- Учителю
- 'Көкжиек. Көкжиек сызығы. Тұсбағдар' (2-сынып)
'Көкжиек. Көкжиек сызығы. Тұсбағдар' (2-сынып)
Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі Молдабекова Роза Токтаргожаевна
Пәні: дүниетану
Күні: 11.15
Сабақ №10
Бекітемін:
Сабақтың тақырыбы:
Көкжиек.Көкжиек сызығы.Тұсбағдар
Мақсаты:
1.Оқушыларды көкжиек және көкжиек сызығы , тұсбағдар туралы түсінік беру.
2.Тұсбағдарды қолдана білуге,жергілікті белгілер бойынша бағытты анықтай білуге үйрету.Сөйлеу дағдыларын дамыту.
3.Табиғатты қорғауға, баулу
Табыс критерийлері:
1.Көкжиек тұстарын ажырата алады,өз ойларын айта алады.
2.Шығармашылық тапсырмалармен жұмыстан отыра,тақырыпты түсінеді.
3.Топ арасындағы ынтымақтастыққа үйренеді.
Сабақтың әдісі:
Топтық жұмыс,сұрақ-жауап,түртіп алу әдісі
Ұйымдастыру кезеңі:
2 минут
Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
Топқа бөлу, мамандықтар бойынша,топтық ережені құру (спикер,хатшы,басшы)
Ойтолғаныс
(6 минут)
«Автор орындығы» оқушылар өз жұмыстарын оқып,таныстырады.Ата-аналарының мамандығы туралы әңгімелеу.
Қызығушылықты ояту
4 минут
Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға арналған жұмбақ
Ол жазда,қыста да.
Жер мен көктің арасында -
Өмір бойы жүре берсең де -
Оған жету мүмкін емес. (Көкжиек)
Оқулықпен жұмыс
6 минут
Жаңа тақырыпты түсіндіру (көкжиек тұстарымен таныстыру)
Электронды оқулық ( көкжиек тұстары, көкжиек сызығы туралы түсінік беріледі)
Дәптермен жұмыс.Анықтамаларды жаздырту.
Бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.
Тұсбағдар-жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.
Азимут (арабша ас-сумут -жол) деп бақылаушы тұрған нүкте мередианының солтүстік басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады.
Топтарға тұсбағар беріліп,тақтадағы сурет арқылы пайдалану әдісін көрсетемін.Сыныптың солтүстік бағытын анықтап беремін.
Дәптермен жұмыс
6 минут
Тапсырма:
1.Сұрақпен белгіленген көкжиек тұстарын қалай аталатындығын жаз.
2.Құбылнаманың суретін сал
Шығармашылық жұмыс
10 минут
Топтық жұмыс
-
Тапсырма бойынша сурет салу
-
Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын белгілеп жазу
Үйге тапсырма
2 минут
Оқулықтың 16, 17 беттерін түсініп оқу.
Өткен тақырып бойынша сұрақтар дайындап келу.
Қорытынды
Рефлексия
5 минут
Бағалау
-Мен сабақты жақсы түсіндім -жасыл түс
-Мен сабақты түсінген сияқтымын- сары түс
-Маған сабақ түсініксіз болды- қызыл түс