7


Тәуелсіз ел-тірегі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Тәуелсіз ел-тірегіСабақ мақсаты: Мәңгілік Ел идеясын терең түсінуге жағдай жасау. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру.Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншілікте
предварительный просмотр материала

Имантау орта мектебі


(Тәрбие сағаты)


Дайындық топ, 1,2,3-сыныптар


Өткізуші мұғалімдер: Қасымова А.Ж. Утениязова А.Б.

Қанатова Б.Е. Назарова М.П.

2014 оқу жылы

Сабақ мақсаты: Мәңгілік Ел идеясын терең түсінуге жағдай жасау. Қазақ халқының сан ғасырлық тарихынан мәлімет беру, тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру.Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, буклеттер, карта, фотосуреттер, үнтаспа.
Тәрбие сағатының түрі: таным сағаты

Айнұр: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қонақтар және оқушылар. Тәуелсіздікке қолымыз жеткеніне биыл 23 жыл болды. Арманы асқақ еліміздің ұлы көшін халқымыздың ардақты перзенті Н. Ә. Назарбаев жарқын болашаққа, кемел келешекке бастап келеді.

Айзада: Біз бақыттымыз, өткені дербес еліміз, тәуелсіздік жеріміз, ана уызымыз қанға сіңген қасиетті қазынамыз - ана тіліміз бар. Ендеше ана тіліміздің рухын көтерер, тәуелсізігімізді танытуға шақыратын бүгінгі біздің Тәуелсіздік күніне арналған ашық тәрбие сағатымызға бастауға рұқсат етіңіздер!

Айнұр: Құтты болсын тәуелсіздік мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман болып,
Қол жеткізген шындық жырын жырлады.
Айзада: Қуаныштан қалай кеуде кермесін,
Бұл күнімді бір ғасырға бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін жарылды,
Тәуелсізбін, егеменмін, дербеспін.

« Тәуелсіз Қазақстан» деректі фильм

Амина: Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Атамменен барғанмын.

Мерекеге шығады

Бүкіл халық, біліп қой.

Отандастар ұғады

Тәуелсіздік- ұлы той

Аралаймын алаңды

Тәуелсіздік күні мен.

Батыр Қайрат ағамның

Суретіне үңілем.

Он алтыншы желтоқсан-

Тәуелсіздік алған күн.

Мерекеге ел тосқан

Шырқатып ән салған күн.

Адель: Маған қымбат ұлы елімнің.

Шешек атқан әр гүлі

Аялайды бәрімізді,

Азаттықтың таң нұры.

Тәуелсіздік -ұлы күнім

Тұрсын жайнап төбемде.

Сен жасай бер мәңгі- бақи,

Қуанышқа бөлен де.

Бекайым: Желтоқсанның қанды суық ызғары,

Қалың әскер қазағымды қорлады.

Тәуелсіздікті қолдаған жастардың,

Отан үшін табандары тозбады.

Жүректен намыс оты лапылдаған,

Күш-жігері жастардың сарқылмаған.

Отан үшін олар шығып алаңға,

Қарсы ағып өзендей тасқындаған.


Гүлнұр: Болмасамда сол кезде мен сеземін

Жүректе намыс оты сөнбегенін.

Ызғарына аяздың төзгендерін,

Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі

Мықты болсын еліміздің керегесі

Тату - тәтті боп, халқымыз әрқашан да

Кетпесін туған елдің берекесі

Айнұр: Балалар еліміздің рәміздерін айтайықшы?

Көк туымызда нелер бейнеленген? Олай болса Ту жайлы қандай тақпақтар білесіңдер?

Тайлан: Желбіресе көк туым,

Көтерілер шоқтығын.

Қазақты әлем таныды

Егеменді ел боп бүгін.

Таңдай қаққан шартарап,

Көк туымда барша бақ.

Қыран самғап барады,

Күнді иыққа арқалап.

Нұрислам:Көк туымнан нұр алдым,

Сол қыранға сыңармын.

Ерікті елдің еншісі-

Еркіндігі қыранның.

Ұланымын халқымның,

Ұлы іске талпындым.

Тыныштықтың деміндей

Туымдағы алтын күн.

Айзада: Біздің елтаңбамызда нелер бейнеленген? Олай болса, қандай тақпақтар білесіңдер?

Томирис: Мағыналы, сымбатты,

Бар осындай белгіміз

Маған, саған қымбатты,

Елтаңбасы ол-еліміз!

Айнұр: Бәріміз орнымыздан тұрып, әнұранды айтамыз.

Ән: Әнұран орындалады.

Айнұр: Біздің Отанымыз қалай аталады? Отан жайлы не білеміз? Онда Отан жайлы тақпақтар айтамыз:

Арнұр: Отан - жерім, Отан - суым,

Отан қуат, нәр береді.

Отан - ұран, Отан -туым,

Отан мәңгі гүлденеді!

Нұрайым:

Отан - сенің ата-анаң,

Отан - досың, бауырың.

Отан - өлкең, астанаң,

Отан - аудан, ауылың.

Азамат: Отан - тарих, Отан - тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан - өлең, Отан - жыр,

Көтерген көкке ел даңқын...

Отан - осы, достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

Аделя 3с: Гүлге толы кең жазық,

Күйге толы жота құм.

Жан тербеген жел нәзік,

Қазақстан - Отаным.

Алдияр: Отан- туған үйіміз,

Отан- туған жеріміз.

Отан- ортақ үйіміз,

Көңілді ән мен күйіміз.

Дінмұхаммед:

Отан деген атамекен

Отан деген туған ел.

Отан ана,

Отан өлке

Қазақстан туған ел!

Санжар: Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз

Ән: Туған жер Амина , Айгерім

Хазретнұр: Сүйем сені, туған жер,

Әжем жөргек жуған жер.

Шапқан жауды еліме

Батыр бабам қуған жер

Сүйем сені, туған жер,

Байлық, бақыт, тұнған жер.

Миллиард пұт астықты

Қамбаға жылда құйған жер

Сүйем сені, туған жер

Өнер, білім қуған жер

Ұшу үшін ғарышқа

Тоқтар белін буған жер.

Айгерим: Сүйем мен, туған елім,әрқашаннан,

Өлкені, өзен тауды, сен жасаған.

Сүйемін шыңнан құйған бұлағыңды

Далаңа қазып ағып арна салған

Өзімен ала келген жаздарымды

Сүйемін қаңқылдаған қаздарыңды

Ыстық қой шыңылдаған шартасың да

Көтерген айғайласам наздарымды.

Айзада: Қане біз Отан, Туған жер туралы қандай мақалдар білеміз, олай болса мына мақалды жалғастырыңдар.

Ойын: «Білгенге маржан»

Отан оттан да.....

Отансыз адам .......

Отан үшін ...

Туған жердей жер болмас...

Туған жерің....

Туған жерге.....

Ел іші-алтын...

Айзада: Біздің бас қаламыз яғни астанамыз қай қала? Онда Астана жайлы білетіндерімізді ортаға салайық:

Жансая: Бабалардың көзіндей,

Даналардың сөзіндей,

Ұлы дала тұрғызды

Ұлы қала өзіндей.

Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде

Ту ұстаған Астанам-

Әсем қалам, бас қалам!

Ойын: Сөзжұмбақ шешейік!

  1. Біздің Отанымыз қалай аталады?

  2. Әрбір ұлттың өзіне тән ерекшелігі

  3. Рәміздердің біреуі

  4. Рәміздердің біреуі

  5. Рәміздердің біреуі

  6. Апорт алмасының мекені


А

С


Т


А

Н

А



«Отаным - алтын бесігім » тақырыбына үздік жоба

Қорытынды: Рефлексия

1.Менің Қазақстаным ең...

2.Мәңгілік ел - бұл...

3.Отаныммен мақтанамын...

4.Тілек білдіру..

Ән: «Қазағым менің»

Қанатова және ұстаздар, оқушылар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал