7


  • Учителю
  • ҚМЖ әдебиеттік оқу пәнінен Ыбырай Алтынсарин 'Өзен'

ҚМЖ әдебиеттік оқу пәнінен Ыбырай Алтынсарин 'Өзен'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Әдебиеттікоқу пәнінен қысқамерзімді жоспары Күні 10.03.2014 жыл Сабақ 14.50 Сабақтың тақырыбы Ыбырай Алтынсарин "Өзен" Мақсаты Табиғат туралы білімдерін кеңейту.Оқушыны өзін ортадаеркін ұстап, ойын ашық айтып, жолдастарының ойын тыңдай білуге үйрету.Өлеңдегі негізгі
предварительный просмотр материала

Екінші (негізгі) деңгейдің тыңдаушысы Сафурина Гульнар Алтынбековна

Әдебиеттік оқу пәнінен

қысқа мерзімді жоспары


Күні 10.03.2014 жыл

Сабақ 14.50


Сабақтың тақырыбы

Ыбырай Алтынсарин "Өзен"

Мақсаты

Табиғат туралы білімдерін кеңейту.

Оқушыны өзін ортада еркін ұстап, ойын ашық айтып, жолдастарының ойын тыңдай білуге үйрету.

Өлеңдегі негізгі ойды түсіну

Жұмыс нәтижесі

Дауыс мәнерін келтіре оқу;

Өлеңнің мазмұны арқылы ой тұжырымын жасай алу.

Сілтеме

Оқулық «Алматыкітап» 2009ж

Негізгі идеясы

Бұлақ көрсең, көзін аш

Қолданылған әдістері мен тәсілдері

Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: 5 жол өлең

Оқуды және оқыту үшін бағалау: екі жұлдыз, бір тілек;

АКТ-ны қолдану; таныстырылым жасау.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Ресурстар

Постер, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, компьютер, проектор.

Сабақтың өтілетін уақыты

45 минут

Сабақ жоспары

  1. Ынтымақтастық атмосфераны құру.

  2. Ұйымдастыру: топқа бөлу (ағаш, тау, күн, гүл суреттері бар карточкалар арқылы)

  3. Қызығушылықты ояту.

1 - топ― Табиғатқа не жатады?

2 - топ ― Табиғаттың тамаша көрінісі сенде қандай көңіл - күй туғызады?

3 - топ ―Таза ауа, мөлдір судың қандай пайдасы бар?

4 - топ -«Табиғат және адам» деген тақырыпқа сурет сал

  1. Тақырыпқа кіріспе: Табиғатқа қытысты шешу

1.жеміс 2. Табиғаттық құбылыс. 3. Мойыны ұзын жануар 4.Қатты жауын (шешуі: өзен)

( Өрік, найзағай, керік, нөсер.) - Бүгін Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен танысамыз

  1. Ассоциация құру. Ыбырай атамыз туралы не білеміз? Кластер құру әр топ бөлек

  2. -Ой шақыру - Өзен дегеніміз не ? балалардың жауаптарын тыңдау

  3. Мағынаны тану.

  4. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

  • -Ақын өзенді қалай суреттеген?

Ақынның «сарқыраған», «жарқыраған», «арқыраған» деген сөздері неге қатысты? (оқушының жауабы)

  • -Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? (оқушының жауабы)

  • -Адамдар неліктен суды құрметтейді? Ол туралы өлеңнің қай шумағында айтылған? (оқушының жауабы)

  • -Өзеннің қандай пайдасы бар? (оқушының жауабы)

Өлеңге сүйеніп айтып бар? (оқушының жауабы)


  1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

Тізбектей оқыту (1 шумақтан, 2 оқушыға мәнерлеп оқыту)

  1. Сөздік жұмыс

Өксіген - өзегін сипап, мұң жылаған

Қынарда -жағасында

Жанабында -маңайында

  1. Тау өзенінің ағымы туралы бейнефильм

Көрген бейнефильм мен ақынның суреттеген өзені өзара үйлесімді ме ?

Өлеңдегі қай сөздер фильмдегі өзенге сай айтылған ?

«Тас таста, алтын таста сынамаққа, Сонда да аққан өзен қалыбында» деген жолдардан не түсіндіңдер?

  1. Қосымша мәлімет: Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85 мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. (Қазақстанның физикалық картасынан көрсету )

Өзен пайдасы: кеме жүзуге, жүк тасымалдауға қолайлы. Мысалы: Ертіс өзенінің суын электр энергиясын өндіруге пайдаланады. Қытай шекарасына дейін бара алады. Сырдария өзені - Тянь - Шяньнан бастау алады, Қазақстандағы ең лайлы өзен. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды. Өзендердің суы, балығы, жүк тасымалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылады.

  1. Дәптермен жұмыс (Шығармашылық жұмыс)

1 - топ Өзеннің қандай пайдасы бар? Өзеннің пайдасы туралы шағын шығарма жазу.

2 - топ Қазақстанда қандай өзендер бар? Атап жаз. .

3 - топ Өзен суын сипатта

4 - топ Өзен, көлге тыйым сөздер жаз

  1. Сергіту сәті

  2. Қызықты мәлімет

Әлемдегі ең ұзын өзен - Мысырдағы Ніл өзен. Оның ұзындығы 6670 км. Ең қысқа АҚШ - тағы Ди өзені. Оның ұзындығы 37 м. Қазақстанда 85 мыңға жуық өзендер мен бұлақтар бар.

  1. Ұжымдық жұмыс. «Су - тіршілік көзі» ой толғау.

Жер бетінің 3/4 бөлігін су алып жатыр. Бірақ су тапшы. Неліктен? Судың ластануына не себеп? Суды қорғау үшін не істеу керек?

  1. Сабақты қорыту. Эссе жазғызу.

  2. Рефлексия: екі жұлдыз, бір тілек

  3. Бағалау. Мониторинг арқылы

Үйге тапсырма

«Өзен» өлеңін жаттау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал