7


Қызықты математика (3 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағаты.



Сабақтың тақырыбы: «Қызықты математика».

Сабақтың мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Баланың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын,көзбен мөлшерлеуін дамыта отырып, ойын ұшқырлау. Оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Қима қағаздар, есеп жазылған қағаз.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақ барысы:



1.Ұйымдастыру бөлімі:

Сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөлу: 1-топ - «Тапқырлар», 2-топ - « Жүйріктер», 3-топ - « Ұшқырлар».



2.Негізгі бөлім: Кезеңдерімен таныстырамын:



1 - кезең: « Ойнайық та, ойлайық».

2 - кезең: «Кім жүйрік?»

3 - кезең: « Тапқыр болсаң шешіп көр».

4 - кезең: « Жүзден жүйрік».

5 - кезең: « Құрастыра біл».

6 - кезең: « Марапаттау».

7 - кезең: « Қорытындылау».



1 - кезең: « Ойнайық та, ойлайық» (әзіл есептер).

« Топ үйрек», « Май шам», « Аулада». Үш әзіл есеп жазылған қағаз үш топқа беріледі. Жүргізуші есеп мазмұнымен таныстырады.



1-топ: « Тапқырлар» тобына:

« Топ үйрек».

Бір топ үйрек ұшып барады. Олар барлығы бесеу. Біреуі жерге қонса, нешеу қалады? ( 1-еу, өйткені қалғаны ұшып кетеді.)



2-топ: « Жүйріктер» тобына:

« Май шам».

Үстел үстінде 5 май шам жанып тұр еді. Еркін оның төртеуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше май шам қалды?



3-топ: « Ұшқырлар» тобына:

« Аулада».

Аулада қойлар мен тауықтар жүр. Олардың 5 басы, 14 аяғы бар. Тауық пен қой нешеу? ( 2 қой, 3 тауық.Өйткені: 4+4+2+2+2=14 аяқ, 5 бас.)





2 - кезең: « Кім жүйрік?» (логикалық есептер).



1-топ: 1кг. Темір мен 1кг. мақтаның қайсысы ауыр? ( Бірдей.)

2-топ: Дорбадағы 10 асықты он бала бір-бірден алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? ( Бір бала асықты дорбада қалдырды.)

3-топ: 4 жұмыртқа 4 минутта піседі. 1 жұмыртқа пісу үшін неше минут уақыт керек?



3 - кезең: « Тапқыр болсаң шешіп көр».( Жұмбақ есеп. Топтар арасындағы сұрақ - жауап әдісі арқылы жүргізіледі.)



1-топ: 3 кісі шахмат ойнаған. Олар барлығы 3 ойын өткізсе, әр кісі неше рет ойнаған? ( Әр кісі 2 рет ойнаған.)

2-топ: Қосарлап жегілген 3 ат 1 сағаттың ішінде 12 км жол жүрді. Осы уақыттың ішінде 1 ат неше км жол жүрді? ( 12 км жол жүрді.)

3-топ: Әкемнің 7 ұлы бар. Оның әрбір ұлының қарындасы бар. Сонда әкемнің неше баласы бар? ( 8 баласы бар.)



4 - кезең: « Жүзден жүйрік». ( шапшаң ойлау.)



1-топ: Тазда 3 тал шаш болса, тақырбаста қанша шаш болады? ( Тақырбаста шаш болмайды.)

2-топ: Қандай орман тұрғыны өзінің ағаштарына саңырауқұлақтар іліп қояды? (Тиін.)

3-топ: Жалмауыз кемпірде 1-2 тіс болса, жаңа туған балада қанша тіс болады? (Жаңа туған балада тіс болмайды.)



5 - кезең: « Құрастыра біл».

Әр топқа қима қағаздар беріп, бірнеше геометриялық фигуралар құрастыруларын талап етемін. Жаңа геометриялық фигураларды бірінші болып құрастырған топ жоғары ұпайға ие болады.

Бұл ойынның ерекшелігі: сол оқушы қағазды құрастырған кезде алда қандай фигура құрастыруға болатынын ойланады.



6 - кезең: « Марапаттау».

Ұпай санын есептеп, көп ұпай жинаған топты жұлдызшамен



7 - кезең: « Қорытындылау».

Оқушылардан жарыстың тартымды,қызықты, алған әсерлерін сұрап, қорытындылаймын.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал