- Учителю
- Шығыс жұлдызы Ана тілі
Шығыс жұлдызы Ана тілі
1 «Г» сыныбына арналған Ана тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспары
Мұғалімнің аты-жөні
Жұмағалиева Райымгүл
Ж.Мырзағалиев орта мектебі
Күні: 10 .04
Сыныбы 1 «Г»
1- сабақ
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы
Шығыс жұлдызы. Заттың атын білдіретін сөздер
Сілтеме
Орта мерзімді жоспарлау Г.И.Уәйісова,Ә.Е.Жұмабаева Ана тілі оқулығы Алматы кітап баспасы 2012ж Жалпы білім беретін 11 жылдық орта мектептің 1- сыныбына арналған оқулық
Жалпы мақсаттар
Мәтіндердің мазмұнын түсіну, идеясын ашуға мүмкіндік беру.
- Оқушылардың таным мүмкіндіктерін қалыптастыру.
- Мәтіннің мазмұны, ондағы ой түйіні
Оқыту нәтижесі
А. Әлия туралы толық мағлұмат білу,
В.Мәтіннің идеясын аша отырып, өмірде пайдалана білу
С. Мәтіндегі айтылатын ойға сыни ойлана отырып ,өмірмен байланыстыру
Негізгі идеялар
оқушылардың шағын топтарда жұмыс істеуі арқылы бірін - бірі оқытуын қалыптастыру,
- тапсырмаларды орындауда өмірдегі білімі мен білетініне сүйену,
Оқыту тәсілдері
Сиқырлы суреттер,шындықпа ,жалғанба?Тв шоу,Екі жақты пікір
Акт, смайликтер , бағалау парағы, постер , Микрафон, слайд
Кейінгі тапсырмалар
Мәнерлеп оқу
Уа қыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушы іс-әрекеті
2 мин
10 мин
5 мин
3мин
3мин
10 мин
5 мин
3 мин
2 мин
2 мин
Сабақтың барысы:
І.Бағдарлау-мотивациялық кезең.
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық тренинг: Қуанамын менде Қуанасың сенде Қуанады достарым Арайлап атқан күнге. Топқа бөлу: Себетке салынған суреттер бойынша топқа бөлу. Мақсаты: Сабақтың мазмұнына орай бөлу. Үй тапсырмасы: «Шындықпа ,жалғанба?» Білу. Қызығушылығын ояту. "Мастер класс"
Жіберілген бейне фильм арқылы белгісіз кейіпкерді табады
(Ол Әлия еді.)
Жаңа сабақ.
Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жаздыру.
Мағынаны тану.
Автор туралы мәлімет беру. Сейілхан Асқаров
Сейілхан Асқаров - журналист, деректі фильмдердің сценарисі, КСРО киногерлер одағының мүшесі, КСРО Журналистер одағы сыйлығының иегері, 6-шы науырыз 1925 жылы Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының № 25 ауылына қарасты Орынбор теміржолының № 78-ші разъезінде дүниеге келген.
Әкесі Бармақов Асқар шаруа жанұясынан шықса да, кедейлік, қоңшылықтың зардабынан 1901 жылдары туған ауылын тастап, Орынбор - Ташкент теміржолы құрылысына қара жұмысқа кіреді. Өмірінің ақырына, яғни 1933 жылға дейін сол теміржолда жұмысшы, жөндеуші, күзетші, жол қараушы сияқты жұмыстарды атқарады. 1933 жылы әкесі қайтыс болғаннан кейін шешесі төрт жас баламен Қызылорда облысының Арал қаласына қоныс аударады.
Шешесі Бармақова Балбибі өмір бойы үй шаруасымен айналысып, 1968 жылы ауыр науқастан Алматы қаласында қайтыс болады.
Сейілхан Асқаров Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріне, ғылымына, журналистикасына, киноматографиясына өзіндік үлес қосып, болашақ ұрпақтардың еншісіне мол рухани мұра қалдырған.
Түсіну. Мағынаны тану.
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы (шын есімі Ілия)
Қаһарман қазақ қызы,
Кеңес Одағының Батыры
1925 ж. 25 қазанда Ақтөбе облысы, Қобда ауданының Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында дүниеге келген.
Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.
1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді.
Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты.
Оқулықпен жұмыс( Әр топқа тапсырманы бөліп беру)
Қолдану.( Әр топқа тапсырма беру. ) ( Дарынды, талантты )
1-топ Мәтінде кім туралы айтылады? 2-топ Әлия Сөзін топтау 3-топ ТВ ШОУ ( Журналистер ) Яғни ,басты кейіпкердің ролін сомдай отырып өмірмен байланыстыру.(Әрқайсысы топтар.а барып сұрақтар қояды)
Топтық жұмыс: ( Жас ерекшелігіне қарай тапсырма )
1-Топ: Батыр туралы мақалдар айту
2-топқа: Кім? Не? Сұрағына қатысты сөздерді ата?
3-топқа: Мәтін бізді неге шақырады?
Сергіту сәті: « Көжектерім»
Топқа бөлу: Сынып оқушыларын екі түс арқылы топқа бөлу.( Әңгіме дебат ) Талдау Сыныпты екі топқа бөле отырып «Екі жақты пікір» стратегиясын пайдалану. Кейіпкерлердің іс әрекетін ақ топ - жақтайды,қара топ - даттайды.( Соғыс,жеңіс) Жинақтау. «ыстық орындық»стратегиясын пайдаланып сұрақ қою
Бағалау: Сабақтың мазмұнына орай бағалау. Кері байланыс: ( Оқу үшін,оқыту ұшін бағалау )
Топты бағалайды.( Смайлик арқылы
-
Көңіл күйлерін білдіреді
Қалаған суреттерін алады.
Сурет бойынша үй тапсырмасын қортындылайды..
Сұрақтар қояды
Әңгіме ,пікірталас.
Әр топқа сұрақтар қояды.
Жұптасып жұмыс жүргізеді.
Сұрақтарға жауап беру
Жұппен жұмыс жүргізу
Қимыл жасау
Пікір алмасу.
Смайлик арқылы
Стикерге өз ойларын жазу