7


  • Учителю
  • Ашық сабақ '4 санының құрамы' (1- сынып)

Ашық сабақ '4 санының құрамы' (1- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: 24.10.2014ж

Математика

Сабақтың тақырыбы: 4 санының құрамы. 46 бет

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 4 санының құрамына қатысты теңдіктерді жазуға, және

оқуға үйрету. 4 санының құрамы, 4 санын салыстыруды үйрету. Мысалдар арқылы 4 санын ұғындыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, сауаттылыққа, білімділікке баулу.

Дамытушылық: Ой-өрісін, сана-сезімін, логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сабаққа деген қызығушылығын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, ой қозғау, шығармашылық тапсырмалар..

Сабақтың көрнекілігі: 1 мен 4 цифрларының үлгісі, электронды оқулық, мазмұнды суреттер, кестелер, үлестірме қағаздар, слайд, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: сауат ашу, дүниетану.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

1. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Қатар - қатар тізіліп

Оқушыға лайық

Қолымызды жіберіп

Түп - түзу болып тұрайық

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Отыруға нақпа - нақ

Дайындалдық бәріміз

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

1. Сандар қатарындағы бірінші сан.

2. 4 саны неше элементтен тұрады?

3. 4 саны сандар қатарында қай саннан кейін тұрады?

4. 4 санын тақтаға салып көрсету.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

№5

3см+1см═ 4см

1см+3 см═4 см

4см- 1см═3 см

4см- 3см═ 1см

ІҮ.Мақсат қою: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы -4 санының құрамы .

Ү. Жаңа сабақ:

1. Мұғалімнің түсіндірмесі:

Оқушыларды шапалақты соғу арқылы өзіне қарату. Менің сөзіме құлақ саламыз.

Арбаларда жөн бөлек

Оларда 4 дөңгелек

Туралап тарт бұлтарма

4 тұяқ бар тұлпарда

4 бұрышты орамал

4 қабырға қоралар

Бір жылда 4 маусым бар

Қане соны айтыңдар:

Қыс пенен көктем екеуі

Жаз да күзде бар

4 түлік мал дәулетің

Оған ие әулетің

Мамыр айының ашық күндерінің бірінде жасыл жапырақта 2 қаңқызы қонып отырды. Оларға тағы 2 қанқызы келіп отырды. Жапырақта барлығы неше қанқызы қонып отыр? Барлық қанқызыны санаймыз. Жапырақта 4 қанқызы отыр.

Тақтаға қарайықшы, мен сандар қатарын жазайын 1, 2, 3, 4. Біз қандай санмен тоқтап тұрмыз балалар? 4 саны. Осы 4 санының құрамы болады.

2 мен 2 нің қосындысы 4 болады екен. 3пен 1дің қосындысы 4. Олай болса 4 санының құрамы мынада.


4

2

2

1

3

Слайдтағы 6,7,8,9 беттерді көрсетіп мысалдармен түсіндіру.

Ал енді балалар, 4- пен 4- тің азайтындысы нешеге тең деп ойлайсыңдар? 0-ге тең. Себебі, саннан санды алсақ 0-ге тең деген ұғым бар.

2. Дәптермен жұмыс:

Слайдтағы есептерді дәптерге көшіріп аламыз.

2+2=4 3+1=4 4-4=0

3. Оқулықпен жұмыс:

№ 2. Кесінділерді сыз. Салыстыр:

4см 3см 3см 4 см 4см 3см

№3 Кім жылдам?

Қалып қойған сандарды ата:


1


3


4


2


0

0


2


4


3


1


4. Сергіту сәті

Ролик көрсету арқылы балалар сергіту сәтін қайталап отырып жасайды.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту:

№4 Салыстыр:

0*4 4см*2см

4*4 4см*4см

2*4 3см*4см

4*3 2см*1см

5. Үлестірмелі қима қағазымен жұмыс

1+0 =1 3+1=4 1+2=3 2+0=2 2+2=4 1+1=2 3-1=2 4-1=3 4-4=1

3+0 =3 2+1=3 3-2=1 1+3=4 4+0=4 0+1=1 0+2=2 0+3=3 0+4=4


ҮІІ. Сабақты қортындылау:

- Біз бүгін нені үйрендік?

-Қай санды қайталадық?

-Жаңадан не білдіңдер?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

5- есепті шығару.

Бағалау:

Белсенді қатысып отырған оқушыларды бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал