- Учителю
- Ашық сабақ Өз Астанам өз ордам 1 сынып
Ашық сабақ Өз Астанам өз ордам 1 сынып
Астана қаласы
№ 32 мектеп-гимназиясының
Бастауыш сынып мұғалімі
Ахметжанова Меруерт Мухтархановна
Сабақтың тақырыбы: «Өз Астанам - өз ордам» Несіпбек Айтов
Тасымал.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды еліміздің астанасы Астана қаласымен және
тарихымен таныстыру. Оқушының дүниетанымын Отанға, туған елге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тілін және ойлау, көру
сезіну, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: елжандылыққа, туған жерін сүюге, түсінгенінен нәтиже
шығара білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, видеопроектор, слайд, суреттер,
сызбалар.
Пән аралық байланыс: Математика,музыка
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
2. Психологиялық дайындық.
Амансың ба, алтын күн
Амансың ба, көк аспан
Амансың ба, достарым
Жалқаулықты тастайық
Сабақты біз бастайық
Қонақтарымызбен амандасып алайық
Үлкенге де сіз
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз
(Бүгінгі күнді, аптаны айту)
Үй тапсырмасын тексеру
«Бинго» ойыны арқылы үй тапсырмасын пысықтаймыз. Ойында қандай сан шығады сол санның тапсырмадағы жұмбақты шешу. Жұмбақтықтың жауабынның бас әріптерін қосып, сөз құрау. АСТАНА сөзі шығады.
Жұмбақтар
1.Түнде жерге жарық береді.
Ал күндіз жоғалып кетеді Ай
2. Сырт-сырт етеді
Құлағыңна өтеді Сағат
3. Тастамайды бір елі
Үйін сүйреп жүреді Тасбақа
4. Қолыма иіріп атқаным не? Асық
5. Күнде жейміз
Тәтті дейміз
Қадыр тұтып
Құрметтейміз Нан
6. Өзі қызыл,өзі тәтті
Татқан жанды таңырқатты Алма
Астана сөзі шығады
Бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз:
Тасымал. «Өз Астанам өз ордам» Несіпбек Айтов
Астана туралы сұрақ қою:
-
Біздің Отаным қай ел?
Қазақстан Республикасы
-
Отанымыз қандай?
Кең бай тақ, бай, көп ұлтты т.б.
-
Қазақстан республикасының рәміздерін ата
Ту, елтаңба, әнұран
-
Әнұранның авторлары кім?
Жұмекен Жәжмеденов, Н. Назарбаев, Шәмшә Қалдаяков
-
Еліміздің президенті кім?
Н.Ә. Назарбаев
-
Тәуелсіз мемлекетіміздің астанасы қай қала?
Астана
-
Астана қаласында қандай ғимараттар бар?
Бәйтерек, Хан шатыр, Думан, Аружан ойын сауығы, оқу орындар, мектептер, кітапханалар, ауруханалар т.б.
-
Бәйтеректің биіктігі қанша метр?
97 метр
-
Астана қаласынан қандай өзен ағып жатыр?
Есіл өзені
Автор туралы мәлімет беру
Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген.
1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы,Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған.
-
«Түнделеп ұшқан тырналар»,
-
«Рухымның падишасы»,
-
«Мұқағали-Желтоқсан»,
-
«Бәйтерек»;
-
балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда»,
-
«Желкілдеп өскен құрақтай»,
-
«Күміс күйме» («Серебряный сундучок»)
-
«Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары,
-
«Ескендір қорғаны» (Ә.Науан)
Картадан Астана қаласын көрсету
Астана туралы видеоролик
Әр елдің басласы өз Отанын, туған жерін қадірлей білу керек. Астана еліміздің бас қаласы. Қаланың астана ретінде тұсауы кесілген күн-1998 жылы 10 маусым. Қаланың негізі 1932 жылы қаланған. Ол Ақмола деп аталған. 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді. 1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. Астана-Қазақстанның жаңа қаласы. Оның шекарасы 70 шаршышақырым. Астана күн сайын сағат сайын өркендеп келеді.
Есіл өзенінің сол жағына салынған жаңа астананың символы, «Бәйтерек» монументі рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге яғни қазақ халқына барынша жақын
с
Оқулықпен жұмыс
Оқулықтың 58 б ашайық. Өлеңді мұғалім оқып береді.
Жаса, жаңа Астанам,
Өркен жая бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған.
Жайнап бақыт нұрымен
Қуантасың шынымен
Әр кірпішің сөйлеп тұр
Бостандықтың ізімен
Заман жаңа, ел жаңа
Күлімдейді кең дала
Өз Астанам өз ордам
Сүйенерім сен ғана
Асқақтай бер Астанам
Берекеге бастаған
Болашақтың есігін
Өз қолыңмен аш маған
Астана сөзі жазып келе жатқан жолға сыймаса, қалай жазамыз?
Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздердің тасымалданбаған лігінен соң сызықша (дефис) қойылады: ұс-таз, те-ре-зе, мек-теп.
Оқу түрлері
Мұғалім оқу
Тізбектей оқу
Хормен оқу
Сергіту сәті: Ән «Отан»
Дәптермен жұмыс (хормен айту)
Дәптерді біз ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Көркем етіп жазайық
Дәптерге бүгінгі күнді жазу. Қима қағаздағы 90 - жаттығу сөздерді жазу.
Астана, болашақ, гүл, бостандық
3+3=6 3+4=7 1+2 =3 3+6=9
Балалар бізге кірпі қонаққа келді. Кірпі сендерден көмек сұрап тұр. Қыста қандай аңдар ұйқыға кетеді. Міне, кірпі алмасын ала алмай сендерге келді. «Алма жинау» ойыны арқылы көмектесеміз бе? Әрине, абам баласы көмегін аямау керек. Мейірімді, қайырымды, әдепті болу керек.
1.Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? Ол нешеге бөлінеді? Дауысты дыбысты дыбыстарды қалай айтамыз?
2. Әріппен дыбысты қалай ажыратамыз?
3. Сөздегі буын санын қалай білеміз? Астана сқзін буынға бөл
4. Қазақтың бас ақыны кім? Қазақ даласындағы тұңғыш ұстаз
5. Жуан және жіңішке дауыстыларды ата
Астана қаласына байланысты тақпақтар білесіңдер ме?
Тақпақ айталды Венн дианраммасы арқылы Астана мен Алматыны салыстыру.
</
9. Сабақты қорыту
- Бүгін Отанымыздың бас қаласы Астана туралы толық білдік
- Өткен сабағымызда айтқандай өзіміздің туған жеріміз Қазақстаннан
артық жер жоқ. Біздің Астанамыз жайқалған жас қаламыз, ұрпақтан
ұрпаққа аңыз болып айтылатын ардақты қала болсын!- дей келе
сабағымызды аяқтайық.
10. Бағалау
- Бүгінгі сабаққа үй тапсырмасын тиянақты орындап келген және жаңа
сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.
11. Үйге тапсырма
- Астана өлеңін мәнерлеп, түсініп оқып келу
- Ал енді балалар сабағымыз аяқталды.