7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары: Түбір мен қосымша

Сабақ жоспары: Түбір мен қосымша

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Түбір мен қосымша 5

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға түбір мен қосымша жайында түсінік беру

2. Ойлау қабілеттерін дамыту,оқу дағдыларын

қалыптастыру

3.Сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс- тәсілі: Сөздік әдісі, көрнекілік әдісі.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, кестелер, оқу құралдары.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу ә) дайындығын қадағалау б) психологиялық дайындық

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

299 - жаттығуды тексеру. Ережені сұрау.

III. Жаңа сабаққа дайындық кезеңі:

Мақсат қою

Бүгінгі сабақтың мақсаты-түбір мен қосымша жайында түсіну

IV. Жаңа сабақ:

1. Дәптермен жұмыс.

Жатқа жазу: Асқабақтың дәмі

Таңдайымда әлі.

Кептірілген дәні

Таптырмайтын дәрі.

2. Оқулықпен жұмыс.

Ереже: Сөздің әрі қарай бөлінбейтін бөлігін түбір деп атайды. Көк, қобыз

Түбірге жалғанған бөлігін қосымша деп атайды. Көкшіл, қобызшы.

305-жаттығу.

Сөйлемдерді көшіріп жазады.Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіреді.

306-жаттығу.

Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздің түбірін қосымшасын сызықша арқылы бөліп жазады.

Сурет-ші, мүсін-ші, терезе-нің



3.Сергіту сәті . Бала- бала балақан

Қане қайсы алақан.

Саусақтарың айбат,

Былай,былай ойнат.

V. Сабақты бекіту:

4. Тақтамен жұмыс.

307-жаттығу.

Түбір сөздер мен тиісті қосымшаларды сәйкестендіреді.

Сый-лық, жұмыс-шы, біл-гіш, өнер-лі, ұш-қыш.

308-жаттығу.

Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің қайсысы түбір, қосымша екенін дәлелдейді.



VI. Сабақты қорыту: Сұрақ-жауап арқылы.

VII.Оқушыларды бағалау: Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау

VIII. Үйге тапсырма беру: 309-жаттығу.Ереже жаттау





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал