7


  • Учителю
  • Дүниетану сабағы бойынша ашық сабақ (3 класс)

Дүниетану сабағы бойынша ашық сабақ (3 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мемлекеттік мерекелерМақсаты:1. Оқушылардың мемлекеттік мерекелер туралы түсініктерін кеңейтіп, мереке туралы білімдерін шыңдау.2.Балалардың ойлау қабілетін, байқампаздық пен білімге құштарлығын дамыту; салыстыру және қортындылау біліктерін дамыту.3.Мемлекеттік мере
предварительный просмотр материала

Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта мектебі



Сабақтың тақырыбы:

Мемлекеттік мерекелер

Өткізген сыныбы: 3 «А»»

Бастауыш сынып мұғалімі:

Нуркеева К.А.

2014-2015 оқу жылы


Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік мерекелер

Мақсаты:


1. Оқушылардың мемлекеттік мерекелер туралы түсініктерін кеңейтіп, мереке туралы білімдерін шыңдау.

2.Балалардың ойлау қабілетін, байқампаздық пен білімге құштарлығын дамыту; салыстыру және қортындылау біліктерін дамыту.

3.Мемлекеттік мерекелердегі негізгі шараларды меңгеру. Өз Отанын сүюге баулу.

Типі: СТО

Түрі: жаңа сабақ

Әдісі: ой шақыру, топтастыру,талқылау кестесі, әлемге саяхат стратегиясы, автор орындығы, эссе, бес жолды өлең.

Көрнекілігі: мерекелер суреті, мәтін бойынша оқушылар жасаған фотоэтюд, мазмұнды суреттер,слайдтар, мерекені бейнелейтін бейнетаспа.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, көңіл-күйлерін сұраймын.

2. Кезекшіден сыныпта кім бар, кім жоқ екенін сұраймын.

3. Үй тапсырмасын тексеру амалы ретінде «Құрылыс басында» тақырыбына мазмұнына жасалған мазмұнды суреттерін тақтаға іліп, қорғап өткен тақырыпты бегіту. Ең алдымен өзін-өзі бағалау парағын таратып түсіндіру. Әр тапсырмадан соң спикерлер топ мүшелерін бағалайды. Бағалау үй тапсырмасынан басталатынын айтамын. Интер тақтадан суреттер топтамасынан артық суретті тапқызу.

ІІ. Негізгі бөлім: Қызығушылықты ояту

Интер тақтаның көмегімен ой шақыру стратегиясын қолдана отырып, «Мереке той думан» атты әннің минусын қоямын. Мерекелерге дайындық болып жатқан, қуанышты ел бейнесін бейнежазба арқылы көрсету. Бүгінгі сабағымыздағы әңгімеміздің жалғасы қандай болмақ деген сұрақ қоямын.

Не көрдік?

(оқушылардың әрқилы жауаптары тыңдалады).

Оқушылардың ойларын сүзіп алып , «мереке» деген сөзін негізге алып, бүгін «Мемлекеттік мерекелер» бойынша білімідерін толық көрсетіп, сарапқа салатындарын айтамын..

Жаңа тақырыптағы мерекелерді топтастыра отырып, білімдерінің салмағын көрсетулеріне мүмкіндік беріп, үш топқа топтастыру стратегиясы бойынша алдымен топқа бөлеміз. (әр оқушы өзі таңдаған жұлдызшаның түсіне қарай топқа бөлінеді.)

І топ Наурыз айы (жасыл)

ІІ топ Мамыр айы (сары)

ІІІ топ Желтоқсан айы (қызыл)



ІІІ. Дәптермен жұмыс

Ал енді күн тәртібі жазып қою.

Тақырып: Мемлекеттік мерекелер



Ал енді балалар топ атауларыңа қатысты қандай мерекелерді білеміз?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

IV. Мағына тану

Мына кеспе қағаздағы мәтін бөлігін оқып шығып тобыңда талқылап, алдарыңда жатқан суреттердің ішінен керектісін алдарыңдағы флепчартқа жапсырып қажетті сөйлемдерді жазып қою.

Әр топтан бір спиккер орнында қалып қалған топ мүшелері әлемге саяхатқа шығады. Келген басқа топ мүшелеріне өздерінің мерекелері туралы түсінік береді.

Ал енді үйге ораламыз.

«Өз үйім өлең төсегім» демекші үйге оралдық, енді сергіп алайық

« Қара жорға» сергіту сәті

V. Жаңа тақырыпты түйіндеу

Жалпы Қазақстанда қандай мерекелер бар екені туралы, біліп келген жаңалықтарын флепчартқа түсіреді. Және оны қорғауға шығады.

IV. Қорытынды бөлім:

Әр топқа тапсырмаларды беремін.

І топ

ІІ топ

ІІІ топ

Бес жолды өлең жазу

Сауаттылық хат (мерекелердің атап өтілуіне ұсыныс жазу)

Бүгінгі сабақтың әсер еткен жері. Несімен әсер етті.

Үйге тапсырма: ``Мемлекеттік мерекелер ``тақырыбының соңындағы тапсырмаларды дәптерге орындау.

Бағалау: оқушылардың бағалау парақшасын алып өз бағамды қойып, ортақ баға шығарамын. Оқушылардан сабақтан алған әсерлерін парақшаға түсірулерін сұраймын.



Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Әлемді шарлау

Жеке тапсырма

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Әлемді шарлау

Жеке тапсырма

Аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақ

Әлемді шарлау

Жеке тапсырма



Бүгінгі сабақтың әсер еткен жері

Несімен әсер етті?














 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал