7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы:Су. Судың қасиеті

Сабақтың тақырыбы:Су. Судың қасиеті

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Тлепова Маржан.

</ Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №18 орта мектеп Тақырыбы: Су. Судың қасиеті





Сабақтың мақсаты.Білімділігі: су, суды пайдаланудың адамдарға тигізетін пайдасы мен кері әсері және одан құтылудың тиімді әдістері, судың маңызы туралы танымдарын кеңейту, өздігінен қорытынды шығара білуге дағдыландыру туралы оқушыларға түсінік беру.

Дамытушылығы: оқушылардың ойлау қабілеттерін, ой қозғау қабілеттерін дамыту.Сөйлеу, ойлау, зеттеу, іздену қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.

Тәрбиелілігі: табиғатты қорғауды, оны сүйе білуге баулу.Салауатты өмір салтына, табиғатты қорғау сезіміне тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету, суды үнемдеп жұмсауға, қорғауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ, жаңа сабақты игеру.

Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, музыка, бейнелеу өнері.

Көрнекі құралдар: сызбалар, карта, стакандар, су, сүт, суреттер, глобус.

Әдіс - тәсілдер: түсіндірме, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ой толғау, топтастыру.

Сабақтың барысы:

I .Ұйымдастыру кезеңі:

а) құралдарын тексеру;

ә) назарларын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық.

III. Үй жұмысын тексеру.

Сұрақ  жауап:

 Өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

 Ауа не үшін керек?

 Ауаның қандай қасиеттері бар?

 Ауа қайда кездеседі?









Су тамшыларындағы сұрақтар (оқушылар бір тамшылардан алып, тамшыда жазылған сұрақтарға жауап береді).

  1. Су туралы не білесің?

  2. Судың қандай пайдасы бар?

  3. Сен суды үнемдейсің бе?

  4. Сен суды қандай заттарға пайдаланасың?

  5. Су туралы мақал білесің бе?

IV. Жаңа сабақ. Яғни,бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Су. Судың қасиеті».Су - сұйық зат.Адамға ауа қандай қажет болса, су да сондай қажет. Су мұз, бу, сұйық күйде кездеседі. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді. Жер бетінде көп тараған зат - су. Глобусқа қарасақ жердің төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Көгілдір түске боялған жерлері су. Олар мұхиттар, көлдер, теңіздер, өзендер, сарқырамалар. Мысалы, Тынық мұхиты жер шарындағы ең үлкен мұхит, Үнді мұхиты, Атлант мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхиты.Каспий ең үлкен көл. Жайық, Сырдарья өзені.Су бар жерде бау - бақша, орман, егін, мал болады. Сондықтан қазақ «сулы жер - нулы жер» деп бекер айтпаған.Қазақ халқы суды қадір етумен қатар, оны жалпы халыққа, жан - жануарлар дүниесіне өсімдіктер әлеміне тіршілік беруші күш деп атаған.Судың екі түрі бар. Ащы су және тұщы су. Ащы су мұхитта, көлдерде, теңізде кездеседі. Ал тұщы суына құдық суы, жаңбыр суы, өзен суы жатады.

Картамен жұмыс.Су көк түспен беріледі. Қандай мұхит, өзендер бар екенін айтып өту.

Дәптермен жұмыс.

Кітаппен жұмыс.Тізбектеп оқыту.

Практикалық жұмыс.Судың өзіне тән қасиеттері бар. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.

1 - тәжірибе. Стакан, кесе дайындау. Осы ыдыстарға су құямын. Сендер әрбәр ыдыстағы судың пішініне қараңдар. Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған дәл өзіндей емес пе? Сендер әрбір ыдыстағы судың сол ыдыстың пішініне ие болғанын көресіңдер. Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған пішінін алады екен. Ол қандай ыдысқа құйылса, сондай пішінге ие болады.

2 - тәжірибе. Екі стаканды аламыз.Біреуіне сүт, екіншісіне су құямыз. Екеуін салыстырайық. Сүт ақ, ал су түссіз.

Қызыл, жасыл, сары, ақ қағаздан бірнеше жолақ дайындаймыз. Осы қағаз түстері мен судың түстерін салыстырамыз. Суды сары, қызыл, жасыл деп айтуға бола ма? Болмайтынын байқадық. Демек, бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін білдік? Судың түсі болмайды. Су - түссіз.

3 - тәжірибе. Бірінші стакандағы сүтке, екінші стакандағы суға екеуіне де қасық сал. Қай ыдыстағыдан қасық анық көрінеді? Судың ішінен қасық анық көрінеді. Өйткені, су - мөлдір. Бірақ табиғатта су үнемі мөлдір болып кездесе бермейді. Себебі, ол әртүрлі қалдықтардың салдарынан ластанады.

4 - тәжірибе. Қант, тұз, бұрыш, лимонның дәмі қандай? Қант - тәтті, тұз,бұрыш - ащы, лимон - қышқыл.Енді судың дәмін байқайық. Оны ащы, тәтті, қышқыл деп айтуға бола ма? Болмайды.Демек, таза судың дәмі болмайды.

5 - тәжірибе.Анаң тамақ дайындап жатқан кезде сен астың иісін сезесің. Гүлдер мен иіссудан да жағымды иіс шығады. Ал судың иісі бар ма? Иіскеп көр. Суда иіс жоқ. Бұл тәжірибеден судың қандай екенін білдік? Суда иіс жоқ. Су - иіссіз.

6 - тәжірибе. Біреуіне құйылған, екіншісі бос екі стакан аламыз. Бос стаканға бірінші стаканға құямыз. Яғни, су не істеді? Су ағады.Қағаз бетіне суды ағызайық. Су қайда кетті? Су ағып кетті. Олай болса, су ағады.

Суретпен жұмыс.

Сергіту сәті.

Тақтамен жұмыс.Ой толғаныс.

Тұщы су мен ащы су қайда болады?Салыстырайық, анықтайық.

Веен диаграммасы.

Ащы су Тұщы су

Мұхитта құдық суы

Теңізде жаңбыр суы

Көлде өзен суы

Ойын: «Өз орнына орналастыр» ( сөздерді өз орнына орналастырады ).

Сызба құрастыру.Су туралы не білдік?

мөлдір

ағады

иісі жоқ

Су дәмі жоқ

түсі жоқ

пішіні жоқ

Ойын: «Кім шапшаң?» су күйлерін еске түсіру.

«Судың неше күйі бар?»

1.Жылт -жылт етеді, жылғадан өтеді.(Судың сұық күйі)

2.Өзі судан жаралған

Бірақ судан қорқады.(Мұз - судың қатты күйі)

3.Көзге көрінгенімен

Ұстасаң қолға ілінбейді.(Бу - газ күйі)

V.Сабақты қорытындылау.Ой жинақтау.

Адам өмірі мен табиғаттағы судың маңызы

Жәндіктерге Өсімдіктерге

Адамдарға Құстарға

Жануарларға Өндірісте

Тұрмыста

VI. Үй тапсырмасын хабарлау және оған нұсқау беру.

Мазмұнын айту, жұмбақ, мақал-мәтел жаттау.

VII. Бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал