- Учителю
- Санды және әріпті өрнектер
Санды және әріпті өрнектер
1 сынып
Математика Сабақ № 112
Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Оқушыларды а+9, а-9, а+0, а-0 өрнектерінің мәнін табу жолымен таныстыру.
Дамытушылық: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыра отырып, есептеу, логикалық ойлау әрекеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балаларды білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-
қатынасқа тәрбиелеу. Білімділікке баулу.
Сабақтың типі: Оқушылардың жаңа білімді меңгеру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру,жарыс.
Көрнекілік: «Санды және әріпті өрнектер» кестесі. Тақырыпқа байланысты суреттер.
Жоспар:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасымен тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту.
Ү. Қорытындылау, бағалау.
ҮІ. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу , оқушыларды түгендеу.
ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау.
Оқушылардың игерген білімдерін пысықтау кезеңі..
Жаңа сабақ.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс. Түсіндірме жұмыс.
1. Кестелерді толтыр:
а
0
1
а+9
а
10
9
а-9
2. Бұл есеп пе?
Неліктен?
Мәтінді есепке айналдыр
Сары гүл - 3
Қызыл гүл - 5
Барлығы -? Гүл
3+5=8
Ж: барлығы 8 гүл өсіп тұр.
Кестелерді толтыр:
а
0
1
2
3
а+0
а
0
1
2
3
а-0
3. Салыстыр. Қорытынды жаса:
Санға 0-ді қосқанда сол санның өзі шығады
Саннан 0-ді азайтқанда да сол санның өзі шығады.
4. 9 саны мен а сандарының айырмасын жаз. а=9; а=0 деп алып, өрнектің мәнін тап. Өрнектің
мәндерін салыстыр. Не байқадың?
9-9=0
9-0=9
Логикалық тапсырма. Ойлан, тап.
Сабақты қорыту: Біз не білдік? Талқылау.
Үйге тапсырма: Кел, ойнайық!
Оқушы білімі мен белсенділігін бағалау.