалы қазбалардан не өндіріледі? - Кенге жатпайтындардан ше? 2. Қорытындылау

ІV. Мақсатын қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Пайдалы қазбаларды қорғау 1. Пайдалы қазбаларды қорғаудың мәні. 2. Пайдалы қазбаларды үшін не керек? 3. Металдардың орнына пластмассаларды пайдалану. 4. Оқулықпен жұмыс 102-104-бет оқып беру

Сергіту сәті.

VІ. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі: 1. Оқушыларға оқыту. 2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру: - Пайдалы қазбаларды не үшін ұқыпты жұмсау керек? - Оларды қорғау үшін не істеу керек? - Металл бұйымдарының орнына нені пайдалануға болады? 3. Пайдалы қазбалардың үлгісімен танысу

Тест

1. Пайдалы қазбаларға ... жатады:

а) темір кенінен алынған металл;

ә) тау жынысы;

б) техника бөлшектері;

в) жер қыртысының қатты бөлігі.

2. Құмтас деп:

а) құм аралас тас;

ә) қайралған тас;

б) құрылыс материалдары;

в) қатты тас.

3. Бос жынысқа ... жатады:

а) құм және цемент;

ә) мұнай, газ;

б) гранит;

в) құм және саз.

4. Пайдалы қазбалар 3 негізгі топқа бөлінеді:

а) пайдалы, пайдасыз, жарамсыз;

ә) жанңыш, кенді, кен емес;

б) бағалы, құнсыз, жанатын;

в) металл, тау жынысы, «қара алтын».

5. Кен орны деп ... айтады:

а) пайдалы қазбалардың шоғырланған жерін;

ә) пайдалы қазбаларды өндіру әдістері;

б) пайдалы қазбаларды өңдейтін жер;

в) тау жыныстарының қосындысын.

VІІ. Бекіту кезеңі: Қорытындылау.

VІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1. Пайдалы қазбаларды қорғау - оқып түсінгенін айту. 2. Бағалау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал