7


Етістік

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Етістік туралы түсінік беру, тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың дербес жұмыс істеуін арттыру.Дамытушылығы: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен іздене жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой - өрісін,
предварительный просмотр материала



Бекітемін: Қаралды:

Директор._____________Т.Адилхан Оқу ісінің меңгерушісі.

« 27» ақпан 2013жыл ___________Г.Молдағұлова



Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Етістік туралы түсінік беру, тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың дербес жұмыс істеуін арттыру.

Дамытушылығы: Оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыра отырып, өз бетімен іздене жұмыс істей білуге баулу. Тіл байлығын, ой - өрісін, ақыл - ойын дамытып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, адамгершілікке, бір бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың принциптері: біртұтастық,жүйелілік,белсенділік.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,ойын,көрнекілік,талдау,ізденушілік.

Көрнекілігі: слайдтар,терме диктант,ойындар,суреттер,сөзжұмбақ.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,дүниетану.

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да.

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да.

Шуақты көктем нұр төгіп,

Көңілді кетті көтеріп.

Оқушылар екі топқа бөлінед:.

І топ: «Жауқазын»

ІІ топ: «Бәйшешек»

II. Жаңа сабақ
Сюжетті суретпен жұмыс

Жыл мезгілдерін айту.

Бүгінгі сабақта көктемгі еңбек түрлерін,наурыз айында болатын мереке-


лерді,табиғаттағы өзгерістерді атап өтеміз.

(Малдар төлдейді,егін егеді,жыл құстары келеді, 8 наурыз Аналар мерекесі, 22 наурыз Жаңа жыл)


Көктем мезгілінің суретіне сөйлемдер құрату.

Ондағы қимыл-іс әрекетті білдіретін сөздерді айтқызу.(слайд)

Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Етістік деп аталады.


Оқушылар ережені өздері қорытып шығарады.

Заттың іс - әрекетін, қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз. Не істеді? Не қылды? Қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

1.Төрт түліктің төлдерін күтуге көмектесеміз,ол үшін тапсырмаларды орындаймыз,тақпақ айту (слайд.)
Оқулықпен жұмыс.
Енді мына сюжетті суреттерге назар аударайық?
-Балалардың әженің не істеп жатқанын білдіретін қимыл атауын айтып, ол сөздер қандай сұраққа жауап береді?
-Ержан отын жарды.
Сұрақ қойып көрейік. (Ержан не істеді?)
-Сара гүлге су құйды. (Сара не істеді?)
-Жанар секіртпемен секірді
(Жанар не істеді?)
-Әжей ұршық иірді (Әжей не істеп отыр?)
-Марат домбыра тартты
(Марат не істеді?)
Осы сөздер заттың нелерін білдіріп тұр?
-Заттың іс - әрекетін білдіреді.

2.Аналар мерекесіне тапсырмаларды орындап сыйлық жасаймыз (тақпақ айту).
414 - жаттығу жазбаша орындау.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Керекті сөздер: жүреді, жасырынады, болады, секіреді.
Тоғайда түрлі аңдар болады. Терең шатқалға қояндар жасырынады. Қызыл түлкілер тоғайда жүреді. Тиіндер ағаштан ағашқа секіреді.

Ойын: «Тез тауып, бөгелмей айт»

Ұшақ……. ұшты. Машина…….жүрді.

Жел…….соқты. Шөп .........шықты.

Найзағай .....ойнады. Тапсырма ........орындады.

Қоңырау .....соғылды. Жаңбыр ..........жауды.


III. Сергіту сәтін жүргізу
Қонды, жауды, тасыды, жүзді. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап, іс - әрекетке сергіту сәтін жүргізейік.
Қонды - қонды - құстар қонды
Жауды - жауды - жаңбыр жауды
Тасыды - тасыды - өзен тасыды
Жүзді - жүзді - балық жүзді.
Кәнеки, орнымызға отырамыз.

3.Наурыз тойын тойлау үшін мына тапсырмаларды орындайық(тақпақ айту).
Жұмбақ
Ендеше 413 - жаттығудағы жұмбақты оқып, шешуін табайық.
Жазда қыдырады, қыста тығылады. (Су)
Мұндағы іс - қимылды білдіретін сөздерді табайықшы.
Келесі жұмбақты оқып, шешіп көрейікші.
Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн) \
Жұмбақтың ішінен етістікті табайық.

«Пантомимо» ойыны.

Әр топқа сөйлемдер беремін,сол сөйлемді қимылмен көрсетесіңдер,

ал қалғандары шешеді.

І топ:

а)Басымды жудым,шашымды тарадым,айнаға қарадым.

ә)Біздер жүгірдік,секірдік,доп ойнадық.

ІІ топ:

б)Біздер ән айтып,биледік,шапалақтадық.

в) Мен сабақ оқыдым,жаздым,отырдым.


4.Құстарды қарсы аламыз,ол үшін мына тапсырмаларды орындаймыз (тақпақ айту).
Шығармашылық жұмыс.

«Ұйқасын тап» ойыны.

І топ: Арба сықырлап...жүрді, ІІ топ: Сүрініп кетіп ...құлады,

Ит арсылдап... үрді. Аяғым деп... жылады.


Ойын: «Қалай дыбыстайды?»

Берілген суреттерге әр топ мысалы,мысық .. мияулайды,арыстан...ақырады,

Ит... үреді,жылқы ... кісінейді.

ІҮ.Сабақты бекіту:

1.Терме диктант.

Көгершін,жасыл,жинады,айтты,кітап,сөйлесті,ертең,байлады.

2. «Көктем» сөзжұмбағын шешу.

1.Айдос ауылдан келді.

2.Алыстан тау көрінді.

3.Малшылар жайлауға көшті.

4.Марат кассаға ақша төледі.

5.Мұғалім әдемі жазуға үйретті.

6.Аян інісіне көмектесті.
V. Оқушылардың білімін бағалау
VI. Үйге тапсырма. 417 - жаттығу, ереже жаттау.



Басымды жудым,шашымды тарадым,айнаға қарадым.

Біздер жүгірдік,секірдік,доп ойнадық.

Біздер ән айтып,биледік,шапалақтадық.

Мен сабақ оқыдым,жаздым,отырдым.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал