- Учителю
- 1 қыркүйек. 'Менің отаным- Қазақстан' атты ашық тәрбие сағаты' 2 сынып
1 қыркүйек. 'Менің отаным- Қазақстан' атты ашық тәрбие сағаты' 2 сынып
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебі» ММ
Номинация: «Бастауыш мектеп білім алушыларына арналған театрлық қойылымның сценариі»
Сценарий аталуы: «Менің- отаным Қазақстан»
Бағдарламаның жас ерекшелігі: Бастауыш сынып оқушылары
Авторы: Кадырова Дарина Есенгельдиновна . Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Күні: 01.09.2015 жыл
Сынып: 2
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Менің отаным-Қазақстан»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Білімділік: Балаларды Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыру.
Дамытушылық: Қазақша рәміз, ту, елтаңба, ән ұран, сөздерін үйретіп, тіл байлықтарын дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың патриоттық сезімдерін оятып, отанын, жерін сүюге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, демонстрациялық, пікір-талас
Көрнекіліктер: интербелсенді тақта, қима қағаздар, қанатты сөздер. Қазақстан туы, шарлар, гүлдер, ұлағатты қанатты сөздер
Өткізілетін жер : Акт.зал
1 -жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар. Арайлы жаздың үш айын мазмұнды да, мәнді өткізіп, сағынышпен алтын ұя мектебімізге оралып отырған оқушыларды құттықтаймыз. (1 слайд)
Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата-ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
2-жүргізуші : Өмір бойы мектебімді жыр етем,
Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.
Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,
Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!? ( 2 слайд)
Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!
(әнұран ойналады)
1 -жүргізуші : Қане балалар! - Кімнің досы осында бар? (3 слайд)
( бір рет шапалақ)
- Кім бүгін апайға гүл сыйлады? (екі рет шапалақ)
- Кім өзі жалғыз мектепке келген жоқ?(үш рет шапалақ)
- Кім мектепті сағынды? (көп рет шапалақ)
2 -жүргізуші : тамаша балалар! Ал бүгінгі біздің мерекелі тәрбие сағатымыздың атың білу үшін ойын ойнауымыз керек. Дайынбызба ойынға? (4 слайд)
1 -жүргізуші: Балалар сендердің отырған орындықтарының астында белгілі бір қағаз бар. Сол қағазда сан дар орналасқан. Қане кім тапты. (5 слайд )
2 -жүргізуші : Кімде 1 деген сан ? (балалар рет ретімен шағады., берілген қағаздағы әріпті атап, оны дыбыс түріне ажыратады.
Мысалы: п-дауыссыз, қатаң . (6 слайд)
1 -жүргізуші : Балалар сонымен қандай сөз шықты? ҚАЗАҚСТАН (7 слайд)
2 -жүргізуші : Дұрыс айтасындар балалар. Бүгінгі біздің «Менiң Отаным Қазақстан» тақырыбындағы тәрбие сағатын ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (8 слайд)
1 -жүргізуші :. «Отан оттан да ыстық» дейдi халқымыз. Қалай ойлайсыңдар, неліктен халық осылай деген?
(балалар өз ойларын ортаға салады) (9 слайд)
2 -жүргізуші:-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?
1 -жүргізуші: -Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. ( 10слайд)
1 -жүргізуші : Елбасы жайында қысқаша мәлі мет беру.
(Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) - Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.Қазақстан Республикасының әнұранының сөзін жазғандардың бірі)
2 -жүргізуші : Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?
Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.
Дарина : (11 слайд)
-Мынау - біздің туымыз.
- Көк түс нені білдіреді?
Балалар: Ашық аспанды білдіреді.
- Сары түс нені білдіреді?
Балалар: Күн сәулесін білдіреді.
-ал осы туымыздың авторы кім?
(Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.)
1 -жүргізуші :
Осындай күн сәулесі төгілген, ашық аспанда тұрып жатқан біздің Отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
- Қазақстан дегенде сендердің ойларыңа қандай сөздер түседі.
(Класстер құрастыру) (тақтаға жазу)
2 -жүргізуші :
-мынау суретте не көрсетілген? (12 слайд)
Балалар: елтаңба
-Елтаңбада не орналасқан? және нені білдіреді?
Елтаңбада шаңырақ,күн сәулесі,бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан » деген жазу бар.
-Балалар,біздің Отанымыздың астанасы қай қала ?
Балалар: Астана қаласы.
-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кім? (: Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.)
1 -жүргізуші : -балалар, сонымен қатар үлкен мерекелерде туымыз көтеріліп, қандай өлең орындалады. (Әнұран) (13 слайд)
-Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
Рәміздерімізді үлкен де,кіші құрметтеп жоғары ұстауы тиіс.Ал әнұранды біз білеміз.Сендер елтаңба мен туды әрқашан қастерлеуге тиіссіңдер.Қазақстан республикасы туралы кім тақпақ біледі?
( балалар, Қазақстан туралы тақпақтарын айтады)
2 -жүргізуші : Қазақстан бәріміздің Отанымыз. Өйткені әр адамның өзінің туып-өскен жері болады. Сондықтан әрбір адам өз Отанын, туған жерін, ата-мекенін қорғауы тиіс.
1 -жүргізуші : қазір маған әр сыныптан бір-бір оқушыдан шығады. (14 слайд)
Шарты былай.Бірінші бала мысалы астана десе, екінші бала осы сөздің ең соңғы әріпінен қазақстан республикасына байланысты қала, ауыл,облыстың атын атап шығу керек.
1 -жүргізуші :Мінеки, балалар, өздерің байқап отырғандай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан - біздің Отанымыз» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге, өз ойымызды ортаға салуға үйрендік.Қане сол есімізге түсірген сәттерімізді қорытынылап тастайық. (15 слайд)
2 -жүргізуші:
-ҚР қандай рәміздері бар?
-салтанатты мерекелерінде не орындалады?
- Н.Н туған күні қашан?
-бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай болды?
Тамаша балалар, олай болса бүгінгі тәрбие сағатымызды жабық деп жариялап, Қазақстан Республикасы жайлы әдемі бейнематериалды тамашалайық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
-
«Мектептегі сыныптар тыс жұмыстар » журнал
-
«Бастауыш сынып» журналы
-
«Мектептегі мерекелер»
-
Ғаламтор