- Учителю
- Мектеп. Сынып. Оқу құралы (1 сынып)
Мектеп. Сынып. Оқу құралы (1 сынып)
-
сабақ
Сабақтың тақырыбы: Мектеп. Сынып. оқу құралы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға мектеп туралы түсінік беру, сыныппен таныстыру, Жаңа оқу жылында қажетті оқу құралдарды айтып өту.
Көрнекілік:Суреттер. Оқу құралдары
Қолданылған әдіс- тәсіл: Түсіндіру, сұрақ- жауап.
Сабақтың типі: Дәстүрлі, аралас сабақ.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды білім күнімен құттықтау.
ІІ. Оқулықтағы бірінші сурет бойынша сұрақ- жауап.
-
Балалар қайда жүр?
-
Неше ұл бала, неше қыз бала?
-
Қыз бала не істеп жатыр, ал ұл бала ше?
-
Тақтаның алдында нелер тұр?
-
Қыз баланың қолында не бар?
-
Ұл бала не көтеріп бара жатыр?
Екінші сурет бойынша
-
Мыны суретте нелерді көріп отырмыз?
-
Тақта бізге не үшін қажет?
-
Парта, бор, орындық нелер үшін қажет?
-
Қыз бала ненің алдында отыр?
Үшінші сурет бойынша
-
Қыз бала не істеп отыр?
-
Оның алдында нелер жатыр?
-
Қыз балаға ат қойыңдаршы?
-
Назым не істеп отыр?
Төртінші сурет бойынша әңгімелері тыңдалады
-
Ненің суреттерін көріп отырсыңдар?
-
Бұл оқу- құралдары бізге не үшін қажет?
Оқушылардың әңгімелері тыңдалады.
ІІІ. Сабақты қорыту.