7


  • Учителю
  • Урок познание мира на тему 'Қорықтар'

Урок познание мира на тему 'Қорықтар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қорықтар неге керек?
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақстанның қорықтары туралы танымдық білімін арттыру және білетінін сөйлеу арқылы еркін жеткізу, сол білімдерін әрі қарай мәтін, сұхбат арқылы қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қоршаған ортаға деген көзқарастарын қалыптастыра отырып, табиғатты қорғауға , аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабағы
Әдіс - тәсілдер: Проблемалық-ізденіс әдісі, коммуникативтік әдіс, сұрақ-жауап.
Жұмыс түрлері: жұптық, топтық жұмыс
Көрнекілік: Слайд- презентация, интерактивті тақтамен жұмыс
Пәнаралық байланыс: география
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі . Кезекшімен сұхбат,оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
ІІ Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ой толғау. Қорық- дегеніміз не?
Оқушылардың жауабы : Өсімдіктер мен жануарлар қорғалатын тұтас табиғи аймақты- қорықтар деп атайды.
Кейбір жан - жануарлар мен өсімдіктер дүниесін алғашқы табиғи тіршілігін сақтап қалу үшін қорықтар қажет.

Қорықтар неге керек?
Осы сұраққа біз сабақтың соңында жауап береміз. Ал қазір, балалар, біздің еліміздің көрнекті жерлеріне саяхат жасаймыз.

1) Хабарламаны тыңдау
«Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған «№53 мектеп-лицейінің әуежайы. Ақсу - Жабағалы, Наурызым қорығы Қорғалжын ,Марқакөл, Батыс Алтай қорығы, Алакөл қорығы,Алматы, Барсакелмес, Үстірт- Қызыл кітап бағыттары бойынша ұшаққа отырғызу басталады.Егер Сіздер қорықтар жайында тереңірек білгіңіз келсе, қорғау шараларына қатысамын десеңіз бізбен бірге саяхатқа шығыңыздар.Ұшаққа отыру үшін сұрақтарға жауап беріңіздер». «Өзіңді тексер» ойынын ойнау.
2) Құрметті,саяхатшылар, үй тапсырмасына
қорықтар туралы шағын жобалау жұмысы берілді. Қанекей,сол жұмыстарыңызды тыңдап бағалайық.

1оқушы: Қазақстанның жері кең-байтақ және өте бай.Табиғаты әр алуан.Әлемге әйгілі тарихи ескерткіштер,табиғаты көркем қорықтар,демалыс орындары көптеп кездеседі.Сіздердің назарларыңызға бірқатар қорықтарды ұсынамыз.
Бірақ алдымен қорыққа кіруге рұқсат алайық! Сол үшін мына тапсырмаларды орындайық! (Электр. тапсырмаларды орындау)

4) Рөлдік ойын «Тілшімен сұхбат».
Сонымен,балалар,біз Қазақстанның
қорықтарына саяхат жасап келдік.
Туған жеріміздің қорықтарымен таныстық.
Ал енді тілші сіздердің пікірлеріңізді білгісі келеді.

1 сұрақ: Табиғатқа нелер зиянды деп ойлайсыңдар? (Табиғатқа зиянды автокөліктер.Бензинмен жүретін көліктер улы заттар бөліп шығарады,фабрика,зауыттардың түтіндері,адамдардың көбі табиғатқа жанашырлықпен қарамайды,қоқыс төгеді)
2 сұрақ: Табиғатты қорғаудың жолдары қандай?
(табиғи орынды сақтау,ауаны,суды ластамау,табиғатты аялау,бүлдірмеу,көгаландыру,бұлақ көздерін ашу)
3 сұрақ: Туған өлкеміздің табиғаты тамаша,экологиясы жақсы,ол қорғауды қажет етпейді.Осы пікірге қалай қарайсыздар?
(Жоқ ,мен бұл пікірге қосылмаймын.Экология нашар,табиғатты қорғау керек.)
Дұрыс айтасыздар,табиғат қазынасы қаншама мол болғанымен,ол шектеусіз емес.Оған аялы қамқорлық ауадай қажет.

5) Ой толғау. Сонымен,балалар, қорықтар неге керек? Экологияны жақсарту үшін қандай шаралар өткізу керек? Бір-бірлеріңізбен ақылдасып,осы сұрақтарға жауап беріңдер. (Табиғат байлықтарын бастапқы қалпына келтіру мен оны келешек үшін сақтап қалу, табиғат өзгерістеріне бақылау жасау мақсатымен қорықтар ашылған)

ІІІ. Сабақтың қорытындысы.Табиғат-тірі дүние.Біз табиғаттан тек алуды білеміз. Біздің еліміздің табиғаты бай екендігін білеміз.Оның бар байлығын пайдаланып жатырмыз.Ал табиғатқа қамқорлық жасауды ұмытып кетеміз. Табиғаттағы барлық нәрсе өзара тығыз байланысты.Бірінде болып жатқан өзгерістер міндетті түрде екінші жеріне әсер тигізеді.Табиғат халық қазынасы.Сондықтан біз оның байлығын пайдалана отырып,қорғай білуіміз қажет.

Ақсу-Жабағлы (Оңтүстік-Қазақстан облысы). 1927 жылы құрылған. Атауы екі өзеннің атынан құралған: Ақсу және Жабағлы. Әсіресе Ақсу өзені өзінің өтуге ыңғайсыз тік жағасымен (300-500 метрге дейін) ерекшеленеді. Жалпы ауданы 85,3 мың га. Мұнда Талас Алатау солтүстік-батыс шатқалы мен Угам шатқалының көркем биіктаулы ландшафты кіреді. Қорықта өсімдіктің 1404 түрі, аңдардың 47 түрі, 239 түрлі құс мекен етеді. Мінезді тіршілік иелері - сібір тауешкілері, еліктер, малар, қабан, аққұлақ, грифтер, сирек кездесетін қар барысы, түркістан сілеусіні, арқар, тянь-шань аюы, бүркіт, балобан, улы жыландар. Қорықтың Қаратау тауларының еңісінде Қарабастау және Ақбастау палеонтологиялық қабірлері бар. Онда осыдан 120 млн. жыл бұрын теңіз бассейнінде тіршілік еткен сирек кездесетін түрлі балықтар,, моллюска, тасбақа, юр кезеңінің жәндіктерінің іздері бар.
Наурызым (Қостанай облысы). 1934 жылы Қазақстанның ең оңтүстік массивіндегі қарағай орманы орналасқан Нааурызым қарағайлы орманын, және суда жүзетін жұмыртқалы құстардың мекені көлдерді сақтау мақсатында құрылған. Аумағы - 87,7 мың га. Қорықта өсімдіктің 961 түрлері, 39 түрлі аңдар мен 239 түрлі құстың түрлері кездеседі. Ерекше тіршілік иелерінің қатарына өте сирек кездесетін ақ қарқара жатады.
Қорғалжын қорығы (Ақмола облысы). 1968 жылы сирек кездесетін жұмыртқа салатын - қызғылт фламингоны сақтау мақсатында құрылған. Қызғылт фламингоның ең солтүстік отаны Теңіз көлінда. Қорықтың жалпы ауданы - 243,7 га., акваториясы 199,2 га алып жатыр. Мұнда 42 түрлі аңның түрлері, 298 түрлі құс, 331 өсімдік түрлері тіршілік етеді. Авиафауна құрамы өте бай. Сирек кездесетіндер қатарына пеликан, фламинго, шипун-аққуы жатады.
Тенгіз-Қорғалжын көлі - көктемгі ұшып келу кезеңінде суда жүзетін құстардың мыңдаған санының бірігетін орны, соның арқасында қорық дүниежүзілік атаққа ие болды. Ол ЮНЕСКО тізіміне айрықша қорғалатын батпақты-көл ландшафт есебінде кірді.
Алматы (Алматы облысы). 1961 жылы құрылды. Аумағы 73,3 га құрайды. 137 өсімдік түрлері, 39 жануарлар түрі мен 200 ге жуық құстың түрлері бар. Сирек кездесетіндердің қатарына тянь-шань қоңыр аюы, қар барысы, түркістан сілеусіні кіреді.
Қорыққа Іле өзені жазығының бос бөлігі қызықты табиғи нысаны - 150 метрлік «Ән салғыш құмдар» құмды төбе жатады, оның ерекшелігі құмдық еңістермен қозғалғанда қатты дыбыс береді. Табиғаты өте көркем. Мұнда мұздар, қарлар мен құздар да бар.
Үстірт қорығы (Маңғыстау облысы). 1984 жылы құрылған. Аумағы - 223 га. Үстірт шоқысының батыс бөлігін алып жатыр. Тұрақты ағынсуы жоқ. Ағынсыз ойыстар бар, олардың ең ірісі - Барсакелмес, өлшемі 70×30 км. Қорықта 261 өсімдік түрлері, 27 түрлі аңдар, 111 түрлі құс және бауырымен жорғалаушылардың -27 түрі тіршілік етеді. Сұр кесіртке Қызыл кітапқа енгізілген. Сирек кездесетіндер қатарына үстірт муфлоны, ұзынаяқты кірпі, жайран, қарақал, бүркіт, улы жылан, құзғын, балобан жатады.
Батыс-Алтай (Шығыс-Қазақстан облысы).
1992 жылы құрылған. Жалпы ауданы 56 мың га. Қорықта 564 өсімдік түрлері, 30 түрлі жануарлар түрлері, 120 құстың түрлері бар. Ондағы жарыққылқанды (сібір балқарағайы) және қараңғықылқанды (шырша және пихта) тайга табиғи кешені ерекше назар аударады.

Барса-Келмес (Қызылорда облысы). 1939 жылы құрылған. Арал теңізінің біратаулы аралында орналасқан. Аумағы - 30 мың га. Флорада 250 түрлі өсімдік саны бар. Жануарлар әлемінде 56 түрлі жануарлар түрлері - құлан, жайран, сайғақ, қарсақ, қасқыр тіршілік етеді. 203 түрлі құстың түрі бар.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал