7


  • Учителю
  • 'Мен өзіңді жырлаймын, Қазақстан' тəрбие сағаты

'Мен өзіңді жырлаймын, Қазақстан' тəрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҰЛАН АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІ

ГЕРАСИМОВКА ОРТА МЕКТЕБІ





«Келісемін» «Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі Мектеп директоры

жөніндегі орынбасары: Маушанов Д.Б. _______________

Дюсупова А.Ж. ______________


Мен өзіңді жырлаймын,

Қазақстан!










Дайындаған: Бақыт Г.





2015 - 2016 оқу жылы


Тақырып: Мен өзіңді жырлаймын, Қазақстан!

Мақсаты: еліміздің тарихы туралы түсінік беру, өз Отанын сүюге, туған еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру

"Тәуелсіздік"11 әріптен құралған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

Мұғалім: "Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан"деп Елбасымыз айтқандай кең байтақ Қазақстан -туған өлкеміз, оны сүйіп , құрметтеу барлығымыздың парызымыз.
Құрметті ұстаздар қауымы, оқушылар!. Біздің Отанымыз -Қазақстан. Тәуелсіздігімізге 24 жыл толады.Олай болса, еңсесі биік еліміздің құдіретті де қасиетті қазақ деген халқының сіздердей азаматтары мен азаматшаларын мерейлі мерекелерімен құттықтаймын. Сіздерге ашық аспан, жүздеріңізге күлкі, қуаныш тілеймін!

Алдарыңызда бастауыш сынып оқушыларынан құралған болашағынан зор үміт күттіретін қазақ елінің ұландары, өздерінің білімдерін көрсетеді. Олай болса "Мен өзіңді жырлаймын,Қазақстан !"атты ойын-сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыс болғаннан соң жеңімпаздар анықталу керек, топтарды бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:


  1. ____________________________________________

  2. ____________________________________________

  3. ____________________________________________


Атыңнан айналайын, егемен ел, Тәуелсіз күнің туды кенеле бер. Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік! Ғасырдың тойы болшы келе берер! - деп сайысымызды бастаймыз.
Сайысқа "Тәуелсіздік", "Қазақстан", «Туған жер» атты үш топ қатысады.

Сайыстың барысы:

1. Таныстыру (әр топ ұраны, эмблемасы туралы айтады)
2. Ән сайысы (Отан, туған жер, тәуелсіздік туралы)

3. " Қазақ елі - менің Отаным!"( сұраққа жауап беру)

4. Мәнерлеп оқу 5. "Мақал - сөздің мәйегі" (отан, туған жер туралы мақалды аяқтау)

Қазақстан - Республикам, мақтанышым,
Мен сенi жырлаймын мактау ушiн.
Құдайым маған құрттай жүрек берген,
Лүпiлдеп сенi сүйiп, сақтау үшiн!

І. Таныстыру

Мұғалім:
Өзіңсің , Қазақстан ән арманым да, Аяулым,алтын бесік, қара орманым да Бір нәрсе жетпейді деу қате болар Өзіңдей ұлан байтақ далам барда - дей келе Отан, туған жер туралы ән сайысымызды бастайық.
ІІ. "Ән сайысы":
"Тәуелсіздік" тобы
"Қазақстан" тобы
«Туған жер» тобы

Отан - сенің ата-анаң, Отан - досың, бауырың Отан - өлкең, Астанаң Отан - аудан, ауылың

ІІІ. " Қазақ елі - менің Отаным!"( Топтар берілген үш ұяшықтың біреуін таңдау арқылы шыққан сұрақтарға жауап береді)

1 - ҰЯШЫҚ СҰРАҚТАРЫ
1.Қазақстанның Тәуелсіздік күні қашан тойланады? ( 16 желтоқсан) 2. ҚР - ның Әнұранының авторларын ата? (авторы:Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев).
3. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? (шаңырақ, тұлпар)
4. Қазақ ғарышкерлері кімдер? (Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров)

5. Қазақстанда қандай ұлт өкілдер тұрады? (өзбек, орыс, татар, т.б)


2 - ҰЯШЫҚ СҰРАҚТАРЫ
1. Қазақстанның Ата Заңы қабылданған күн? (30 тамыз ж)
2.Әнұранның сөзіне өзгеріс енгізген тұлға? (Н.Назарбаев)
3. Елтаңба авторлары кім? (Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов)
4. Астана қаласының әйгілі ғимараттары? (Бәйтерек, ақ үй, ханшатыр, ақмешіт, т.б)
5. Еліміздің астанасы қандай қала? (Астана)

3 - ҰЯШЫҚ СҰРАҚТАРЫ
1. Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз? (1желтоқсан) 2. ҚР - ның мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков.) 3. Қазақстан Республикасының рәміздерін ата? (ту, елтаңба, әнұран)

4.ҚР - ның тәуелсіздік алған жылы? (1991 ж.)
5. Қазақстан қандай Республика? (Тәуелсіз)


І V. Мәнерлеп оқу сайысы:

1."Тәуелсіздік" тобы:

Ту
Күнді құшқан қас қыран,
Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар
Көк теңіздей шалқыған.
Көкірек жауар шымқай өң,
Көрген жерден елітер,
Көркем өрнек, кең көңіл
Көл пейілге кенелтер.
Тәжім етіп бас иер,
Туы елімнің егемен.
Тұтастығым куәсі
Туғандай бір енеден.
Елдігімді әлемге
Паш ететін байрағым,
Тұнық менің көгімдей
Әуемде мәңгі жайнаған!

2."Қазақстан " тобы:

Елтаңба
Дүние әлем көзіндей,
Дөңгеленген жамалы.
Еге елімнің қорғаны-
Кереге қанат қамалы.
Көгілдір көктің жүзінде
Шаңырақ-күн, уық-нұр.
Мәңгі сенбес күйінде,
Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
Қуат отын қоздырған
Қос қанатты пыпағым.
Хас тұғырға қондырған
«Қазақстан» -Ұраным.
Тұлғасында түзілген
Ыстық қаным, діл, арым.
Төріме іліп,
Төсіме
Тағып жүрер Тұмарым!
3.«Туған жер» тобы:

Әнұран
Қаһарман қажыр, қайратым,
Шайлықпас текті айбатым.
Арман, абырой, толғаныс-
Айтылатын ар, затым.
Жұртымның мұң, мұратын
Құлқыма құйып тұратын
Сіңірген тұла бойыма,
Тәңірлік күштің қуатын.
Жан дауысы халқымның
Шабыттана шырқалар.
Киелі сөз, сазды әуен
Шырқағанда, нұр тамар.
Беріле тыңдап,
Егіле

Жанып тұрар мың жанар.
Мұғалім:
Жарқырап жанған күндей азаттығы
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы
Республика күнімен құттықтаймын
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!


V. "Мақал - сөздің мәйегі"
"Тәуелсіздік" тобына:
1. Отан қадіріне жетпеген (өз қадіріне жетпейді)
2.Ел іші - ( алтын бесік)
3.Отан үшін күрес , (ерге тиген үлес)
4.Аққу көлін аңсайды, адам ( туған жерін аңсайды)
5. Ер жігіт ел үшін туады, (ел үшін өледі)

"Қазақстан" тобына:
1.Туған жердей жер болмас , туған елдей (ел болмас)

2.Отан үшін отқа түс (күймейсің)
3.Басқа елде ұлтан болғанша- (өз еліңде ұлтан бол)
4.Отанды сүю - (отбасынан басталады)
5.Отансыздың оты (жанбайды)

3.«Туған жер» тобына:
1.Ер жігіттің екі сөйлегені- (өлгені)
2. Туған жердей жер болмас (туған елдей ел болмас) 3.Тұлпар тегін табар, ер жігіт (елін табар)
4.Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл) 5. Отан оттан да (ыстық)
Мұғалім:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің сен, Отан.
Мәңгі соғып тұратын
Жүрегімсің сен, Отан!
Сөз кезегін әділ-қазы алқаларына береміз.
Мұғалім:
Өрендер, өрлей берсін өнерлерің,
Айналаң бәрі сенің көрерменің.
Тілеймін дәл осылай барлығыңның
Тек қана биіктерден көрінгенін

деп бүгінгі "Мен өзіңді жырлаймын, Қазақстан!" атты ойын-сайысымызды аяқтаймыз.Сайыс барысында өз білімдеріңді сарапқа салдыңыздар, біліктіліктеріңді көрсеттіңдер, өнерлеріңді тамашаладық. Сіздерді өз елін шын сүйетін , оның дамуы мен көркеюі жолында қызмет ететін нағыз патриоттар болады деп сенемін!





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал