7


  • Учителю
  • 'Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні'

'Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты


Мақсаты: Оқушыларға Ұлыстың ұлы Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.


Көрнекілігі: Нақыл сөздер жазылған плакат, үнтаспа, ұлттық киімдер, ұлттық тағамдар, шарлар, суреттер.


Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Сіздерді қазақтың ұлттық мерекесі Ұлыстың ұлы - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Бүгінгі болғалы отырған «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен құттықтап, сіздерге шаттық тілей отырып, мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз!

Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы, көктемнің көшбасшысы, қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді. Сіресіп жатқан қар еріп, көл - көсір су болып ағады. Өсімдік ұйқыдан оянады, бәйшешек қаулайды. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын
тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді. Той құтты болсын, ұлыс оң болсын!


Хор «Наурыз айы толғанда»


Мұғалім: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата - бабам тойлаған
Әз - Наурызым, армысың!


Жанболат: Уа халайық, халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойдың
Шашуларын шашайық!


Бекарыс: Армысың Наурыз,
Қуаныш боп, кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый - құрмет!


Зере: Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.


Диас: Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Гүлзат: Тәуелсіз биік халқымның желбіреп туы шалқысын,
Әз Наурыз келіп еліме, Жер - Ана бойы балқысын.
Жаңғырар дәстүр - салтымның көсілсін бұлақ жалғасып,
Қастерлі менің халқымның мереке Наурыз жыл басы!


Би «Қамажай» Зере, Гүлзат


Мұғалім: Ұлыс күні кәрі жас
Құшақтасып көріскен
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тынбайды.
Аңыз, дастан жырлардан,
Жастар оқып тынбайды.


Ералы: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз
Осынау байтақ елімде
Айтылады жырымыз


Балжан: Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.


Зибиниса: Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ
Қалыс адам қалмасын некен - саяқ.
Ән шырқап, би билейік, қауым болып,
Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп. Ақжол: Наурыз, наурыз наз үнді,
Жер жап - жасыл жаз үлгі.
Жақсылықты жаранға
Жайып келші, бар ізгі.


Бахытжан: Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Ән « Шақырады көктем»


Ойын «Орамал тастамақ»


Мұғалім: Қазағымның салт - дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы, тәрбие көзі қалдырған.
Салт - дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.
Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз, кәрімізде.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл - гүл жайнап мына біздің төрімізге - деп ендігі кезекті Наурыздағы салт - дәстүрлерге берсек.


Ислам: Наурызкөк - Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсы шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурыз келдің бе?» деп шақырып, жем шашады.


Ринат: Наурызнама - шат - шадыман, ойын - сауық. Тойда ат - жарыс, түрлі ойындар өткізіліп, наурыз жырлары айтылады. Наурызнамада Қыз - жігіттер жиналып, бас қосып ұйқыашар әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз - келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ сияқты сыйлықтар береді. Оны «селтеткізер» деп атайды.


Бекасыл: Наурызша - Наурыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «Наурызша» деп атайды.



Би: «Қара жорға»


Мұғалім: Наурыз тойы ұлы күн,
Шырқап әнге салайық.


Хор: «Домбырасыз ән қайда»


Мұғалім: Осымен «Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні» атты сынып сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет! Өмір жастарыңыз ұзақ, ұлыс бақты, төрт - түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін. Наурыз құтты болсын!

"Приозерск қаласының №2МББК" КММ



Тәрбие сағаты

«Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!» атты тәрбие сағаты



Өткізген: Ауесбаева А.С

1"в" сыныбы



2014-2015 оқу жылы





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал