- Учителю
- Тіл білгірі 4 сынып
Тіл білгірі 4 сынып
«Тіл білгірі» сайысы
Мақсаты: Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Барысы:
Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан теңіз жоқ.,-
дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық!
(оқушылар өздерін таныстырады).
-
Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділқазылар алқасы таныстыру
-
Сайысымыз бес турдан тұрады.
-
«Бәйге»
-
«Полиглот»
-
«Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі
-
«Ескірмейтін есті сөз»
-
«Жорға»
-
Әр турдағы жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырылады. Сұрақ барлығыңа бірдей қойылады. Кім бірінші көк жалауды көтерсе, сол оқушы жауап береді. Сұрақтар қазақ тілі, ана тілі пәндері бойынша қойылады.
-
тур «Бәйге»
-
-
Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9
-
Жалғаудың неше түрі бар? 4
-
Мәтінде баяндалатын оқиға мен ойдың түйінін не дейміз? Тақырып
-
Сөздің түпкі бөлшегі қалай аталады? Түбір
-
Сөйлем мүшесі неше топқа бөлінеді? 2
-
Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз? Сұрақ қою арқылы
-
«Дала» сөзін III - ші жақта тәуелде? Даласы
-
Өздері сөйлем мүшесі болмайтын, бірақ сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздер болады екен. Осы сөздер қалай аталады? Қаратпа сөз
-
Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ата? Қатаң, ұяң, үнді.
-
Итмұрын, Әбдіқадір, тасбақа - қандай сөздер? Біріккен
-
Қазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады? 42
-
Түбірге жалғанатын қосымша қалай аталады? (Жұрнақ пен жалғау).
2-тур «Полиглот»
- Бұл бөлімде мақал -мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады. Бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса, 5 ұпай, қазақша, орысша, ағылшынша айтса, 15 ұпай жинайды.
-
Өнер алды қызыл ………. (тіл-язык-…….)
-
Тіл тас жарады………..жармаса бас жарады (тас-камень-……)
-
Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің …. тәтті. (нан- хлеб)
-
Қорқақ мың өледі, ер ….. өледі. (бір-один-…….)
-
Қыстың қамын …. ойла. (жаз-лето)
-
……құрмет, балаға міндет. (ана- мать-…)
-
Таяқ еттен өтеді,…. сүйектен өтеді. (сөз-слова-…)
-
… - асқар тау. Әке - отец …
-
Ел құлағы-… (елу-пятьдесят)
-
Асықпаған арбамен …. алар. (қоян- заяц-…) (Ұпайы төмен екі оқушы шығады).
-
Сіздерге алдағы уақытта жақсы білім көрсетеді деп сенеміз. Оқушыларды қошеметтеп шығарып салайық!
-
Енді 3 - турға да кезек келді.
3 - тур «Асыл сөз немесе ана тілі» әлемі
-
Жырды айтушы адамды қалай атайды? Жыршы
-
Алпамыс батырдың қарындасының аты? Қарлығаш
-
Өмірде болған адамның басына құрылған халық шығармасы қалай аталады? Аңыз әңгіме
-
«Қырғызбаев» болып аталып кеткен кім еді? Кімнің қандай шығармасы?
(«Қырғызбаев» болып аталып кеткен - Т. Рысқұлов. Ш. Мұртаза «Қызыл жебе» Бала Тұрар).
-
«Қарлығаш әулие» атанған бидің аты. Төле би
-
Мақал мен мәтелдің қандай айырмашылығы бар?