7


  • Учителю
  • Уроки по классному часу 'Жасыл шырша жанында' (0 класс)

Уроки по классному часу 'Жасыл шырша жанында' (0 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Жасыл шырша жанында

Жаңа жылға арналған мерекелік ертеңгілік өткізілетін әсем безендірілген зал іші тып - тыныш (балалардың барлығы шырша түбінде бұғып отырады)
Осы сәтте 5 - 6 торғай ұшып келіп, шыр - шыр етіп шыршаны айнала ұшып безек қағады.
Ортада екі жүргізуші.
1 - жүргізуші 2 - жүргізушіге қарап:
- Бізге мына торғайлар бірдеңе айтқысы келген тәрізді, қалай ойлайсың, достым?
2 - жүргізуші:
- Мен де солай ойлап тұрмын, безектеулері де жаман.
1 - жүргізуші
Олай болса құлақ салып тыңдап көрелік, не айтар екен.
Торғайлар:
- Мына бүрісіп, тоңып отырған балаларды Жаңа жылдық шырша тойына қалай қатыстырсақ екен. Не істеуге болады?(айнала ұша береді)
2 - жүргізуші:
Естідің бе достым, не айтқандарын?
1 - жүргізуші Әрине естідім, не істейміз, бірдеңе ойластырсаңшы, тапқыр едің ғой.
2 - жүргізуші:
Жарайды, қазір байқап көрейін. (қимыл жасайды)
Жоқ болмады. Енді не істесек екен.
1 - жүргізуші: Таптым, таптым. Осы жерге пері қыздарын шақырып көрсек қайтеді, қалай ойлайсың?
2 - жүргізуші:
Табылған ақыл, шақырайық..(музыка ойналып, пері қыздары келеді, қолдарында сиқырлы таяқшалары мен шашатын ақ жылтырауықтары, қарлары болады)
- Балаларым тұрыңдар, шырша тойына қатысыңдар. тамаша той - думан басталғалы тұр екен. Бәріміз бірге тойлайық. (музыка ойналады)
1 - жүргізуші:
- Армысыздар ардақты ағайын, қымбатты ата - аналар, ұлағатты ұстаздар!
2 - жүргізуші:
Бармысыздар, замандас, бауырлар, шабытты шәкірттер!
1 - жүргізуші:
Бүгін сізге жырдан алқа тағайын,
Шат күлкіге толы болсын маңайың.
Көргендер де көрмегенде арманда
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
2 - жүргізуші:
Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген,
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.
1 - жүргізуші:
Бәрекелді, бәрекелді! Құрметті халайық! Бүгін Жаңа жыл кешін барлығымыз көтеріңкі көңіл - күймен, әсем ән, сәнді бимен өткізуге ат салысамыз деген үмітіміз бар.
2 - жүргізуші:
Олай болса көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!
«Жаңа жыл» биі 2 «г» сынып

1 - жүргізуші:
Құрметті жамағат «Жақсы сөз - жарым ырыс!»- деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты, сезім сергек арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы №220 орта мектебінің директоры Бөлекбаев Амангелді ағайға сөз береміз.
2 - жүргізуші:
Армысың, аманбысың Жаңа жылым,
Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!
Ұлу жылы келгенде, сый ғып тартып,
Ақтарайық әнменен көңіл сырын.
Хор: «Қыс келді, алақай!»
1 - жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық - қызық сырлар бар.
Жаңа жылдың кешінде
Аңдар келіп бір шешімге
Достаспақ адал ниетпен.
Жиналыпты келісімге.
Соныменен балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
(Мерекелік музыка ойналады)
Шыршаның артынан тышқан секіріп шығады да:
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Күн, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген тышқанның алдынан аю шығады. Тышқан сасқалақтап қалады.
Тышқан: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Тышқан: Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!
Екеуі қол ұстасып, би билейді. Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.
Түлкі:
Тышқанжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!
Аю, тышқан: Аман ба, түлкі, кел мұнда!
Түлкі: Достарым жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түсіп,
Тарқатам құмарымды.
Аю, тышқан: Рахмет, түлкіжан
Жүрген жерің күлкілі ән!
Аю, тышқан, түлкі бірге билей жөнеледі. Осы кезде орталарына айдаһар келеді.
Айдаһар:
Сәлем, достар, аман ба?
Нұр берді шырша алаңға
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық.
Тышқан келші биге басайық!
Бәрі билеп жатқанда орталарына тиін келеді.
Тиін:
Тра - ля - ляй! Тра - ля - ляй!
Өнершіл аңдар - ай
Өңкей паңдар тыңдаңдар, Жаңа жылға әнім бар
Қол ұстасып, биге басып,
Жыл әніне салыңдар
Бәріңізге бір сәлем
Бәрі:
Сәлем, тиін!
Жақсы - ақ биің!
(Бәрі бірге билейді.
Осы кезде маңғаздана түсіп барыс келеді)
Ақша қар жауды, қыс келді,
Кім бар қысты сағынған.
Жаңа жыл келді аңдарым
Жылға шашу шашайық,
Тойлап көңіл ашайық.
(Бәрі ортада айнала жүріп билейді)
Сол кезде орталарына қасқыр қосылады.
Қасқыр: Армысыңдар! Бармысыңдар, ағайын! Қане, құшақ ашайық, достық тойын жасайық.. Жаңа жылды бірге жүріп тойлайық.
Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын! Достығымыз мықты болсын!
«Грузин» биі 2 «в» сынып оқушылары
Бәрі: Жаңа жылдарыңызбен!
2 - жүргізуші:
- Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Өткен жылға ешкімнің өкпесі жоқ шығар. «Ескі жыл есіркесін, жаңа жыл - жарылқасын»демей ме?! Ортамызға тарихтан өтер «Қоян» жылы келе жатқан көрінеді. Ескі жылымызды есімізге түсіріп, еңсемізді көтеріп қарсы алсақ, қалай қарайсыздар?
Бәрі:
Келсін, қоян, келсін...
(Қоян жылы келеді)
Қоян: - Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар бауырлар! Мен тарих қойнауына жол тартып барамын. Осы жерге ұлу бауырыммен жолығып кетейін деп келген едім. Ұлу қайда екен?(осы кезде ұлу келеді)
Жаңа жыл ұлу:
- Ассалаумағалейкум, ағайын! Армысыздар бауырлар! Армысыз қоян аға!
Қоян: Бар бол, інішек! Бермен келші үстіңнен бір сипайын. Ал, ұлужан! Кімдер даттап, кімдер мақтайды, оны өздері білсін. Жақсылы, жаманды жыл болдым. Қолымнан келген біраз шаруаны атқардым білем. Мына тұрған халық куә, солардан сұрарсың. Әлі де болса атқарылар істер көп. Соның бәрін саған аманат қылып қалдырдым, қарағым.
Жаңа жыл:
- Аманатқа адал болуға, халыққа жайлы, ел тілегіне сайлы болуға ант етемін.
Қоян жылы:
- Ал мен жылжиын, ағайын! Келген жылдарың құт береке сыйласын сендерге!
1 - жүргізуші:
- Ал, енді балалар, бізбен бір жыл бойы бірге болған, бар қызықты бірге өткізген қоян жылына рахметімізді айтып, шығарып салайық.
1 - оқушы:
Көңілде көп қуаныш
Әр көңілде жақсылық
Кетер жылға мың алғыс
Әкелген көп жақсылық.
2 - оқушы:
Ескі жылым - қоян жылы
Қош аман бол көргенше
Сен сыйладың бақытты күн
Қайта айналып келгенше
Бәрі: Қош бол, Ескі жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
2 - жүргізуші:
Аралап келген, сапар шегіп жер бетін
Жақсылықпен нұрландырған келбетін.
Қош келдің, Жаңа жылым!
Көп болар жаңалығың
Уа, адам ақ ниетті
Осы жыл бақ сыйласын

Хор: «Құтты болсын Жаңа жыл»
1 - жүргізуші:
Ал, енді балалар міне, ортамызға Жаңа жыл да келді.
Жаңа жыл Ұлу:
Халқым менің!
Жаңа жылмын мен!
Елді самғап шарлаймын.
Бір күн қызық бір күннен
Бола берсін әрдайым
Жаңа жылдың бастауын
Сендермен бірге тойлаймын.
Аман болсын халқымыз
Арта берсін даңқымыз.
Дами берсін үздіксіз
Жақсы дәстүр, салтымыз!
2 - жүргізуші: Жаңа жыл келді жерімізге
1 - жүргізуші: Әкелсін құт - береке елімізге
2 - жүргізуші: Жақсылық пен қуаныш жылы болып
1 - жүргізуші: Қиындық жолатпасын бәрімізге
3 - оқушы: Жаңа жылым мереке
Онда қызық думан бар
Жаңа жылды біз тойлап
Әніміз де шырқалар.

Ән: «Бал балалық» Сымбат
2 - жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар! Мен қазір сендерге жұмбақ жасырайын. Соны шешесіңдер ме?
Балалар: Иә
Жұмбақ:
Ақсақалды шал жылына
Бір - ақ рет келіп кетеді
Қызы мен ұлына
Сыйлық алып келеді. (Аяз ата)

1 - жүргізуші: Балалар, енді жаңа жылдық мерекемізге Аяз ата мен Ақша қарды шақырайық.. Олар орманда жүріп адасып кеткен болар.
Балалар: Аяз ата! Аяз ата! - деп айғайлап шақырады. Осы кезде Аяз атаның орнына Мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұра қалады.
Мыстан: Пай - пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметін - ай! Үйге алып кетсем бе екен?(мыстан төмен еңкейіп, шыршаны түбірімен жұлып алғысы келеді)
1 - пері: Мыстан әже! Мыстан әже! (мыстан тыңдамайды) Біз «Жаңа жыл» мейрамын тойлап жатырмыз, тимеңіз біздің шыршаға!
Мыстан өзімен - өзі болып: Түу! Маңдайдағы терін сүртіп тұрып: Мына шыршаның тамыры өте терең отырғызылған екен, жұлынбайды ғой, тіпті. Сол кезде шырша арасында тұрған жылтыраған кілтті көріп қалады да: Мынау қандай қызық кілт өзі, осы кілт сыйлық толған сандықтың кілті болар. Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді, мүмкін ақша да бар шығар. Мен шыршаға тимей - ақ, осы кілтті алып барып сандықты ашайын, мүмкін тамағына тойып, ақшасына бір байып қалармын!
Мыстан кетіп қалады. кетіп бара жатқан кезде қалтасынан бір таяқ түсіп қалады.
2 - жүргізуші:
Балалар, тойымызды жалғастырайық, Аяз ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Қатты дауыстап атамызды шақырайық!
Балалар: Аяз ата! Аяз ата!
1 - жүргізуші: Қуаныңдар, ағайын, тамсаныңдар.
Сүйінішпен маңайға жар салыңдар.
Аяз ата келеді Ақша қармен,
Қол соғып қошеметпен қарсы алыңдар!
2 - жүргізуші:
Амансыз ба, Аяз ата Қарша қыз
Ортамызға хош келдіңіз төрлеңіз
Балалардың өнерін тамашалап
Бізбен бірге ән салып, би билеңіз.

ХОР: «Сәлеметсіз бе, Аяз ата»
Аяз ата мен Ақша қар өз сөздерін айтып балалардың өнерлерін тамашалай бастайды.
Аяз ата: Қарша қыз, қарашы, балалардың киімі қандай әдемі. Шырша да әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.
Шырша шамын жағайық,
Жаңа жыл тойын ашайық.
(осы кезде Ақша қар жылай бастайды)
Ақша қар: Мен шырша шамын жағатын, сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым!
Аяз ата: Қазір мен оны өзімнің таяғыммен жағамын, сен жылама (жұбатады)
Ақша қар: Қойыңыз ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз.
Ұлу: Ақша қар, сиқырлы таяғыңыз қандай еді?
Ақшақар: Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды. Сіздер оны көрмедіңіздер ме?
Ұлу: Жаңа мұнда Мыстан болған, ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен? Кәне, аңдар, іздеп көріңдерші, сол затты мүмкін тауып берерсіңдер. (Айдаһар тауып алады)
Аяз ата: Жарайсың, айдаһарым!(басынан сипайды)
1 - жүргізуші: Бәріміз шырша шамын жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.(шырша шамы жанады)

хор: «Шырша жыры»
4 - оқушы: Жарқыраған шырағы
Шыршамыз да нұрланды
Біздің балғын балалар
Әсем әнді шырқайды.
5 - оқушы: Тауда туып, тауда өскен
Шырша келді ортаға
Бәріміз бір дауыспен
Дейміз енді шыршаға
6 - оқушы: Қуант бізді таңырқат
Шамдарыңды жарқырат
Енжарлықты тастайық
Шырша тойын бастайық.
7 - оқушы: Әдемілеп біз ілген
Ойыншықтар тізілген
Қандай жақсы шыршамыз
Ән шырқайық баршамыз.

хор: «Жаңа жыл» (Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылда жаңа жыр)
Аяз ата: Ой, бәрекелді, жарайсыңдар, балаларым! Аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.
2 - жүргізуші: Аяз ата сіз біздің балаларға сыйлықтар әкелдіңіз бе?
Аяз ата: Әрине, барлық сыйлықтар мына сандықтың ішінде. Ақшақар сандықтың кілті қайда?(иығымен білмеймін дегендей ишара жасайды)
2 - пері қызы: Аяз ата қандай кілтті айтасыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?
Аяз ата: Иә, сол кілт шығар.
3 - пері: Аяз ата, ол кілтті мыстан алып кетті. Ол тіпті шыршамызды ала кеткісі келген еді.
Аяз ата: Қап, әттеген - ай! Қане, біз Ақша қар екеуміз оны іздеп келелік.
(осы кезде залға Мыстан кіреді)
Мыстан: А - А, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой (оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа қарай итереді)
Аяз ата: Мына ұрлықшы мұнда жүр ғой. Кәне, кілтті маған бер, балалар сыйлықтарын күтіп қалды.
Мыстан: Ойбай тағы, не дейді. Сыйлық өзіме де керек.
Аяз ата: Аһ, бәлем! Олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастайын.
Аяз ата: «Кәне таяғым, мына Мыстанды қатырып таста»
(Мыстан тұрған орнында қатып қалады)
Мыстан: Әй, Аяз шал! Керегі жоқ, қалпыма келтір! Ой, не істесем екен.
Аяз ата: Бересің бе сандықтың кілтін?
Мыстан: Жоқ, бермеймін.
Аяз ата: А - а, онда осылай тұра бер. Мен кеттім.
Мыстан: Жоқ, Аяз ата! Кетпеші, беремін кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын, жұмбақтарымды шешсін.
(Осы кезде Мыстан қалпына келеді) Балаларға жұмбақ жасырады.

1. Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
2. Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
3. Тікен, тікен тік пісте,
Қысы жазы бір түсте (Шырша)
Мыстан: Жарайсыңдар, балалар, жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.
Аяз ата: Жарайсыңдар, балаларым! Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімді, өнерлі екенсіңдер.
4 - пері: Аяз ата, Ақша қар біздің балалардың киген киімдерін жеке - жеке тамашалағыларыңыз келе ме?
Аяз ата, Ақша қар: Әрине, тамашалаймыз.
5 - пері: Қазір ортаға рет - ретімен аңдар патшалығын шақырамыз.
6 - пері: Түрлі ұлттардың өкілдерін шақырамыз. Жарайсыңдар, туысқандар!
1 - жүргізуші: Қас батырларды шақырамыз. Құстарды шақырамыз.
2 - жүргізуші: Қазақ ұлтының өкілдерін шақырамыз. Перілер мен мыстанды шақырамыз.
1 - жүргізуші: Балалардың киген киімдері қандай екен, Аяз ата, Ақша қар?
Аяз ата: Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біз сендердің көрсеткен барлық өнерлеріңе дән ризамыз. Өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Бізді басқа да балалар күтіп қалды. Қош болыңдар! (қолдарын бұлғап шығып кетеді)

Балалар: Сау болыңыздар! Хор:
1 - жүргізуші: Ал, балалар, балалар,
Күні ертеңгі даналар.
Жаңа жылға арналған
Кешімізді ашайық,
Әсем әнге басайық..
2 - жүргізуші: Ән айтайық, қол ұстасып
Би билейік жөңкіліп.
Біреу қуып, біреу қашып
Мәз болайық, біз күліп.

Ән: Жандос
8 - оқушы:
Жаңа жылың құтты болсын,
Мейірімді ата - анам.
Шалқып шығып келе жатыр
Жаңа бір күн жотадан!
9 - оқушы: Жаңа жылың құтты болсын,
Асыл әжем, жан атам.
Жайнап атып келе жатыр
Алдымыздан жаңа таң.
10 - оқушы: Жаңа жылың құтты болсын
Қазақстан киелім!
Жаңа таңға, жаңа күнге
Тұр көк туым сүйеніп.
11 - оқушы: Жаңа жылың құтты болсын
Отандасым, жан досым.
Жаңа таңға, Ұлы Отанға,
Мен басымды иемін.

Би «Қара жорға» (2 «в» сынып оқушылары)
12 - оқушы:
Қуаныш пен шаттыққа кенелейік
Жадырап біз ән шырқап тербелейік.
Төрле, төрле халқымның құтты жылы
Бәріміз дөңгелене кел билейік.
(Вальс 2 «в» сынып оқушылары)
14 - оқушы:
Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы, арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
15 - оқушы:
Оқ атпасын ешкім де
Өмір деген тым ыстық
Жұмыр жердің үстінде
Бұзылмасын тыныштық

Ән: Атабек Әсел
16 - оқушы:
Жаңа жыл кешінде
Кел достар бастайық
Бастайық жыл кешін.
Қызықтан бос қалып
Кей бала жүрмесін.
17 - оқушы:
Кеткенде той тарқап
Құр қалдық демеңдер
Шығыңдар ортаға
Өнерлі өрендер

Би «Тентегім»
18 - оқушы: Аяз ата ойды, қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды
Ол да көптің бірі болып.
19 - оқушы: Қайда қызық болса думан,
Аяз ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Би: «Чупа - чупс» Эльнура
20 - оқушы:
Үмітпенен көп тосқан
Келді Жаңа жылымыз
Кел достар, келіңдер
Әнді біз айтамыз.
Ән 2 «г»сынып

Хор: Аю балды жалайды
Екі жүргізуші қосылып:
Көңілде мол қуаныш
Жүректе тек жақсы үміт.
Баршаңызға ағайын
Тілейміз тек жақсылық
қайырмасы:
Ей, ей, халайық,
Шаттанып қол соғайық
Жаңа жылды қарсы алып,
Ән мен жырға салайық
Шаттық сеуіп көңілге,
Ырыс сыйлар төрінде
Жаңа бақыт, жаңа жыл
Енгелі тұр еліме.
қ - сы:
1 - жүргізуші:
Қымбатты ата - аналар, ұстаздар, оқушылар, жас бүлдіршіндер! Сіздердің алда келе жатқан Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
2 - жүргізуші:
Жаңа жыл сіздерге жаңа бақыт, жаңа нұр, жанұяларыңызға қуаныш әкелсін!
1 - жүргізуші:
Жаңа жыл сіздерге мол бақытымен, қуанышымен, үлкен - үлкен табысымен, ашық аспан, бейбіт күндерімен келсін!
2 - жүргізуші:
Жаңа жылдарыңыз құтты болсын ағайын!
1 - жүргізуші:
Денсаулықтарыңыз мықты болсын ағайын!
2 - жүргізуші:
Арайлы таң ата берсін ағайын!
1 - жүргізуші:
Дастархандарыңыз нанға толсын ағайын!
2 - жүргізуші:
Ақ жүздерің гүлдей жайнап ағайын!
1 - жүргізуші:
Жаңа жылмен ақша қарың бірге жаусын ағайын!
2 - жүргізуші:
Жаңа жылда көгілдір от сөнбесін!
1 - жүргізуші:
Тек сіздермен гүлденейік, бір ж



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал