7


  • Учителю
  • Разработка урока начального класса 2класс

Разработка урока начального класса 2класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қазақ тілі

Cабақтың тақырыбы: Сұраулы сөйлем (Пысықтау сабағы)

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер болып бөлінетінін айтып, сұраулы сөйлем туралы түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың сөздік қорын, тіл байлығын дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру, жан-жақты ойлауға үйрету.

Тәрбиелігі: ой қозғау стратегиясын пайдалана отырып,оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйретіп,сауатты, әдемі жазуға үйрету.

Көрнекілігі: тірек-сызба, суреттер

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру, игерту

Сабақтың әдісі: ассоциация әдіс, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, сәйкестендіру кестесі, ой қозғау стратегиясы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: «Білгенге маржан, білмеске арзан»

а) психологиялық дайындық;

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ой қозғау»

- Ендеше, үйге қандай тапсырма берілді? (179-жаттығу)

(Оқушыларға жазып келген әңгімелерін оқыту)

- Өткен тақырыпты «Бәйге» ойынымен бекітеміз.

Сол жақтағы 30 : Біз қандай үлкен тақырыпты өтіп жатырмыз?

Ортадағы 40 : Сөйлем дегеніміз не?

Оң жақтағы 20 : Сөйлем нелерден құралады?

Сол жақтағы 20 : Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Ортадағы 50 : Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

Оң жақтағы 30 : Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

Сол жақтағы 10 : Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Мысал келтіру.

Ортадағы 60 : Хабарлы сөйлемнен кейін қандай тыныс белгі қойылады ?

Оң жақтағы 10 : Сұраулы сөйлемнен соң қандай тыныс белгі қойылады?

ІІІ. Жаңа сабақ: «Ойға түстім, ойландым..»

а) Оқулықпен жұмыс. 180-жаттығу

Өлең шумақтарын мәнерлеп, түсіндіру

Қадыр Мырза Әли. Неге?

- Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады, ауады.

- Бұлттардың бір күйден екінші бір күйге ауысуының әсерінен жауады.

- Шағыл - жел үйген дөңес құм. Желдің әсерінен көшнді.

- Жарықты электр қуаты ретінде қарасақ, қуат көзінің айырылуы нәтижесінде өшеді. Ал, бірақ жүректегі жарық пен дүние жарығы таусылмасын деп тілейік.

- Түнде аспанға қарап тұрсақ, кейде кейбір аққан жұлдыздарды көреміз. Жарқ етеді де жоқ болады. Негізінде, бұлар - Жеріміздің атмосферасына енген көктегі тас секілді аспан денелері, яғни метеориттер. Метеориттер атмосфераға енген сайын, олар ауадағы үйкеліс күшінің әсерінен тұтанып, жарық шығарады. Соған байланысты түн қараңғысында аққан жұлдыздай болып жарқ етіп көрінеді де артынша көзден таса болады.

- Орман да, теңіз де желдің әсерінен шулап, тулайды.

ә) Көрнекілікпен жаңа сабақты түсіндіру.

Аққуды атпа. Анау ат па?

- Жазылуы басқа, бірақ естілуі бірдей сөздер бар ма? (атпа, ат па?)

- Қай сөйлемде па бірге жазылып тұр? (Бірінші сөйлемде).

- Осы сөйлем қалай аталушы еді? (Хабарлы сөйлем)

- Бірінші сөйлемде па бірге жазылып тұр, онда па жұрнақ болады, атпа сөзі қимылды білдіріп тұр.

- Қай сөйлемде па бөлек жазылып тұр? (Екінші сөйлемде). Бұл сөйлемде па? сұраулық шылау болады. Сұраулық шылау сөйлемде бөлек жазылады.

Сөйлемдерің оқылуын дауыс ырғағымен де келтіруге болады. Мысалы, сабақ басталды ма? Жауап алу мақсатында айтылып тұр.

Ереже : Сұраулы сөйлем жасайтын ма, ме, ба, бе, па, пе бөлек жазылады : Апаң үйге келді ме?

ІV. Жаңа сабақты бекіту :

1. Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.

2. Жаттығулар орындау.

181-жаттығу. Хабарлы сөйлемдерді сұраулы сөйлемдерге айналдырып жаз.

Толқын кітап алды. Ол көп оқиды. Әжем ауылдан келді.

Сұраулық мағына беріп тұрған сөз қайсы?

Шығармашылық тапсырма.

182-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып әңгіме құра.

Кітапхана туралы ауызша әңгімелеу.

3. Сергіту сәті.

Жаздық, жаздық бәріміз

Талды әбден қолымыз.

Тағы қалам аламыз,

Тап-таза етіп жазамыз.

184-жаттығу. Әріптерді сызық бойымен оң жаққа өткізір жаз. Шыққан сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Шығармашылық тапсырма.

Қар жауады қалай?

Кімдер? жүр шапалақтап,

Балалар не? киеді

Не? беттен сүйеді.

V. Сабақты қорыту:

VI.Үйге тапсырма:183-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарамаен жазылған сөздерді салыстыру.

























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал