7


  • Учителю
  • Ашық сабақ математика тақырыбы Қосындыны санға бөлу (3 сынып)

Ашық сабақ математика тақырыбы Қосындыны санға бөлу (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қосындыны санға бөлу.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қосындыны санға бөлу тәсілімен

таныстыру. Кестелік көбейту мен бөлуді тиянақтау.

2. Стратегиялар арқылы оқушылардың ой-өрісін, ойлау

қабілетін, математикалық тілін, пәнге деген қызығушылығын

арттыру.

3. Бір-бірін тыңдап, ортақ шешім қабылдауға дағдыландыру.

Ынтымақшыл болуға тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: СТО, сұрақ-жауап,түсіндіру, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу

Сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық дайындық.

І.Қызығушылығын ояту.

Көбейтудің компоненттерін ата?

Бөлудің компоненттерін ата? (бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні)

Көбейтудің қандай қасиеттерін білесіңдер?

Периметрді қалай табады? Формуласы қандай?

Ауданның формуласы қандай?

Ой қозғау. Тірек білімді белсендіру. Ауызша есептеу.

1. 10 мен 8 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап. 80

2. 56-ны 7 есе кеміт. 8

3. Қандай санды 4 есе арттырса, 24 шығады? 6

4. 40 пен 8-дің бөліндісінің мәні неге тең? 5

5. 36 саны 3-тен неше есе артық? 12

6. 9 саны 36-дан нешеге кем? 27

7. 16 мен 7-нің қосындысын 7-ге арттыр. 30

ІІ. Мағынаны тану.

Оқулықпен жұмыс.

№1. ЕКДМ тік төртбұрышы неше шаршыдан құрастырылғанын есептеп шығар және түсіндір.

- тік төртбұрыш неше шаршыдан тұрады?

- оны бірдей екі бөлікке қалай бөлуге болады?

- неше көк шаршы бар?

- неше қызыл шаршы бар?

- барлық шаршылардың санын екі тең бөлікке бөліңдер.

- өрнекті жазыңдар, амалдардың орындалу ретін түсіндіріңдер: (6+4) :2=5

Екінші тәсілін қарастырайық.

- қызыл шаршылардың санын екі тең бөлікке бөліңдер: 6 : 2

- көк шаршылардың санын екі тең бөлікке бөліңдер: 4 : 2

- шыққан өрнекті жазыңдар: 6:2+4:2=5

- қандай қорытынды жасауға болады?

- (6+4) :2=6:2+4:2 өрнектері тең.

№ 2. Есепті әр түрлі тәсілмен шығар.

а) Әкелінді - 24 парта және 32 парта

Бөлді - 4 сыныпқа

Бір сынып - ? парта

Ш: (24+32) : 4 = 14 24:4+32:4=14

Ж: әр сынып 14 партадан алды.

Есепті шығарудың қай нұсқасы жеңіл болды? Неге?

ә) Тік төртбұрыштың периметрі 24 см, ұзындығы 8см. Тік төртбұрыштың енін тап. Ш: 24:2-8 =4

Ж: 4см

№3. «Сиқырлы сөз» ойыны.(топпен жұмыс)

(8+6):2=7 (10+15):5=5 (28+24):4=13 (16+14):2=15 (6+9):3=5 (10+18):2=14 (36+18):6=9 (21+9):3=10

ә) (200+300) .2=250 200 . 2+20 . 2=440 (250+100) . 3=1050

(150+50) . 3 =600 100 . 5+30 . 5=650 (20+100) . 3 =360

№4. «Ойлан тап»

а) Жарты метрде неше сантиметр бар? 50см

Жарты дециметрде ше? 5см

ә) Бір тоннаның бестен бір бөлігі неше килограмм? 200 кг

Жарты центнерде неше килограмм? 50 кг

Сергіту сәті. «Кім шапшаң» ойыны (көбейту кестесін сұрау)

№ 6. Кім шапшаң? (топпен жұмыс) Теңдеулерді шеш:

с. 3 = 210 210: а = 30 х : 3 = 70

с = 70 а = 7 х = 210

х. 3 = 240 240 : а = 30 х : 3 = 60

с = 80 а = 8 х = 240

№7.

</ а) 7 . 5 = 35 ә) 35 : 5 = 7

17 . 5 = 85 85 : 5 = 17

27 . 5 = 135 135:5 = 27

Ү. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?

ҮІ. Үйге тапсыру: № 5. 46 бет. Бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал