- Учителю
- 1 класс Открытый урок «Ойыншықтар».
1 класс Открытый урок «Ойыншықтар».
Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы,
№ 30 жалпы білім беретін орта мектеп
Тақырыбы: Ойыншықтар. Көптік жалғауларын
қайталау.
1 «Г» сынып
Орындаушы: қазақ тілі және
әдебиет пәнінің мұғалімі
Абдикаримова Назгүл Қапашқызы
Қарағанды-2014
Қазақ тілі.
Сынып:1 «Г» сыныбы
Өтілетін күні:19.04.2013 жыл
Сабақтың тақырыбы: Ойыншықтар. Көптік жалғауларын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтарды жекеше, көпше түрде атай отырып, қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту, ойыншықтардың түр-түсін сипаттауға үйрету.
Дамытушылық:Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту, сөздік қорын молайту, дұрыс, анық сөйлеуге жаттықтыру, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:Ойыншықтарды ұқыпты ұстауға, әдемілікті сақтай білуге, ұжымшылдыққа, достықты қадірлей білуге тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: Интерактив тақтасы, тақырыпқа байланысты суреттер, кітапшалар, әртүрлі ойыншықтар.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: үйрету, түсіндіру, сұрақ-жауап. жаттату.
Пән аралық байланыс:орыс тілі, математика, дүниетану.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушымен сұхбат.
- Ал, балалар бүгін сыныпта кім жоқ?
-Апта күндерін атап жіберейік,бүгін аптаның қай күні?(3-слайд)
Апта күндері
Сұрақ-жауап бойынша үй тапсырмасын тексеру.
Балалар, біз өткен тақырыптарда жыл мезгілдерін өткен болатынбыз, ал кәнеки, соны есімізге түсірейікші
Мынау қай жыл мезгілі? (4,5,6,7,8-слайдтар)
- Балалар наурыз, сәуір, мамыр бұл жылдың қай мезгіліне жатады?
- балалар, көктемде қандай өзгерістер болады және қандай гүлдер гүлдейді? (күн жылынады, құстар ұшып келеді, бәйшешек, қызғалдақ, інжугүл)
(сергіту сәті)
Бала, бала, балақан
Кәне қайсы алақан
Саусақтарын әйбат
Былай, былай ойнат.
Топ-топ, топ-топ басайық
Жалаудан күн жасайық,
Жаса, жаса алтын күн
Жаса, жаса жарқын күн.
ІІ. Жаңа сабақ. Балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Ойыншықтар» деп аталады.
-
Балалар сендердің өздерің жақсы көретін ойыншықтарың бар. Балалар менің де жақсы көретін ойыншығым бар. Менің сүйікті ойыншығым - ақ қоян. Ал сенің сүйікті ойыншығын не? (4-5 баладан өздерінің сүйікті ойыншықтары туралы сұрап өтем, олар өздерінің сүйікті ойыншықтарын орысша, білетіндері қазақша атап береді): Менің сүйікті ойыншығым - доп, аю, машина, т.б.
Өте жақсы, балалар! Балалар, олай болса осы ойыншықтарға байланысты жаңа сөздермен танысайық.
9-слайд.
Сөздік
10-слайд. (1-тапсырма. Оқы есіңе сақта.)
11-слайд. (2-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқу.)
12-слайд. (3-тапсырма. Қонжықтарды тура және кері санау)
13
13
13 слайд. (4-тапсырма. Сандардың көршісін тап)
14-слайд. (5-тапсырма. Сөз жұмбақ шешу)
5-тапсырма. Сөз жұмбақты шешу.
15-слайд. (6-тапсырма. Түсіп қалған әріпті табу)
16-слайд. (7-тапсырма. Буындардан сөз құрастыр)
17,18-слайдтар. (8-тапсырма.Не артық?)
19-слайд. (8-тапсырма. Сөйлемді толықтырып жаз.)
20 -слайд. (9-тапсырма. Адасқан әріптерді тап)
Қ
А
Қ
У
Ы
Р
Ш
А
Қ
Э
О
Р
У
Ю
Б
Б
Ю
Ж
Ш
З
Н
Д
Ы
Қ
О
Я
Н
Ц
Й
Р
Ж
О
В
Л
В
Ы
Ф
К
У
Т
Ы
П
А
Г
Р
М
С
Ч
Я
О
Қ
Л
С
Е
К
І
Р
Т
П
Е
Ь
Н
В
М
А
Ш
И
Н
А
А
Ю
О
Ы
У
М
Ы
С
Ы
Қ
Ғ
21-слайд. (10 тапсырма. Сурет бойынша үш сөйлем құрастыр)
22-слайд. (11-тапсырма. Сөйлесу)
Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап.
23-слайд.
Балаларды бағалау.
Үй тапсырмасы:Өздеріңнің сүйікті ойыншықтарының суретін салып, оны сипаттап жазып келу, жаңа сөздерді жаттау.