- Учителю
- 'Жұрнақ пен жалғау' (2-сынып)
'Жұрнақ пен жалғау' (2-сынып)
Жамбыл облысы
Қордай ауданы, Беріктас ауылы
№28 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Бекхожаева Нагима Сулейменовна
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы
Жұрнақ пен жалғау
Сілтеме
Г. И. Уайсова, Р. С. Әміров, Ә. Е. Жұмабаева. 2-сынып. Алматы: «Атамұра», - 2013.
Мақсаты
Оқушылардың қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігі туралы алған білімдерін кеңейту, пысықтау. Түбір сөзге жұрнақ жалғатып, жаңа сөз жасату, сол сөздермен сөйлемдер құрату. Оқушылардың сөздік қорын байыту.
Күтілетін
нәтижелер
1. Сөз, сөздердің жазылу емлесін, түбір мен қосымша туралы түсінік қалыптасады
2. Қосымшалардың жұрнақ пен жалғау болып бөлінетіндігін біледі.
3. Сөзді құрамына қарай талдауды меңгереді.
4. Оқушы өз ойын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізе және талдай алады.
5. Өзін-өзі бағалап үйренеді
Сабақтың типі
Пысықтау сабағы
Сабақтың түрі
Аралас
Қолданылатын әдістер
Түсіндіру, «Миға шабуыл», жұмбақ, топтық жұмыс, сұрақ-жауап, «Сәйкестендіру», тест, «Екі жұлдыз, бір тілек»
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
Интерактивті тақта, слайд, үлестірмелі парақшалар
Сабақтың барысы:
Сабақ
кезеңдері
Уақыт
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі.
2 мин
Сәлемдесу. Психологиялық ахуал
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты сүймейміз,
Біз талантты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Қызығушылықтарын ояту
2 мин
«Бағдаршам түстері» арқылы топқа бөлу
«Бағдаршам түстері» арқылы үш топқа бөлінеді
Тұсаукесер
3 мин
«Миға шабуыл» арқылы үй тапсырмасын сұрау
1. Қосымша дегеніміз не?
2.Түбір сөз дегеніміз не?
3.Жұрнақ деген не?
4. Жалғау деген не?
Оқушылар сұраққа жауап береді.
1-2 -3 оқушы жоспар бойынша жазған «Қысқы еңбек» атты әңгімесін оқиды
Жаңа сабақ
3 мин
1. Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеске. (Білім)
2. Есіктен кіреді,
Төрден бір - ақ шығады. (Суық)
3. Сақалы жоқ шашы бар,
Бет-аузы жоқ басы бар.
Белін бекем байлаған,
Қоқысты қоймай айдаған. (Сыпырғыш)
Жұмбақтың шешуін тапқан балалар тақтаға шешуі болған сөздерді құрамына қарай талдайды.
Білу
5 мин
Оқулықпен жұмыс. (Дәптермен жұмыс) 292-жаттығу. Оқушыларға қосымша тапсырма айтылады. Шоқан туралы не білесің? Оқушылар білгенін айтады мұғалім толықтырады.
Мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды. Бір оқушы тақтаға шығып, қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдайды.
Түсіну
5 мин
293-жаттығу. Мәтінге ат қойылады.
- Балалар, қар сөзіне жалғанған қосымшалар жалғау ма жұрнақ па?
- Не себепті жалғау деп ойлайсыңдар?
Бір оқушы тақтаға шығып орындайды. Басқалары да дәптерлеріне көшіріп жазады. Қар деген сөзді сұрақтардың ретіне қарай өзгертіп жазады.
- Жалғау.
- Себебі ол сөз мағынасын өзгертпей, сөз бен сөзді байланыстырып тұр.
Қолдану
5 мин
Топтық жұмыс:
Оқушыларға шығармашылық жұмыс беру.
294-жаттығу. Оқушылар бірігіп ребусты шешеді.
Оқушылар берілген тапсырмаларды топпен бірге орындайды.
Шешуінде шыққан балықшы деген сөзді қатыстырып сөйлем құрайды
Сергіту сәті
1 мин
Сергіту сәті.
«Қара жорға» биі
Қимыл арқылы көрсетеді.
Талдау
5мин
«Сәйкестендіру»
343-жаттығу. Түбір сөздер мен жалғауларды бір-бірімен сәйкестендіріп, түбірге қосқандардың жалғау екендігін дәлелде.
Наурыз ді
Бала ға
Қала ның
Көмір да
Жауап тауып талдайды
Жинақтау
6 мин
Сабағымыздан алған білімдеріңді жинақтау үшін қазір мен сендерге, конверттер таратып беремін, конверттерде әріптер бар. Әріптерді пайдалана отырып сөздер құрастырасыңдар, сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратасыңдар.
Сонда балалар, сендердің құрастырған сөздеріңе нелер жалғаныпты?
1. Балапан 2. Өрмекші 3. Суретші 4. Қыста 5. Оқуды 6. Алманы 7. Қағазға 8. Айна 9. Орындық 10. Өнерлі
- Жұрнақтар мен жалғаулар.
Қорытынды
Кері байланыс
2 мин
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Стикерге тақырыпқа байланысты өз ойларын жазып, арнайы орынға іледі.