7


  • Учителю
  • Ашқ сабақ 'Төрт түлік туралы жырлар'

Ашқ сабақ 'Төрт түлік туралы жырлар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ашық сабақ. Әдебиеттік оқу 3 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар. Торы құлын. Сиыр.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділігі: оқушыларға төрт түлік малдың төлдерінің атауларымен таныстыру, төрт түлік мал туралы түсініктерін одан әрі кеңейтіп, сабақ барысында сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылығы:
Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту. Төрт түліктің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын, ой өрісін, іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелігі:
Оқушыларды төрт түлікке деген құрметке, еңбексүйгіштікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі мен жабдығы: интерактивті тақта, төрт түліктердің суреті, суреттер, тапсырмалар, ойын түрлері.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой - қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу, әңгімелеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
1) Психологиялық дайындық
- Балалар, кәне, бәріміз шаттық шеңберіне тұра қалайық. Біздің көңіліміз қай кезде көтеріледі? (сыйлық алғанда, ойнағанда, ата - анамыз еркелеткен кезде)
- Ал, ендеше балалар, бір - бірімізді еркелетіп көңілімізді көтеріп көрейікші.
(Ақылдым сол, қошақаным менің, құлыншағым, томпағым сол, ботақаным, алтыным менің, ай - күнім, әдемісің өзің, жарығым, періштем, әнім - сәнім сол, құндызым, жұлдызым)
2) Топқа бөліну
- Балалар бүгін біз сабақта топпен жұмыс жасаймыз.
Үстел үстіндегі қима қағаздарды алып, әр бала өз орнын тапсын.
1 - топ мысалдар.
2 - топ мақал - мәтелдер болып бөлініп отыра қалайық. Әр топ өз топ басшыларын сайлап алсын. Әр топ басшысына бағалау парағын беремін. Балалар тізімін жазып, тапсырмалар бойынша бағалап отырасыңдар.
ІІ үй тапсырмасын сұрау.
 Ал, енді, балалар ұяшықтарды таңдай отырып, үй тапсырмасын еске түсірейік. Бірінші ұяшықты кім таңдайды?
 Егер сендер, үй тапсырмасына толық жауап берсеңдер, жаңа сабағымыз не жайында болатындығын білесіңдер?
10 - ұяшық. Бесік жырының тәрбиелік мәні неде?
20 - ұяшық. Бесіктің қандай пайдасы бар?
30 - ұяшық. Бесік жырынан үзінді айтып бер.
40 - ұяшық. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін ата.
 Ал, енді балалар тақтада қандай сурет шықты? Бұларды бір сөзбен қалай атайды? (Төрт түлік)
ІІІ - Жаңа сабақ Төрт түлік жырлары. Торы құлын. Сиыр.
- Төрт түлік жайлы не білетініміз жөнінде, ой қозғап көрейік.
Қазір «Төлін тап» ойынын ойнайық.
 Жылқы төлін қалай атаймыз? Түйе төлі....., Қой төлі..., Сиыр төлі... «Дауысынан ажырат» ойынын ойнайық.
 Балалар бұл ненің дауысы? Тыңдап көрейікші.
 Жақсы ( кісінейді, боздайды, маңырайды, мөңірейді).
 Бұл ненің дауысы екен, түйенің дауысын естіп көріппе едіңдер? Бұл ерекше дауыс түйенің боздағаны екен.
• Енді балалар топпен жұмыс жасаймыз. 1 - тапсырма
 Балалар, қазір мен екі топқа тапсырма беремін.
1 - топ: бұзауқан, ботақан, қошақан, құлыншақ деген сөздер сендерге қандай ой туғызады. Бұл сөздер туралы қандай ой қозғай аласыңдар.
2 - топ: Балалар, малдың иесі, пірі деген сөздер қандай ой туғызады? Бұл сөздер туралы қандай ой қозғай аласыңдар.
3 мин уақыт беріледі. Қай топ дайын? 1 - топтан кім сөйлейді?(Ауызша, жазбаша)
 Балалар, жақсы ой, тамаша пікірлеріңмен бөлістіңдер. Мен сендерге ризамын, жарайсыңдар?
Оқулықпен жұмыс: 2 - тапсырма
Ал енді, оқулықтарыңды ашып, 1 - топ «Торы құлын» өлеңін, 2 - топ «Сиыр» өлеңін іштей оқып шығыңдар. Балалар сендерге түсініксіз сөздер кездессе қарындашпен түртіп қойыңдар. 1 мин уақыт беріледі.
Әр топтан бір оқушы тұрып, мәнерлеп оқып берсін.
- Кәне 1 - топтан кім оқиды? Балалар, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті. (Жұп - жұмыр, бұлтиып)
1 - топ: Жұп - жұмыр - тып - тығыз, тығыршықтай терісі тартылып тұр, артық ештеңесі жоқ, сымбатты, сұлу.
Бұлтиып - еркелеген бала сияқты, томпиып, бұртиып тұрған тұрысын айтады.
2 - топ, сендерге қандай түсініксіз сөздер кездесті?
(Оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген деген қандай сөздер?)
- Бұл сөздердің мағынасын білетін балалар бар ма? Кәне кім біледі?
Сөздік жұмысы:(репортаж мал дәрігерімен)
Сәйгел, оқыра - жаздың ыстық күндерінде сиыр малына тиетін сона тәрізді жәндік.
Сәйгел - қуған сиырларда ес жоқ, құйрықтарын шошайта, көздерін шатыната тым - тырақай қаша береді, мөңкиді, жөңкиді, ашуланшақ болады.
Оқыра - сиыр терісінің астында өсіп жетілетін құрт және осы құрттан пайда болатын сәйгел. Ыстық - суыққа бірдей шыдамы жоқ сиырлар даладан оқыра қуып келсе, ауылда да тыныштық таба алмайды.
Мөңку - тулағыш, ашуланшақ, басын төменге жіберіп, артқы аяқтарын жоғары көтеріп тебінуін мөңку деп айтады.
Жөңку - үріккен мал, жосу, жүйтку, жекелену, кең далаға сыймай кету.

Сергіту сәті:
 Ал, балалар, орнымыздан тұрып, біраз сергіп алайық.
Дәптермен жұмыс:
 Сәйгел, оқыра сөздерінің мағынасын дәптерге жазып алайық.
Сәйгел, оқыра - сиыр малына тиетін сона тәрізді жәндік.
3 - тапсырма:
 Қазір мен екі топқа тапсырма беремін.
1 - топ сендердің тапсырмаларың тақтада құлынның мүшелері баған түрінде жазылған, сендер теңеу сөздерді тауып тұсына жазасыңдар.
Алдарыңда кесте жатыр, сол кесте бойынша жұмыс жасайсыңдар.
2 - топ ал сендердің тапсырмаларың суретке қарай отырып, сиыр малын сипаттау.
2 мин уақыт беріледі.
 Ал, енді, балалар өз жауаптарыңды тақтадан тексеріңдер.
Мүйізі... (айдай иілген, найзадай)
Танауы...(көкке шүйірген )
Желіні...(тырсиып сүтке толып тұр)
Күйі...( семіз, күйлі, бүйірі шығып ыңқылдап)
Тілі...(ұзын, шөпті орып, күйзеп жеп тұр)
Түсі... (ала, қарақасқа, қызылала)
IV. Сабақты бекіту:
4 - тапсырма:
- Ал енді балалар, сиыр мен жылқыдан алынатын өнімдер кестесі бойынша жұмыс жасайсыңдар.
1 - топ сиыр малынан алынатын өнім,
2 - топ жылқы малынан алынатын өнім туралы жазамыз, 3 мин уақыт беріледі
(3 бағанын жеке - жеке, 3 балаға оқытамын)

Сиырдың сүтінен әзірленетін тағамдар Сиыр малынан алынатын өнімдер Сиырдың етінен әзірленетін тағамдар
Қаймақ, айран Мәсі, кебіс, етік, шалбар, белдік Қимай, шұжық
Құрт, ірімшік Қалқан, торсық, саба Бесбармақ,
Май, кілегей Тұлып, ішік, тон, сүйегі - тарақ мипалау
сүзбе Дабыл, таспа, қайыс, қапшық қуырдақ
қатық Шідер, жүген, айыл, қоржын борша
Сары су Тоқым, ертұрман, көпшік Орама, тұшпара, манты

Жылқының етінен әзірленетін тағамдар Жылқы малынан алынатын өнімдер Қымыз және оның түрлері
Қазы Жал - құйрық(қыл)- арқан жіп, сүзгі тоқу, тұзақ есу Уыз қымыз - бие бау
Қарта Қобыз шегі Бал қымыз, бесті қымыз,
Шыртылдақ - еттің сары майы Тайтұяқ аспабы, асатаяқ Дөнен, жуас, құнан қымыз
Томыртқа - еттің сорпасы Жылқы қылын терімен қаптап - көпшік, бөстек Қысырық, ту қымыз,
Қарын Тұяғы - дәрі алынады Қысыр, сары қымыз
Жал - жая Былғары - әмиян, сөмке, етік... Сірге жияр қымыз, түнеме қымыз

 Қымыз дерек көздерінен - қымыздың жасалуы және пайдалы қасиеттері (видео)
 Жалпы күш беретін сусын
 Құрамында А, В, С, Е дәрумені бар.
 Қымыз бие сүтінен(саумалдан) жасалады
 Қымыз туралы алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі 4 - ғасырда айтылған
 Скифтердің сүйікті сусыны
 Қымыз дайындау технологиясы 21 - ғасырда да сақталып отыр
 Алдымен саумал жиналады
 1 - сауу 200 мл - ге тең(жиі - жиі сауады)
 Бие күніне 4 - 6 рет сауылады
 Саумал. Ағаш ыдыс бөтен иіс пен дәмнен қорғайды
 Қор түнемел
 Пісуі: 1 - сағат, 20 - градустық жылылықта
 Қымыз жылы орында өздігінен ашиды
 Ашуы: сүтті - қышқылды
 Күштілігі: сақталу ұзақтығына байланысты
 1 - тәулікте сәл қышқыл, 2 - тәулікте қышқыл және ащы
 3 - тәулікте өте қышқыл
 Қымыздың 100 мл - і 40 килокалорияға тең келеді
 Алмада 70 килокалория
 Қымыз тез сіңеді
 Зарарсыздандыратын қасиеті бар
 Қан айналымын жақсартады
 Ас қорытуды қалпына келтіреді
 Қымыз - құнарлы сусын
V. Сабақты қорытындылау:
5 - тапсырма: Ақын болар ма екенсің?
 Өлең жолын жалғастырып көр, 3 мин уақыт беріледі
 Әр топтан 1 бала тұрып, өз өлеңдерін оқысын
( 1 - топ Ақ бұзауым) ( 2 - топ Құлыншағым)

V. Бағалау:
- Топ басшысына сөз кезегін берейік.
VI. Үй тапсырмасы:
1) Торы құлын. Сиыр жырларын мәнерлеп оқу.
2) Төрт түлік туралы эссе жазу.
VII. Рефлексия: «Жайлау композициясы»
Жусаны мен жуасы бұрқыраған,
Өрісінде 4 - түлігі шұрқыраған - демекші, балалар мына жазиралы кең жайлауымызға не жетпей тұр? (киіз үй, малдар, гүл, біз)
- Кәне, бәріміз бірігіп жайлауымызды мал - жанға толтырып, жандандырып жіберейік...





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал