7


  • Учителю
  • Адам табиғат перзенті тәрбие сағаты

Адам табиғат перзенті тәрбие сағаты

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Адам табиғат перзенті.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қоршаған ортаны қорғау жауапкершілігін жүктеу, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру, табиғатты аялауға, өорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: тәрбие сағаты.

Сабақтың көрнекілігі: кітап көрмесі, салынған суреттер, нақыл сөздер.

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз: «Табиғат адам үшін жаралыпты, барлық қызық табиғаттан таралыпты». Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғат - асыраушың, қамқоршың. Ата-бабамыз: «Жер - қазына, су - алтын, мол-байлық» деп тегін айтпаған. Енді «Адам - табиғат перзенті» деген аталы сөзді оқушылар қалай түсінеді екен, соны тыңдайық.

ІІ. Әдеби мантаж:

1-оқушы: Абай атамыз қазақстардың табиғатпен байланысты тыныс-тіршілігін былай суреттеген.

Жазды күн шілде болғанда,

Көкорай шалғын толғанда.

Ұзарып өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге.

Шұрқырап жылқының,

Шалғынынан жоны қылқылдап.

Ат, айғырлар, биелер,

Бүйірі шығып ыңқылдап.

Суда тұрып шыбындап

Табиғат пен адамның егіз екенін осы өлеңнен аңғаруға болады.

2-оқушы: Ақындар табиғат анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіндегі барды адамға, жан-жануарға береді.

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан.

Осы шумақта табиғат адам анасы, ол адам табиғаттың перзенті екенін айғақтайды.

3-оқушы: Қандай мәселе болсын адамды табиғаттан, табиғатты адамна бөліп қарастыра алмаймыз.

Әй, табиғат! Шеберсің-ау, шеберсің,

Көрмегенді, көрсетерсің, бересің.

Ұлан - ғайып байлығыңды місе етпей,

Ашкөзденген адамдарға не дерсің.

Айың анау, күнің анау, жер міне,

Ау дамдар! Жетпей жатыр енді не.

Табиғатқа таласпаңдар, ағайын,

Асырайды, ол сенді де, мені, елді де.

4-оқушы: Жер-Ана біздің тұратын, демалатын, тәрбиелейтін мекеніміз. Құстардың қалай әндетіп, өзендердің қалай сылдырап ағатынын естілмей өскен, күннің шапағатына, қызығына қарамаған, күзде ағаштардың жапырақтарын сары, қоңыр түске боялғанына таңырқамаған ұрпаұтың өріс-ойы тар, қиял-сезімі қанатсыз болады.

5-оқушы: Елде - Ана.

Тарихта - ана, Өлең де - ана.

Анамыз - мынау байтақ далада,

Есімі бостандықтың,

Табиғаттың бәрі - ана.

ІІІ. Қорытындылау: Нақыл сөздерді талқылау.

</ Табиғатты аялайық, табиғатты сүйелік, табиғатты қорғайық.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал