7


  • Учителю
  • 3-сынып дене шынықтырудан сабақ жоспары 'Жеңіл атлетика. Секіру түрлері'

3-сынып дене шынықтырудан сабақ жоспары 'Жеңіл атлетика. Секіру түрлері'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

№1 сабақ

Білім негіздері:

  1. Дене шынықтыру сабағындағы тәртіп және қауіпсіздік ережелері

  2. Жеке гигиенаның қарапайым ережелерін сақтау

Тақырыбы: Жеңіл атлетика. Секіру түрлері

Мақсаты:

  1. Дене шынықтыру сабағында тәртіп және қауіпсіздік ережелерін үйрету

  2. Бір орында тұрып, алға секіру тәсілдерін үйрету

  3. Қимыл-қозғалыс ойындарын игерту

  4. Алға қозғала ырғып, бір және екі аяқпен секіруді үйрету

  5. Өзіндік гигиена шараларына дағдыландыру

Көрнекілік құралдар: секундомер ысқырық сөрелік жалауша

Өткізілетін орны: ойын алаңы

Саб. бөлімдері

Сабақ міндеттері

Жаттығулар жүктемесі

Уақыт

Әдістемелік нұсқаулар

1

2

3

4

5

Кіріспе бөлім

Сапқа тұру. Кезекшінің баяндамасы. Сәлемдесу. Сабақ міндеттерін түсіндіру. Саптық жаттығуларын: «Негізгі тұрыс!», «Теңел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Оңға!», «Солға!», «Кері бұрыл!» , «Алға қадам бас!», «орында тоқта!» бұйрықтарын орындау



ЖДЖ-ны қозғғалыста орындау. Жай жүріс. Аяқтың ұшымен жүру. Өкшемен жүру. Аяқты жартылай бүгіп жүру. Аяқтың ішкі және сыртқы қырымен жүру. Адымдап жай және жылдамдықты үдете жүру. Жай жүріс түріне көшу. Жеңіл жүгіріске көшу.

Жүгіріс түрлері: баяу екпінде жүгіру, тездетіп жүгіру, бағытты өзгертіп жүгіру, жүгірісті жүріспен алмастыру, жүрісті жүгіріске алмастыру. Тыныс алуды қалпына келтіру жаттығуларын орындау. ЖДЖ-ны бір орында тұрып орындау.



Сабақтың тақырыбына байланысты аяқ-қол бұлшық еттеріне арнайы жаттығулар топтамасын орындау. 6-8 жаттығу түрін орындау

5-6 рет

3-4 рет



3-4 рет

80 м



5-6 рет

2 мин

2 мин



2 мин

7 мин



4 мин

Бұйрықты бір мезгілде, біркелкі орындауға баулу



Саптағы ара қашықтықты сақтау



Жүгіріс кезінде дұрыс тыныс алуға дағдыландыру

Жаттығуларды бұйрық санымен орындатуға дағдыландыру.

Қауіпсіздік ережесін сақтау

1

2

3

4

5

Негізгі бөлім

Бір қатар тізбекке тұрғызып, бір мезгілде 10-15 метрге жүгіру. «Сөреге!», «Дайындал!», «Жүгір!», «Тоқта!» бұйрықтарын үйрету және игерту.

Бір қатар сапқа тұрғызып, орында тұрып, тізені аздап бүгіп, алға, артқа теңселу, алға қарай секіру, қолды алға, артқа, алдыға жіберіп, екпінмен алға ырғып секіру әдістерін үйрету.

Алға жылжып, бір ж/е екі аяқпен кезектесіп алға ырғып секіріп жүруді үйрету.

Алға секіру әдістерін игеруге арналған жаттығулар топтамасын орындауды үйрету (қол мен аяқты, денені секіру кезінде үйлесімді қозғау).сабақта оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын, төзімділігін арттыру.

Қозғалыс ойындары

Мадақтау



3-4 рет



3-4 рет



3-4 рет



25 мин



Сөреден бұйрықпен бір уақытта шығуға үйрету

Жүгіріс кезінде өз жолымен жүгіруді үйрету. Аяқ пен қолды қалай ұстауды ж/е серпіліс жасай алға секіруді үйрету

1

2

3

4

5

Қорытынды бөлім

Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жетістіктері мен кемшіліктерін айту. Бағалау. Үйге тапсырма: таңғы гимнастика жаттығуларын орындау, секіртпемен 15 рет секіру

Саптық жаттығуларды қайталау, бір орында отырып-тұру,. Әртүрлі қозғалыстар: аяқтың ұшымен, өкшемен, ішкі, сыртқы қырымен жай жүру. Допты оң ж/е сол қолдың алақанымен еденге кезекпен 50 рет ұру

5 мин


Жаттығуларды дұрыс орындауды қадағалап, нұсқау беру



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал