- Учителю
- План Дуниетану 1 сынып
План Дуниетану 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Күзгі табиғат
Сабақтың міндеті: Табиғаттағы болып жатқан өзгерістерді таныту
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Адамзаттық ауқымды әлемдік мәселелерге түсініктеме беру; топ саяхат түрінде өткен бұл сабақта оқушыларға бүкіләлемдік тіршіліктің, негізгі төрт құдіреті- Күн- Ана, Жер- Ана Су және Ауа екендігін және оны қастерлеу- халық салты өмір заңы екенін түсіндіріп, табиғатты зерделеудің әдістерімен таныстыру.
2.Дамытушылық:Оқушылардың тіл байлығын , сөздік қорын, ой- қиялын дамыту; өздерінің ойларын еркін жеткізе білуге үйрету.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлыққа баулу мақсат етілді.
Көрнекті құралдар: суреттер
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс -тәсілдері: түсіндіру, сұрақ- жауап, дамыта оқыту.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.
Психологиялық дайындық:
Қоршаған орта - табиғат,
Жануар, өсімдік, адамзат.
Сүю, қорғау- парасат,
Білейік мұны- жамағат
Өткенді пысықтау:
Көкжиек деген не ?
Көкжиек тұстарын ата .
«Төңірегіміз» деген сөзді қалай түсінесің ?
Кіріспе әңгіме:
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі ?
- Күз белгілері қандай болады ?
- Күз айларын атаңдар.
Салқын сұр бұлт
Күз
жаңбыр алғашқы қоңырау
Жаңа тақырып:
Күз мезгілінің белгілерімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс:
Күз мезгілінің суреттері мен атауларын оқу.
Мәтінмен танысу, мазмұнын ашу
Дәптермен жұмыс
Бақылау дәптерлеріндегі тапсырманы орындайды
Шығармашылық тапсырма: Күзгі табиғаттың суретін салу.
Қорытынды
Күз белгілерін ата.
Жаз бен күздің табиғатын салыстыр.