- Учителю
- 'ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ'
'ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ'
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ
Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна
№30 ЖОББМ І санатты бастауыш сынып мұғалімі
Орал қаласы
Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктегі баланың нәрестелік шағынан басталып, үздіксіз дамыту барысында қалыптасатыны белгілі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптың алатын орны ерекше. Оқыту мен оқу әрекетінің тығыз байланыста болуы, баланың ойының дамуына зор үлес қосады. Ал оқыту барысында төменгі сынып оқышыларының ақыл-ойын дамыту, бүгінгі күннің басты талабы.
Ойлау дегеніміз - ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін үдеріс [1].
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда негізгі екі сатыға жіктеуге болады. Бірінші сатысында - бала мектеп жасына дейінгі ойлауын еске түсіру арқылы жаңғыртады. Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құралдарды пайдалану арқылы баланың жадын қалпына келтіруге болады. Яғни бала нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.
Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін материалдардың жекелеген элементтерінің арасындағы байланысты көрсету үшін ерекше қадам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемін ұлғайтып отырады.
Педагогикалық үдерісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағып беру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жазғызу, рөлдік ойындар ойнату - баланың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолдары.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған ортаны танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асады.
Балаларда логикалық ойлауды дамыту әдістемелері:
-
Талдау
-
Біріктіру
-
Салыстыру
Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру қажет. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағып беріп отыру қажет. Оқушылардың білімді меңгеру үдерісі мына компонеттерден тұрады:
-
Қабылдау
-
Түсіну
-
Есте сақтау
-
Қорыту және жүйелеу
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: «Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші баланың өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек» [2].
Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, есептің шартын құра білуге жетелейді. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға үйретеді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталғаны абзал, сонымен қатар, оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үдерісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс[3].
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
-
есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
-
сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
-
Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
-
Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
-
Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Оқу үдерісінде осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
-
Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2000. №8,9.
-
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.//Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.
-
Білім беру қызметкерлерінің Бірінші Республикалық Педагогикалық оқулары « Педагогтің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты» баяндамалар жинағы, Алматы, 2013 ж., ІІ бөлім, 293 б.
Тіркеу парағы
1. Аты-жөні (толығымен) - Сыдыкова Назгуль Уалиахметовна
2. Ғылыми атағы, дәрежесі, лауазымы - бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі
3. Мекеме атауы, бөлімшесі - №30 ЖОББМ
4. Мекен-жайы, телефон, E-mail -
5. Мақала атауы - Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту
6. Секция - 2. Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың тиімді әдістері.