7


  • Учителю
  • Тәуелсіз елдің ұланымыз. Тәрбие сағаты

Тәуелсіз елдің ұланымыз. Тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тексерілді:

Мерзімі:12.12.2015ж

Сыныбы:2

Сынып жетекші: Мантаева С

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің ұланымыз»

Мақсаты: Білімділік:Оқушыларға Қазақстан тәуелсіздік жолында не бір «тар жол тайғақ кешулерден» өткенін, тәуелсіздік жолында елі, жері үшін күрескен батырларымыздың ерлігін, өрлігін, білімділігін көрсету егеменді болуын паш ету.

Тәрбиелілік: Қазақ халқын, ерлігін, даналығын бізге қасиеттерін ардақтап, туған жерін, елін құрметтеуге тәрбиелеу патриоттық сезімдерін ояту.

Дамытушылық: Тәуелсіз, ұлан, ел сөзінің маңыздылығы жайлы ой қозғау

Көрнекі құрал: «Желтоқсан оқиғасы», «Қазақстан арнасы», «Тәуелсіздік күні» бейнежазбалары, плакаттар,маркер.

Психологиялық дайындық

Сынып 1,2,3 сандары бойынша топқа бөлінеді. Сабаққа деген көңіл күйлері қандай екенін басмармақ арқылы көрсетеді.

Қызығушылықты ояту

-Балалар, алдымызда сөзжұмбақ тұр. Сол сөзжұмбақты шешейік

1-топ

Тәуелсіз

2-топ.

елдің

3-топ.

ұланымыз-сөзін тігінен оқиды.

-Сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болды?

-Тәуелсіз елдің ұланымыз

Жаңа сабақтың тақырыбының ашылуы

3топқа «топтастыру» әдісі бойынша «Тәуелсіз», «Ел», «Ұлан» сөзін айтқанда ойымызға не келеді.

Тәуелсіз-дербес, егемен, бостандық,жеке,азат деген мағынаны білдіреді.

Ел-халық, мемлекет,қазақ,ру,тайпа,отан, атамекен деген мағынаны білдіреді.

Ұлан-азамат, ер, кең, жауынгер, сарбаз деген мағынаны білдіреді. Адам есімі ретінде де кездеседі.

Осы сөздерге қарап отырып бүгінігі сабағымыздың тақырыбын басқаша тағы да қалай баламалауға болады?

-Егеменді отанымыздың азаматы деп те айтуға болады.

Мағынаны тану

Нұрасыл: Жеткен арман, жаса тәуелсіздігім!

Өз қолына берген ерік тізгіні

Ие болған әлем ілтипатына

Дербес бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.

ҚР-ның әнұраны орындалады.

Мұғалім: 1991 жылы егемендік, тәуелсіздік алдық деп айтып жүрміз.. Сіздер үшін бұл түсініксіз жайт болып отыр. Иә, осы аралықта сан ғасырлық тарих, үлкен шежіре жатыр. Ендеше, осы тәуелсіздік қалай келді? Қайдан келді?Осы жайында «Желтоқсан оқиғасы» бейнежазбасын тамашалайық. Осыдан тәуелсіздіктің қалай келгенін түсінеміз.

Олжас: 1986 жылы Желтоқсан елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Нұрәділ: Бұрқ етті қазақ баласы

Кеудеде өршіп наласы

Алаңға қарай ағылды

Таусылып бар шарасы.

Нұрмұхаммед: 24 жыл тәуелсіздік туғалы,

Қазақ елі бірлікке бел буғалы

24 жыл Қазақстан халқының

Өз тағдырын өзі шешіп тұрғаны

Айдын: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

Енді «Қазақстан»арнасын тыңдайық

Ақбота: Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы, ері бар.

Ернар: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.

Ал бізге Тәуелсіздік қандай қиындықтармен келгені жайлы бейнежазбаны көрейік.

Мейрамбек: Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атамыздың Тәуелсіздігіміздің келешегі жолында жүзеге асырылып жатқан жұмыстарын толық қуаттаймыз. Әсіресе, Отанымыздың болашағы саналатын балаларды қорғауға, білімді азамат етіп өсіруге бағытталған іс-шаралары бізді қатты қуантады.


Нұрберген: Көз тойғысыз қазағымның жері бар

Ну орманы, тау, өзені, көлі бар

Қазағымның жерін, елін қорғайтын

Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Арай: Міне, осындай, егеменді еліміз

Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.


Қазақ биі. Айсұлу мен Күнсұлу билейді.


Д.Әділет: Құлақ түремелімнің тынысына

Мақтанам қуанамын табысына

Елбас мен халқымыз аман болса

Айналар орта Азия барысына

Нұрай: Біз намыскер - қазақ елі ұланымыз,
Қорғайтын жерді оттан қыранымыз.
«Талап, Еңбек Терең ой, Қанағат, Рақым» деп

Абай атамыз айтқан ұланымыз.

«Балдырғандар полькасы» әні хор

Мерей: Назарбаевтың жолдауы: «жастарға айтарым-сендер халықаралық кеңістіктегі бәсекелестік күрестен сырт қалмауға ұмтылыңдар.Ол үшін тиянақты білім керек.

С.Әділет:
Өзіңдікі туың да,
От пен ауа суың да.
Жаса, Қазақстаным.
Белді бекем буын да.

Бекнұр:
Асқар тау да сенікі,
Бақша бау да сенікі.
Қалтқысыз дос пенен
Қатал жау да сенікі.

Асылжан:
Білімді ұрпақ, білікті маман,
Беделің сенің Республикам !
Болатын балаң, ары сау адам -
Мерейің сенің, Республикам!


Бекболат:

Елімнің жанған жарық шырағын.

Халқымның қанат қаққан қыранымын

Аймалап басқан ыстық құшағына

Мен мына табиғаттың ұланымын.


Жаннұр:

Шаттық пенен бақыт сыйлап жеріме

Ақын көңіл алып ұшып көгіне

Талай ғасыр бабаларым аңсаған

Тәуелсіздік келді міне еліме
Ой ашар:

1.Балалар біз қандай елміз? (Тәуелсіз)

2.Қай жылы тәуелсіздік алдық? (1991 жылы 16 желтоқсанда)

3.Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіздер?

4.Президент күні қашан атап өтіледі?

5. Тәуелсіздік қалай келді?

6.Егемен елдің ерекшелігі неде? (Шекарасы, Елбасы, ұлттық рәміздері, Ата заңы, өзіндік экономикасы, шаруашылығы, әлеуметтік жағдайы, салт-дәстүрі болады)

5.Қазақ елінің іргетасы қай жылдардан қаланды деп ойлайсыздар, ол кездерде қазақ елін кім басқарды?

АЙСҰЛУ: Мен қазақпын, ұланымын елімнің

Мен қазақпын, тірегімін жерімнің

Ұланымын туын көкке көтерген

Ертеңімін Егеменді елімнің.

Күнсұлу: Менің елім - Қазақстан Отаным!

Жырлар жазып, өзіңді әнге қосамын.

Мәңгілікке қымбаттысың туған ел

Арта берсің, абыройың, атағың.


Ой қозғау Мұғалім: Тәуелсіздігіміз бізге оңайлықпен келген жоқ. Сондықтан осы тәуелсіздігімізді қадірлей білейік.

Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы сендердің қолдарыңда. Болашақ депутатта, премьерде, президентте сендерсіңдер.

Тәрбие сағатымызды «Атамекен» әнімен аяқтайық.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал