7


  • Учителю
  • Әдебиеттік оқу Нан туралы өлең

Әдебиеттік оқу Нан туралы өлең

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев.

Сабақтың мақсаты: Оқушыны Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, нанды қадірлеу, құрметтеу жайында түсінік беріп; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі - әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

І топ.

  1. Атасы қымызды қандай ыдысқа құйып алды? (торсыққа)

  2. Арғын мен атасы қайда келді? (Көктомарға)

  3. Атасы таза ауада демалғанды неге ұқсатады? (қыранға)

  4. Атасы шөп шабуға дайындалып, нені шыңдайды? (шалғы)

  5. Арғын атасынан не сұрап ішті? (қымыз) (тоқым)

ІІ топ.

  1. Арғын атасына не жасайын деп ниет білдірді? (қолғабыс)

  2. Атасы Арғынға не ұстатты? (тырнауыш)

  3. Атасы шөпті немен шапты? (шалғы)

  4. Шөпті неге тиеді? (арба)

  5. Арғынның әкесі қол шалғымен шөп шаба білуді не дейді? (өнер). (қағар)

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Бидайық деген сөзді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, «Нан» біздің дастарханға келгенше қанша адамның қолынан шығады? Диафильмнен үзінді көру.

Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе.

1. Сюжетті суреттер, яғни интерактивті тақтамен жұмыс.

2. Кәрім Сауғабаевтың «Нан туралы өлең» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп, жалғастырып оқу. Өлеңде қандай сөз жиі қайталанады? (нан, баспаңдар, сақтаңдар). Автордың бұл сөзді жиі қолдануындағы мақсаты не?

ҮІ. Топтық жұмыс.

1-топ Нан туралы эссе жазу.

2-топ Нан туралы өлең жазу.

3-топ Сурет салып,сипаттап айту.

Сергіту сәті: «Көңілді күн»

ҮІІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Автордың негізгі ойын тап. Өлеңді оқып, қандай ой қорытындысын жасауға болады? ( О, адамдар! Тіршілік арнасын сақтаңдар. Диқанның еңбегін тер төгіп ақтаңдар. Әр дәнді жоғалтпай, өмірдей сақтаңдар!). 2. Өлеңдегі ұйқас сөздер арқылы бір шумақ өлең құрастырып жаз. Мысалы:

О, адамдар! Диқанның еңбегін ақтаңдар,

Нанды баспаңдар. Нанды өмір деп санаңдар,Тіршілік арнасын сақтаңдар!

ҮІІІ. Қорыту. «Нан» жайлы өз пікіріңді айт.

ІХ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп оқу, сөзжұмбақ құрастыр.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал