- Учителю
- Бастауыш сынып. Қазақ тілі. 4 сынып. Сөз тіркесі ҚМЖ
Бастауыш сынып. Қазақ тілі. 4 сынып. Сөз тіркесі ҚМЖ
Бекітемін
Мектеп директоры_____________
Карабасова Г.Б.
Мектеп: Абай атындағы №5 ж.о.м.
Күні: 23.09.2016
Мұғалімнің есімі: Долданова Р
СЫНЫП: 4
Қатысқандар саны: 22
Қатыспағандар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)
Сөз тіркестерінен сөйлем құрауға үйренеді, нақыл сөздер арқылы ұлттық тәрбие алады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар:
Сөз тіркесінің ережесін біледі. Сөз тіркестерін ажыратып, сөйлем құрайды
Оқушылардың басым бөлігі:
Сөйлемнен сөз тіркесін ажыратады
Сөз тіркесін жасай алады.
Кейбір оқушылар: Өз беттерінше суретке қарап, сұрақтар қойып, әңгімелей алады. Мақал -мәтелдердің ішінен сөз тіркестерін тауып, мағынасын түсіндіреді.Өз бетінше сөз тіркестерін құрып, мәтін құрай біледі.
Тілдік мақсат
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар: Сөз тіркесі дегеніміз не?
Сөз тіркестері қалай құралады?
Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?
Сұрақ қою арқылы тұжырымдаймын:
-
Сөз тіркесін қалай ажыратамыз?
-
Сөз тіркесіндегі сөздер қалай байланысады?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Ережелер.
Алдыңғы тақырып
Сөз тіркесінің ережесін түсінеді. Сөз тіркесін жасай алады.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар
3 мин
7 мин
8 мин
10 мин
3 мин
8 мин
3 мин
3 мин
«Мен саған ... тілеймін» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру.
Сөз мағыналары арқылы топқа бөлу.(қағаздарға заттың атын, сынын, санын, қимылын білдіретін сөздер жазылады, мағынасына топқа қарай бөлінеді)
Қайталау. Семантикалық карта бойынша өткен сабақты еске түсіру.
-
Сөз дегеніміз не?
-
Сөздерді қалай тіркестіреміз?
-
Сөйлем ішінен сөз тіркестерін қалай табамыз?
«Суреттер сөйлейді» әдісі бойынша слайдтағы суреттермен жұмыс жүргіземін.
-Суретте қандай заттарды көріп тұрмыз?
- Сол заттарды сипаттайықшы.
-Сол сөздермен сөз тіркестерін жасайық деген жетекші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашамын.
Сурет бойынша мәтін құрауды топтық жұмысқа ұсынамын.
Жаттығумен жұмыс.1-жаттығу. Нақыл сөздерді оқып, мағынасын ашу, сөздердің тіркесу тәсілдерін ажырату.2-жаттығу (шығармашылық тапсырма) сөз тіркестерін қатыстырып мақалдар жазу
Сергіту сәті. «Африка жаңбыры» (Жел тұрды, жаңбыр сіркіреп жауды, қатты жауды, басылды, күн шықты)
Сынақ хат жаздыру (екі сөйлемнен тұрады, сөйлемнен сөз тіркестерін сызбамен көрсету) Балалардың өздеріне тексерту.
4-жаттығу. Берілген тапсырмадан сөйлем мен сөз тіркестерін ажырату
«Табақ тарту» әдісінде әр топ бес сұрақтан бір-біріне алмасу.
«Бағдаршам»әдісімен бағалау.Түстер арқылы бір-бірін бағалау.Қызыл-3, сары-4, жасыл-5
Кері байланыс. Стикерге түсінген үш нәрсеңді, түсінбеген 2 нәрсеңді пікір ағашына жапсыру.
Қима қағаздар
Үлестірмелер, кесте
Түрлі түсті суреттер, слайдтар
Оқулық, стикерлер, фливчарттар
Қосымша ақпарат
Саралау -Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс
-
Қима қағаздар арқылы ЖАДА қалыптастыру.
-
Дарынды оқушыларға деңгейлік тапсырма
-
«Бағдаршам»
-
Өзін-өзі тану, дүниетану.
-
Бір-бірін сыйлау, бір-бірін әділ бағалау.
Рефлексия
Сабақ /оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Оқу мақсаты шынайы, қолжетімді.
Оқушылар сөз тіркестерінің қалай жасалатынымен, сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығымен танысты. Сыныпта оқушылар бір-бірімен диалог құрып, топтық жұмысты қызыға орындады.
Топтық жұмыстағы бағалау сәтсіз болды. Себебі балалар бұрын соңды бұндай әрекеттер жасамаған. Уақыт жетпей қалды. Себебі топтық жұмысқа балалар дағдыланбаған. Әдістерді азайтуды жоспарлап отырмын. Себебі уақыт жетпей қалды.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Топтық жұмыс
2: ЖАДА қалыптасты
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: топқа бөлу
2: бағалау
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Бағалау түрлері, сұрақтарды дұрыс қоя білуді жетілдіру