7


  • Учителю
  • Открытый урок на тему 'Құсты бейнелеу '

Открытый урок на тему 'Құсты бейнелеу '

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақты қызық етіп өткізудің сан

түрлі жолы бар. Бұл әр мұғалімнің білім

деңгейімен, тәжірибесіне,

ойлау қабілеті мен шеберлігіне

байланысты. Мен өз тәжірибемде

сабақты жандандыра өту үшін, түрлі әдіс-тәсілдермен қатар, пән аралыцқ байланыс жасаудың жолдарын іздестіріп отырамын. Басты мақсатым - оқушыларды белгілі тақырып бойынша шығармашылыққа баулу. Осы іс-тәжірибемді «Білім шуағы, Білім.КZ» үнқағазы арқылы әріптестеріммен бөліскім келеді.

Талас ауданы, Майтөбе ауылы, А.Дәулетбеков атындағы орта мектептің мұғалімі К.Тұрлыбек


Сабақтың тақырыбы: «Құсты бейнелеу »


Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Құстардың суреті бойынша әңгімелеуге, ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып оқушыларға сұрақ қоя арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, құстарды бейнелеуге баулу.


Дамытушылығы: Оқушылардың танымдылық белсенділігін артыру, сөздік қорларын молайту, графикалық қабілетімен дағдыларын және саусақ қыймылдарын жетілдіруге, ойлау әрекетін дамыту.

Тәрбиелігі:. Балаларды мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелей отырып,табиғатты қорғау,экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: Жаңа технологияның ойын элементерін пайдалана отырып аралас сабақ жасау.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрсету.


Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері,жаратылстану.


Сабақтың көрнекілігі: Құстар суреттері, буклет. Графикалық суреттер


Керекті құрал-жабдықтар: тущь, кір сабын, балауыз, ине, жай карандаш, А-3 формат қағаз.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың білік дағдылары қалыптасады, тақырып мазмұнын меңгереді.


Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Жаңа сабақ.

Қорытынды.


І.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа көңілдерін аудару, түгендеу.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Линогравюра жасауды қолданылатын құрал жабдықтар.

  1. Графика түрлерін атап бер.

  2. Линография дегеніміз не?

  3. Офорт дегеніміз не?

  4. Кітап графикасына үлес қосқан суретшілерді ата?

  5. Линогравюра құралы не?

  6. Оқушы жұмыстарын салыстыру, тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

Балалар , үй тапсырмасы бойынша линогравюра жасауда қолданылатын құрал жабдықтар туралы мағлұмат алдық.


Сабақтың мақсатын айқындау.

Оқушыларды сабақ мақсатымен таныстыру.

Сол мақсатты бірге орындауға шақыру.


IV. Жаңа сабақ.


Олай болса бүгінгі сабағымыз «Құстарды бейнелейік»

Жер бетінде құстар өте көп, тек біздің елімізде ғана құстардың мыңдаған түрі кездеседі. Олар ауылда, қалада, тауда, далада, су қоймаларында барлық өңірде тіршілік етеді. Құстар адамға пайда әкеледі. Құстар болмаса , зиянкес жәндіктердің кесірінен егін шықпай қалды, өсімдіктерге зиян келіп өспей қалады

.

Балалар мына құстарға назар аударайық, осы құстар жайлы не білеміз, балалар өз ойларын айтады.


  1. Тоқылдақ

  2. Сауысқан

  3. Үкі, Аққу

  4. Бұлбұл

  5. Бозторғай

  6. Көкек

  7. Торғай

  8. Қарға


.V. Құстардың салыну әдісін көрсету.


  1. Жұмыстың жасалу жолын үйрету.

  2. Құс суретін салу, штрихтау.


І кезең ІІ кезең

VI. Ойға шақыру : (ұжымдық жұмыс)


Олай болса:


Адамның досы Қорегін өзі табады

Зиянды

жәндіктерді

жейді. жабайы



Жұмыртқалайды

Ұшады Тірі табиғат


VII. Сергіту сәті:

Жұмбақтар шешу.

  1. Барық жемін бітеудей асайды.

Әйтсе де ұзақ жасайды.(құстар)


  1. Садақша мойынын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп,

Жұзгенде көлдің сәні өзі

Жердегі құстардың еркесі (Аққу)


  1. Қайталап атымды,

Көктемде ән салам

Кез келген ұяға,

Жұмыртқа саламын (көкек)


  1. Бір құс бар, үлпілдеген жүні жұмсақ

Тұяғы бейне болат алмас пышақ

Тұмсығы имек, көрмейді күндіз көзі,

Шарықтап көкті кезіп, түнде ұшады. (Үкі)

VIII. Оқушылардың өзіндік жұмысы:


Аққағазды дайындап құстың бейнесін салу,штрихтау.

Қағзға үйлесімділігін ескеру.

IX. Шығармашылық жұмыс:


Құстар жайлы өлең құрастыру, эссе жазу.

--------------------------------торғайды

--------------------------------болмайды

--------------------------------торғайлар

--------------------------------қорғайды


Құстар -табиғаттың бір бөлігі.Олар адамның досы, табиғат емшісі. Балалар оларды қорғайық.


X. Қортындылау:

  1. Өсімдіктерді ,гүлдерді жұлуға болмайды.

  2. Құс ұясындағы балапанды ұстауға болмайды.

  3. Құстарға қамқорлық жаса, көктемде үлкендердің көмегімен ұя жаса


XI. Жаңа сабақты бекіту

Сөзжұмбақ « Құс »

Қ

Ұ

С


  1. Сурет салатын заттың аты

  2. Құстың аты

  3. Бейнелеу өнрінің түрі


XI. Бағалау:

Балалар қағаздағы еңбектерін үйлесімділігіне қарап өздері бағалайды.


Оқушының жұмыстары

Үйге тапсырма: Құстардың суретін штрихтау.

Талас ауданы әкімдігінің білім болімі

Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектеп.



Ашық сабақ


Тақырыбы: «Құсты бейнелеу»


Сыныбы: 5а


Бейнелеу өнері , сызу пәні мұғалімі: Қ. Тұрлыбек.

2015 жыл



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал