- Учителю
- Әдебиеттік оқу 'Алпамыс батыр мен байшұбар ат' 3-сынып
Әдебиеттік оқу 'Алпамыс батыр мен байшұбар ат' 3-сынып
Пәні: Әдебиеттік оқу 3- сынып мерзімі_________
Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр мен Байшұбар ат
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Ауыз әдебиетінін бір түрі батырлар жырымен таныстыру. Алпамыс батыр жырынан үзіндіні оқыту, мазмұнын түсіндіру
Дамытушылық: ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету.
Тәрбиелік:патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
-амандасу
-оқушыларды түгендеу
-сабаққа дайындықтарын тексеру
Психологиялық дайындық: жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
-үйге берілген өлеңді жатқа айтқызу.
-қосымша сұрақтар арқылы толықтырғызу.
-Өлеңнің авторы кім?
-Бұл қала қай елде орналасқан?
III.Жаңа сабақты түсіндіру.
Кіріспе әңгіме.
-
Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
-
Ауыз әдебиеті шығармаларының қандай түрлерін білесіңдер?
-
Бүгінгі сабақта тағы ауыз әдебиетінің түрімен танысатындығын айтып өту және таныстыру.Тақтаға сызбасын салу.
Ауыз әдебиеті
Ертегі аңыз батырлар жыры
Мәтінмен жұмыс
-
Мәтінді оқушылардың таныс емес сөздерді белгілей отырып өз бетінше
іштей оқыту.
Сөздік жұмыс.
Байбөрі- Алпамыстың әкесі.
Құлтай- Байбөрінің немере ағасы.
Мәдет- сенер үмітім, қорғанышым.
Сергіту сәті
-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық
-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.
Мәтін бойынша тапсырмалар орындау.
а)Мәтіннен түсінгендерін сұрақтар қоя отырып талдау:
Мәтінде қандай батыр айтылған?
Батырдың тұлпарының есімі қандай?
Кім оған тұлпар ды сыйға тартты?
ә) Мәтіннен тұлпардың бейнесін суреттейтін жерін тауып оқы.
б)Батырдың аты өзіне сай екендігін дәлелде.
-
Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұнын жалғастыра сөйлеу.
Сабақты бекіту.
Дәптермен жұмыс
-
Алпамыстың қару -жарағының атауларын жазып ал
-
Байшұбар атқа арнап «бес жолды өлең» жаз.
IV.Сабақты қорыту.
-Сабақта қандай ауыз әдебиетімен таныстық?
-Жырда қай батыр жырланған?
V.Үйге тапсырма беру.
72-73-бет мазмұндау.
Бағалау.