- Учителю
- Урок на тему: Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру
Урок на тему: Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастырайық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға геометриялық пішіндерден адам бейнесін құрастырудың әдіс-тәсілін үйрету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Оқушыларды адамның дене құрылысының ерекшеліктерімен таныстыру, білімдерін арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың жұмыс істеу икемдігін дамыту, осы сабақтан алған білімді байланыстыра және салыстыра пайдаланып, икемдікті дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушыларды адамның дене құрылысының қызметтері жайлы таныстырып, дене күтімін сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бейнелеу өнері сабағына қажетті құрал-жабдықтар, адам құрылысы бейнеленген фотосуреттер;
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Оқушылардың альбомы, түрлі-түсті қағаздар, желім, сызғыш, қайшы;
Пәнаралық байланыс: Матиматика, Еңбек.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
М: -Оқушылармен амандасы;
-Түгелдеу, құрал-жабдықтарын түгендеу.
-Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Психологиялық дайындық:
Шіркін сурет сабағы,
Ауылды еске алады.
Мың құбылтып бояумыз
Туып өскен даланы.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылығын ояту:
Айдар атты баланың түсінде оның дене мүшелері адамға қайсымыз қажеттірекпіз деп айтысып жатыр екен. Алдымен айтысты бастаған Бас былай деді:
- Мен бәрінің бастауымын, менде көз, құлақ, ауыз, мұрын орналасқан. Мен болмасам адам еш нәрсе көрмей, ешқандай дыбысты естімес еді. Ешбір иісті сезбей және сөйлей де алмас еді. Несін айтасың, ол мүлде аштан өлер еді!
- Ал сен менсіз не істер едің?! - деп ашуланды Мойын. - Көрер едім, менсіз қалай көріп, қалай естігеніңді, егер мен сені олай-былай бұрып отырмасам!
Осы кезде Қолдар сөзге араласты. Олар сыпайылық танытып, байыппен сөйледі.
- Білесіңдер ме, достар, бізсіз адамға тіпті қиын болар еді. Бізсіз ол қалай тамақ әзірлеп, бөбегін әлдилеп, заттарды көтеріп, бір сөзбен айтқанда қалай жұмыс істер еді? Біздің күшті бұлшық еттеріміз, тынымсыз жіңішке саусақтарымыз нағыз ауыр да қиын жұмыстан бастап, инемен құдық қазғандай нәзіктікті қажет ететін алуан түрлі жұмыстар атқарады. Ойланшы, бір күнде сенің қолдарың қандай жұмыстар атқарады? Ата-анаңның қолдары ше? Бұған дейін үнсіз тұрған Дене де шыдай алмады:
- Ал мен ше? Мен болмасам адам болар ма еді? Сендер, Бас, Мойын, Қолдар мен Аяқтар менсіз қайда орналасар едіңдер? Менсіз қалай күн көрер едіңдер? Өз атын естігенде Аяқтар да өкпелі үнмен дауыс шығарды:
- Ал бізсіз адамдар қайтер еді? Сендерді - Дене, Бас, Мойын, Қолдармен бірге біз көтеріп тұрған жоқпыз ба? Сендерді жұмысқа, мектепке, дүкенге, демалыс бағына, киноға апаратын біз емеспіз бе? Күні бойы жүгіргенде сендерден бір рақмет естімейміз. Дене мүшелерінің айтысын қызыға тыңдаған Айдар, бұл айтыс немен аяқталар екен деп жатып оянып кетті.
Сенің ойыңша бұл айтыс немен аяқталды? Адам үшін ең қажетті қай мүше? Әр түрлі мамандық иелері қолдарымен қандай жұмыстар атқарады? Спорттың қай түрінде адамға жүйрік аяқтар, күшті қолдар қажет? Қай мамандық иелеріне қолдардың асқан ептілігі қажет?
IV.Сарамандық жұмыс:
Қауіпсіздік ережесі:
М: -Қайшыны пайдаланғанда абай боламыз;
-Досымызға ұсынғанда сап жағымен ұсын;
-Желімді пайдаланып болған соң қақпағын жауып қой.
Жұмыстың орындалу реті:
1.Альбомызды алып, өзіміз қалаған бі түрлі-түсті қағаз алып, өз қалауларың бойынша ең алдымен адамның басын жасаймыз.
2.Басқа түс алып оның денесін қиямыз.
3.Басқа түс алып аяқ-қолын геометриялық фигуралармен байланыстыра қиямыз.
4.Өз қалауларыңыз бойынша көзін, мұрнын, шашын, құлағын, аузын бейнелейсіңдер.
5.Жұмысымыз дайын!
V.Сабақты бекіту:
1) Адам дене мүшесінсіз өмір сұре ала ма?
2) олар бізге не ұшін керек?
3) ол үшін біз не істеуміз керек?
VI. Сабақты қорытындылау:
М: Балалар, жасаған жұмыстарымызды тақтаға іліп, оның ішіндегі «ең, ең, ең.... әдепті, көркем, ұқыпты, үйлесімді» юойынша мадақтап, бағалаймыз.
VII. Бағалау: