7


  • Учителю
  • Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі бас ием бастауышым!

Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі бас ием бастауышым!

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Н.Алшынов атындағы Жалаулы орта мектебі













Сарқылмас ұлылықтың бастауысың,

Саған мәңгі бас ием, Бастауышым!








Орындаған: Махмутова Маржанкуль Амзешкызы

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру. Мектепте, яғни, білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу. Ата-анасының, Отанының адал ұл-қызы болуға жетелеу, тәрбиелеу. Ақылдарын, ой-өрістерін дамыту. Бастауыш сыныбымен, білім есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныстыра отырып, сәт сапар тілеп табыстау.

Құрметті ата - аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бүгінгі күн - ерекше күн. Оның ерекшелігі 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп, білімнің негізі болатын бастауышта оқып, білім алып, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап бастарынан өткізген «Әліппемен қоштасу», дәстүрлі Наурыз тойлары, «Күзгі балл», мәнерлеп оқу сайыстары мен әртүрлі тақырыпта ұйымдастырылған көрмелер, сыныпаралық спорттық жарыстар, ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары балалардың есінде ұзақ сақталары сөзсіз. «Қош бол,бастауыш» деген ұлы ұғым да есте қалсын деп «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, Саған мәңгі бас ием, Бастауышым» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мұғалім: Көрінетін биіктен асқақ іспен
Баулитұғын білімге жас кішіден.
4 жыл бойы біліммен сусындатқан
Қоштасқалы күн келді бастауышпен.


Бастауышты халық та дәріптеген
«Білім көзі» деген сөз анық деген.
Өйткені бастауышта балаң шыбық
Ең алғаш танысады әріппенен.
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұнда күй болған сірә қаншаңыз да?
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
бір-бірлеп қылықтарын тамашала.

Гүлім


Ол бір үйдің еркесі

Ата-анасының көркемі

Ағасы мен інісінің тынысы

Сыныптың бетке ұстар тізгіні

Жыр оқып тарихын ол танытқан,
Кітап оқып білімін де дамытқан.
Гүлім - сыныбымыздың озаты,
Білімін ол болаттай ғып қорытқан.




Саят

Ата-ананың тұңғышы

Сыныптың биші жігіті

Істеген іске іскерлі

Айтқан сөзге тұрақты

Біліміменен үлгі болған сыныпқа,
Отырмайды ойланбастан сынып та.
Саят біздің өнегелі, өнерлі,
Арасында достарының беделді.

Баян


Есеп десе алдына жан салмайды

Үйде, түзде жұмыс істеп тынбайды

Жыл бойына сабақтан бір қалмайды

Айтқан сөзді екі еткізбей орындайды.

Сыйлап сәлем береді,
Үлкендерді көргенде.
Баянды біздің сыныпта,
Ізетті деп біледі


Сағындық


Дәптер,қарындаштың дүкені

Кімге де болсын береді

Анасының оң қолы

Қарындастарының қорғаны

Сыныптың жомарт ол досы

Жігіттің сұлу сұлтаны

Сағындық біздің биязы

Мадина


Іс келгенде алдына
Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Сыныптың шебер дизайнері.
Шебер болған жасынан,
Сөз асырмас басынан.
Намысқой біздің Мадина
Табылар дос қасынан.



(Оқушылар ортаға сахнаға бір-бірлеп шығады) музыка ойналады.

Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Қабылдап алып едім 4 жыл бұрын,
Әрқайсыңды жекелеп парақтадым.


Бесіктегі баланың, күлгенін көрген - бір бақыт.
Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген - бір бақыт! - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектеріміз бүгін сіздер үшін бар өнерлерін көрсетіп, тағы да бір бақытқа кенелтпекші! Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне, бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып, бір жылға тағы да есейгелі отыр

Ажырамай мектеппен үнемі сіз,
Жақсылыққа жаралған ниетіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз, - дей келе мерекелік кешімізді ашу үшін сөз білім ордамыздың басшысы Гүлдана Ертайқызына беріледі.

Саят: Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Гүлім: Енді міне сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Баян: Иә, міне сағымдай өте шыққан 4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.


Мадина: Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !


Сағындық : Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз.

Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз.

Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,

Қайталап атымызды сұрасқанбыз.


Саят: Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,

Ақылға келе алмадық ерте көніп.

Бойымыз бірте- бірте үйренісіп.

Мектептің ережесін үйрендік кеп.


Гүлім: Өмірдегі жолымды бір өзіңнен бастадым,

«А»әрпін алғаш сеннен бастадым.

Ұстазым естен кетпес мәңгілікке,

Мейіріммен жауырынымнан қаққаның.


Баян:Бірдей біздің ойымыз да , сырымыз,

Бір мектептің ұлы менен қызымыз.

Бірдей өстік оқуда да еңбекте,

Күліп - ойнап біріміз бен біріміз.

Хормен:
Құрбыласпыз,
Тұрғыласпыз,
бесеуіміз.
Күлімдейміз,
Бір бақшаның
гүліндейміз..


Мадина:Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

Саят: Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты.
Гүлім: Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.


Саят: Армысыздар, өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер,
Бүгін міне бастауышпен қоштасады,
Азамат боп кешегі сәби еркелер.
Гүлім: Армысың сен алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім.
Саят: Дұрыс айтасың Гүлім! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да енді міне мен де мектептен тәлім алудамын.
Гүлім: Олай болса Саят! Алтын ұя мектебімізге арнап Бота Бисенова апамыздың «Мектебім» әнін шырқайық!
«Мектебім» әні орындалады.

Саят: Ия мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың бізге сабақ берген ұстаздарымызға арнаған жырларын тыңдайық.
Гүлім:Маржан апай анашымдай аялаған,
Нұрланған шуағымсың саялаған.
Айналдық мейірімді жүрегіңнен
Шәкірттен өз бақытын аямаған.

Түзеттіріп шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Ойламайтын ертеңін
Ойсыз кейбір еркені
Түзеп жөнге салдыңыз
Ел алғысын алдыңыз.
Сабырыңыз құрыштай
Жөн айттыңыз ұрыспай.
Түзедіңіз тентекті
Тұрғызбай-ақ бұрышқа.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
хормен: Бойлаттыңыз тереңіне ғылымның
Алғысымыз сізге біздің шексіз мың!
Саят:Жаулап алып бар шәкірттің жүрегін
Алмагүл,Толқын,Роза, Рысты мұғалімдер есімдеріңізді әнге бөлеп жүреміз
Пейілдеріңізге ұқсап тұрып біз сіздердің
Әлемдегі әсем гүлге теңедік.


Гүлім:Басшымыз бар жақсылыққа жол сілтеген,
Сөзін ту ғып, біз болашаққа беттеген.
Шәкірт үшін адал жан Гүлдана Ертайқызы

Мақсатыңыз орындалсын көздеген.

Сағындық: Жүрегі нұр биязы мінез Жұлдыз Сағадатқызы

Адам жанын тәрбиелеп аялар

Тәрбиелеуден бар күшін салып аямар
Құрметтейміз біз сізді әрдайым.

Мадина:Мектепте бар бақылаушы Айтжан апай

Жүрісіне ешкім тең келмес зырлай-зулай

Өз пәнінің маманы болса дағы

Біздер үшін тер төкті жан аямай.

Баян:Шығармашылықтың жалыны

Тілдің түпкі тамыры

Шәкіртінің адал ұстазы

Күлзат апай сабырлы

Гүлім:Орыс тілі әр кезде керек ертең
Дияна апайымыздың келбеті өте көркем.
Ашық жарқын жанары қашан көрсең
Барлық жандар осындай болса екен.
Саят:Бота апай нағыз биші ұстазсыз,
Аз да болсын бір өзіңе ұқсаймыз
Шаршасаң да, сездірмей күлімдейсіз,
Шәкірттердің алғысына бөленіңіз..
Сағындық: Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Гүлжазира апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

Мадина:

Информатика тетігі

Қауымдастық әлемі

Торғын апай үнемі

Әдемі боп жүреді.

Баян

Тазалықтың иесі

Мектептің мейірбикесі

Әсем апай біз үшін

Үнемі жуас мінезі

Саят:

Дәмді тамақ жегізген,

Тәтті кисель ішкізген.

Оң қолынан бал тамған,

Аспазшыға мың рахмет!

Бізді білім нәрімен сусындатып отырған ұстаздарымызға « Шәріпбек » қойылымын ұсынамыз ұсынамыз.

Гүлім: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы

Аналарымызға арнап « Қоштасу вальсі» биін ұсынамыз.

Саят: Ұстазым ғой әліпбиді үйреткен,
Көкейіме көрік беріп, гүл еккен.
Мені оқытып, өркенімді өсіріп,
Жалындатып, жанарымды нұр еткен.
Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп жағылар.
Қадірлі ұстаз гүлмен бірге жолдаған
Шәкіртіңнің жүрек сөзін қабыл ал.
барлық оқушылардың орындауында «Ұстазым» әні
Саят: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр - түрлі номинацияларда Сіздерді дипломдармен марапаттаймыз.
Гүлім: "Ең білімді және сабырлы ұстаз" номинациясы бойынша мектебіміздің директоры Какимова Гүлдана Ертайқызы марапатталады
Баян: "Ең ақылды және адал ұстаз " номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Бозжігітова Айтжан Қайрбекқызы марапатталады
Сағындық: "Шығармашыл және мейірімді ұстаз " номинациясы бойынша мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Даирбекова Күлзат мұғалім
марапатталады

Мадина : "Ең сыпайы,мейірімді ашық жарқын ұстаз" номинациясы бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі жусупова Жұлдыз Сағадатқызы марапатталады
Саят : "Ең шебер ұйымдастырушы және көңілді ұстаз" номинациясы бойынша аға вожатый Садакбаева Айнагуль Қайрбекқызы марапатталады
Гүлім: "Талапшыл және адал ұстаз" номинациясы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Касенова Толқын Амангелдіқызы марапатталады
Мадина: «Ақ жарқын және байсалды ұстаз» номинациясы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Батырханова Роза Төлеуқызы марапатталады.
Баян: «Орыс тілін меңгерткен нәзік ұстаз» номинациясы бойынша Балжарикова Дияна Төлегенқызы марапатталады
Сағындық: «Алғыр,талапшыл ұстаз» номинациясы бойынша бастауыш сынып мұғалімі Елдесова Рысты Нурланқызы марапатталады
Гүлім: «Ең шырайлы ақкөңіл ұстаз» номинациясы бойынша Арынова Бота Еренғалиқызы марапатталады.

Саят: «Тілге шешен ұстаз» номинациясы бойынша Ахметова Гүлжазира Шаймерденқызы марапатталады
Сағындық: «Біздің сүйікті дәрігер» номинациясы бойынша мектебіміздің медбикесі Даирбекова Асем Болатқызы марапатталады
Мадина «Тағамы ең дәмді аспаз» номинациясы бойынша мектебіміздің аспазшысы Самал апай марапатталады
Баян : "Интернеттің желісі,информатиканың негізі" номинациясы бойынша тәрбие ісінің меңгерушісі жусупова Торғын Талғатқызы марапатталады.

Хормен:

Ұсынғаны адалдық,
Үйреткені адамдық.
Бар ұстазға тілейміз,
Бақыт, табыс, амандық.


Хор: Бастауышым-балбұлағым әні орындалады.


Бастауышта оқыдық ,

Ойға білім тоқыдық.

Бұлар бізден жалындар,

Ертеңгі ірі ғалымдар.

Алдыңда ұзақ жолың бар,

Оқумен өсіп толыңдар.

Қиындыққа мойымай ,

Аман - есен болыңдар- деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал