7


  • Учителю
  • Ер туса, ел ырысы мақал сайысы 3 А сынып

Ер туса, ел ырысы мақал сайысы 3 А сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



























Ер туса, ел ырысы мақал сайысы 3 А сынып



1-4 сыныптар













































2014-2015 оқу жылы





«Ер туса ел ырысы» атты мақалдар сайысы

Мақсаты:

1 Оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тіл байлықтарын, ойын, мәнерлеп оқу дағдыларын ұштау.

2. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың, қазіргі таңдағы арамызда жүрген ардагерлеріміздің ерліктерін үлгі ете отырып , оларды құрметтеуге тәрбиелеу. Отансүйгіштікке, елжандылыққа, батылдыққа шыншыл дыққа баулу.

Көрнекіліктер: плакатка жазылған нақыл сөздер, батырлардың суреттері, буклеттер, оқушылар салған суреттер

Формасы: жарыс сабақ

Армысыздар, құрметті қонақтар, ата-аналар ұстаздар!

Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Отан Соғыс Жеңісінің 70 жылдығына арналған «Ер туса ел ырысы» атты мақалдар сайысына қош келдіңіздер!

Туады ерлер елі үшін

Ұрпақтың бағын ойлап

Төгеді терін ел үшін

Намысы, қаны қайнап

Бақытын жан Отанның

Ерлік пен қорғаған кім?

Ол ерлер - майдангенлер.



Сайыс 3 кезеңнен тұрады:

1 кезең Берілген сөздерден мақал құрастыру

2 кезең Жалғасын тап (мақал - мәтелдерден жарыс)

2 кезең «Кім көп біледі?»

Жүргізуші:

Ал келіңдер, келіңдер

Бір - біріңе еріңдер

Біліміңді тексеріп

Бәйгеге қатысып көріңдер

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие - тәлім табар ма

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға сол алда - дей отырып сайысымызды бастаймыз

1- кезең: Сөздерден мақал құрастыр

Ер , Отан , Туған жер , Ел-халық, Ерлік, Батырлық.

Жүргізуші:

Батыр ұл есімдері ақталады

Жыр болып жүректерде сақталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі бақи мақтанады.

2- кезең: жалғасын тап «Мақал - мәтелдер жарысы»

Өз елім -........................../өлең төсегім/

Отан үшін отқа түс....................... /күймейсін/

Отан................................................ /оттан да/ ыстық

Ел іші............./алтын бесік/

Ел үмітін ер ақтар, ....................... /ер атағын ел сақтар/

Ерлік білекте емес, ............./жүректе/

Қоянды қамыс өлтіреді, ............../ерді намыс өлтіреді/

Ер қанаты ........./ат/

Жері байдың ........./елі бай/

Отансыз адам, ............/ормансыз бұлбұл/

Батыр туса ел ырысы, .............../жаңбыр жауса жер ырысы/

Ердің екі сөйлегені, ......../өлгені/

Ер бір рет өледі, ........./қорқақ мың рет өледі/

Ер жігіт елі үшін туады, .........../ел үшін өледі/

Отан .........../оттан да ыстық/

Батыр ортақ, ел ортақ, ............./күн ортақ, ай ортақ/

Ер өлседе, ................/аты өлмейді/

Елу жылда ................../ел жаңа/

Ит тойған жеріне, ................/ер туған еліне/

Жүргізуші:

Жауынгер біздің саңлақтар,

Жауды жеңген солдаттар.

Ардақты Отан - ел үшін,

Бақытты туған жер үшін. - демекші келесі сайысымызға көшейік.

3 - кезең: «Кім көп біледі?»



- Міне балалар сайысымыз өз мәресіне жетті. Енді сөзді әділ қазылар алқасына береміз. сайыс болған жерде жеңімпаз болу керек. Марапатталады.



Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Жүргізуші:

Кек қайтарып фашистен ,

Соғыс бітті жеңіспен.

Жеңдік жауды күресте,

Жасалсын той мереке!









Ер

Отан

Туған жер

Ел

Ерлік

Батыр































































































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал