7


  • Учителю
  • Разработка ко дню независимости

Разработка ко дню независимости

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін.

Мектеп директоры: Ж.Е.Жумакулов.





Тесерілді.

Тәрбие ісінің меңгерушісі: Б.А.Омирова.







Разработка ко дню независимости





Т.С.Садвакасова

2015 - 2016 оқу жылы













Мақсаты мен міндеттері:

1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.

2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

Көрнекілігі:

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті. Жалаушалар.

2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.

3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

«Топтастыру» стратегиясы. Оқушылар өз білгендері мен білімдерін жинақтау.

Желтоқсан Көтеріліс Ұлтжандылық Демонстрация Жастар Алмат Студенттер Аяз Брежнев алаңы

«Мағынаны тану»



Мұғалім:

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің "Тәуелсіздік төрінде, бақытты Мәңгілік елім де" атты тәрбие сағтына қош келдіңіздер! -Бірнеше күннен кейін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!

Әнұран айтылады.

Сәлемдесу рәсімі

Мұғалім:

Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан - далаң, орман, тауың, ауылың мен астанаң.

Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де, еңкейген қария да оның бір мүшесі.



Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.

16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.

Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.

«Болса екен қазақ баласы»

Ертеңі өсіп елімнің

Сабырлысы болса екен

Ар-ұятты айбатты

Азулысы болса екен

Батыл, берік орнықты

Байсалдысы болса екен

Алғыр, зерек, мейрімді

Ақылдысы болса екен

Тапқыр, шешен талапты

Өнерлісі болса екен

Ойшыл, өткір, дарынды

Білімдісі болса екен

Сергек, іскер, сезімтал

Саналысы болса екен

Парасатты намысты

Отаншылы болса екен

Болса екен қазақ баласы

Ел ішінде өсетін

«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» - десетін

Ізгіліккке леп едім

Жақсылыққа сеп едім

Тәуелсіз елдің ертеңін

Осылай көрсем деп едім



«Атамекен» әні орныдалады



-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)

Тақпақтар



Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Жазира мен ляззаттың

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік



Он алтыншы желтоқсан

Ел мерейі тасыған

Қазақ деген қалың жұрт

Бәрін кешті басынан



Әр қазақтың есінде сақталады

Желтоқсандық өрендер ақталады

Ел намысын қорғаған сарбаздарым

Ерліктерін мәңгілік сақталады.



Он алтыншы желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн



Көк аспанда тулардың

Желбіреген күні - бұл,

Елім деген ұлдардың

Елжіреген күні - бұл.



Елдігімнің - реңі,

Тендігімнің - тірегі

Мүддесінен халықтың

Ажырамас бір елі.

Алтын заңым - арай таным!



Әділеттің ұраны,

Ақиқаттың шырағы.

Тыныштықтың туы боп,

Зор салтанат құрады.



Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату - тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.



Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әрқашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық



Дүбірлетсін өңірді

Дүбірлесін дүлділі.

Қазақ деген елімнің

Құтты болсын бұл - күні!

Желтоқсан ызғары



- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз. Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп, солардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған үлкен айып тағылды.

Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,

Қайрат аға рухыңа мен иілем.

Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,

Әділ жанның қазасына күйінем.

Мұғалім:

Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.

Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.

Слайд көрсету



Мемлекеттік рәміздер бойынша (Елтаңба, ту, бәйтерек) сыныпты топқа бөлу



Мұғалім: 1986 жылы 16 - 17 желтоқсанда Алматы қаласы бұрынғы астанамыз, қазіргі бас қаламызда мыңдаған қазақ жастары наразылық білдіріп, шеруге шықты. Олар: «Тәуелсіздік керек!» қазақ елінің өз көсемі сайлансын!- деген тілек білдірді. Сол кездегі Қазақстан Компартиясының орталық комитетінің 18 минутқа созылған Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың орнына Кеңестер одағының Коммунистік партиясы Разуловскийдің ұсынысы бойынша Генадий Колбинді тағайындаған. Республика жұртшылығы бұл адаммен мүлдем бейтаныс болатын сондықтан, өз елінің тәуелсіздігін талап етіп шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінәлар тағылды.

«ДЖИГСО» әдісі. Әр топқа жеке мәтіндер таратылады. Топ мәтінді талқылайды, бір оқушы мазмұнын қысқаша айтып шығады.

1. Қазақ жастарын қандай күш айдап барды? Г. В. Колбин - ол кім?, қайдан келген?

2. Қазақ жастарына жасалған қиянат және олардың тағдырлары

3. Семантикалық карта «Тәуелсіздік шежіресі»

Тәуелсіздік шежіресі ------1991ж ------1995ж ------1993ж ------1998ж ------1992ж

Ата заң

Тәуелсіздік жылы

Президент сайлауы

Валюта

Астана

Рәміздер



«Көк тудың желбірегені» әні орындалады



5. Қорытынды:

Желтоқсан оқиғалары - Қазақстан тарихындағы естен кетпес, аса ауыр және қайғылы беттердің бірі.

-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз.



Қазақстанның картасына тілектер жапсырады.



Мұғалім: Бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз гүлдене берсін!







































































Желтоқсан оқиғасы қарсаңындағы Қазақстанға тоқталады. Сонымен қатар 1986 жылғы 16 желтоқсанда өткен КОКП ОК нұсқауымен өткен Қазақстан КП ОК пленум барысында Қазақстанды 40 - жылдай басқарған Д. Қонаевтың орнына Колбиннің тағайындалуы жайлы мәселе қарастырылғанды. Пленум не бары 18 минут жүріп, осы пленумда Д. Қонаев өзінің демалысқа кететіндігі жайлы хабардар болады.

Г. В. Колбин - ол кім?, қайдан келген? деген сұрақ туындайды. Геннадий Васильевич Колбин бұған дейін Ульяновск облыстық партия комитетін басқарған болатын. Бұрынырақ ол Грузияда республикалық партия ұйымының екінші хатшысы болып істеді. Орталық баспасөз ол туралы алдын ала «Ұлтаралық қатынастар мәселелерін жақсы білетін маман» деп жазып жатты. Ресейдің әр жерінде түрлі қызметтер атқарған ол Қазақстан үшін бөгде адам еді. Алайда ол кездің үрдісі бойынша, жоғарыдағылардың ұсынысын төмендегілердің қабылдамауы мүмкін еместі. Пленум бір ауыздан Г. Колбинді Республика партия ұйымының басшысы етіп сайлады. Колбин бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында Қазақстан деген елді тек картадан ғана білетінін айтты. Қазақ жастары бейбіт шеруге шығып, Қазақстан Республикасында тұратын басқа ұлт өкілдерін неге тағайындамасқа деген өз қарсылықтарын білдірген болатын.

1986 жылғы 17 - 18 желтоқсандағы Брежнев алаңындағы қазақ жастарының бейбіт шеруінің қанды оқиғаға айналды. Оларды «Ұлтшыл, маскүнем» деген кінә тағылды.

Алаңдағы жастарды тоқтату үшін Алматы қызметкерлеріне көмекке милиция қызметкерлері: Фрунзеден - 100, Ташкенттен - 300, Челябіден - 203, Новосибирскіден - 203, Свердловскіден - 225, Тбилисиден 450 тартылған. Жастарға қарсы Бұрқасын 86 жоспары бойынша іс - шаралар жасалынған. Жастарға Өрт сөндіру машиналарымен суық сумен атқылаумен тоқталмай адамдарға қарсы арнайы дайындықтан өткен иттерді салып қойған.

Жалпы шеруде 8500 адам ұсталған. Көбі студент жастар. Солардың ішінен атап кететін болсақ: Қайрат, Ләззат, Сабира, Ербол



Қайрат Рысқұлбеков жайлы мәлімет: 1966 жылы 13. 03 Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында малшы отбасында дүниеге келген. 1973 - 81 жылдары Шу ауданы Төле би ауылындағы мектеп - интернатта 8 - жылдық білім алған. 1981 - 83 жылдары Бірліктегі Киров атындағы орта мектепті бітіріп, 1984 - 86 әскери қатарға алынған. Мектепте белсенді комсомол мүшелерінің бірі болған. 1986 жылы жолдамамен Алматы сәулет - құрылыс институтына түседі. 1986 жылы 16 желтоқсанда бейбіт шеруге қатысады. Қайрат тұтқындалып 18 желтоқсанда сағат 11 бастап Мир және Сәтпаев көшелерінің қиылысында бейбастық жасап Савицскийді өлтірді, Ведельді ауыр жарақаттады деген айып тағылып 6 - ай жүрген Бесеудің соттың соңғы үкімін 1987 жылдың 16 маусымда мынандай үкім шығарды:

Рысқұлбеков Қайрат Ноғайбайұлы 1966 жылы туған, Алматы сәулет - құрылыс институтының 1 - курс студенті - Қазақ КСР Қылмыс Кодексінің 60 - бабы - 2 жылға, 65 - бап - 12 жылға, 173 - 1 жалпы қылмыстық істерінің жиынтық ең ауыр - өлім жазасына кесілді

Асанова Ләззат Алтынайқызы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 ж. Алматыда П. Чайковский атынд. муз. уч - щеге оқуға түскен. Алматыда 1986 ж. 17 - 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісіне белсене қатысқан. Ол Орталықтың билеп - төстеушілігіне наразылық білдіріп, қаладағы Жаңа Алаңға алғашқы ереуілшілер қатарында "Қазақтар! Кіріптарлық құлдықта өмір сүргеніміз жетеді! Біз еліміздің тәуелсіздігін жеңіп алған кезде ғана азат бола аламыз!" деген ұранмен шықты.

Мұхамеджанова Сәбира Есімбекқызы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің құрбаны. 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақмектеп аулының «Ленин жолы» сегіз жылдық мектебін үздік бітіреді. Сол жылы облыс орталығы Өскемен қаласындағы педагогикалық училищеге оқуға түседі. 1986 жылғы 17 - 18 желтоқсанда Алматы қаласында болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісін қуаттап 22 желтоқсанда Өскемен қаласында бірге оқитын студент жастармен бірге наразылыққа шығады. Студент қыздардың бұл әрекеттері барып тұрған ұлтшылдық деп бағаланып, сол күні кештен бастап партия, кеңес, комсомол, мемлекеттік қауіпсіздік, құқық қорғау орындары тарапынан тергеу, олардан жауап алу басталады. Нәтижесінде орынсыз қорлау мен жала жабу мен тергеуге шыдай алмаған Сәбира Мұхамеджанова барлығын ұйымдастырған мен деп мәлімдеп, жатақхананың бесінші қабатынан секіріп, мерт болады. Сөйтіп ол Желтоқсан құрбаны, батырына айналды

Ербол Сыпатаев - Желтоқсан көтерілісіне қатысып, алаңда қазақ қарындастарын құтқару барысында алған соққыдан қайтыс болған жас қазақ жігіті. Талдықорған облысының Көктал ауылында 1964 жылы дүниеге келген. Желтоқсан көтерілісі уақытында Алматы қаласында энергетика институтының 2 курс студенті болған.

4. Бекіту. «Кубизм» стратегиясы. Кубтың алты қырымен алты сұрақ беріледі.

1. 1986 жыл?

2. Оқиғаның басты себебі? /Басшылардың ауысуы/

3. Қозғаушы күші? /Қазақ жастары/

4. Қанша адам қатысқан? /8500/

5. Желтоқсан құрбандары кімдер? /Қайрат, Ләззат, Ербол, Сәбира/

6. Оқиғаның тарихи маңызы? /Тәуелсіздік алуға жасалған алғашқы қадам/

Бұл оқиғалар Қазақстанда ғана емес, бүкіл Кеңес Одағына жаңа еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды. Сондықтан да оның жүгі ауыр, шығыны көп болды.

Желтоқсан оқиғалары арқылы Қазақстанның енді ғана қаз тұрып келе жатқан жас демократиясы мол тәжірибе жинақтады, тарихи сабақ алды. Бұл оқиғалар өзінен кейінгі кезеңде республикада жаңа бағыттың экономикалық реформалардың, әлеуметтік бетбұрыстардың соны қарқынмен өрістеуіне себепші болды.





Бас алаңда ел жосқан,

Жастар қаны жуған түн.

16 желтоқсан-

Тәуелсіздік туған күн!







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал