7


  • Учителю
  • Внекласный урок на тему 'Қасиет пен құт дарытқан ана тілі'

Внекласный урок на тему 'Қасиет пен құт дарытқан ана тілі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қасиет пен құт дарытқан ана тілі

Мақсаты: Оқушыларды өз ана тілін дамыту, таза сөйлеуге үйрету, арқылы ғалымдар ілімін дәріптеуге дағдыландыру, өз ана тілінде сөйлеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: «Газет тіл тарихы -ел тарихы», суреттер

Әдіс -тәсілі: Мақал -мәтел сайысы, ой толғау, ән айту, түсіндіру, мәнерлеп оқу.

Сабақ барысы: Әнұран орындалады.

Мұғалім: «Мен қазақпын» Ж.Молдағалиев

Тіл - ұлттың аса ұлы игілігі, әрі оның ажырағысыз белгісі. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюіне тығыз байланысты. Тіл -ұлттың жаны, тіл -ұлттың асыл қазынасы. Бұл қазынаны жоғалтуға болмайды. «Тіл -құрал»,-деп Ахмет Байтұрсынов айтқан. Тіл арқылы біз бір -бірімізбен сөйлесеміз, ара қатынасқа түсеміз араласамыз. Ең ащы да тіл, ең тәтті де тіл, емес пе?!

Мұғалім:

Ата -анамыз әлдилеп,

Уатқан бізді баба тіл.

Сол туған тіл атауы,

Ежелгі біздің қазақ тіл.



Балғын: Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ сияқты .

(Ғ.Мұстафин)

Меруерт: Сөзі жоғалға халықтың өзі де жоғалады.

(А.Байтұрсынов)

Нұрсаят: Әр халықтың ана тілі -білімнің кілті. Біздің жастарымыз ана тілінде жетік, білімді, мәдениетті болсын.

(А.Жұбанов)

Алихан: Қазақ тілі -бай тіл, оралымды, ырғақты теғеу -бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс сияқты, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл. Мен осындай тілімізді таза ұстайық деймін.

(Ғ.Мүсірепов)

Мұғалім:

Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін. (С.Торайғыров)



Оқушылар өз шығармашылығының жүрек жарды өлең жолдарын арнайы «Тілім менің».

«Тілім» дейсің жүрегіңмен тілініп,

«Тілім» дейсің білмегенге күйініп.

Өз тіліңді, өз ұлтыңды білмесең,

Өзге ұлттар кетеді ғой бұрылып.

«Ана тілі»

Ана тілін білмеген,

Өмірден құр қалады.

Ақылды құлаққа ілмеген,

Алаулы отқа жанады.

Мұғалім:

Тіл жүйрік емес, шын жүйрік.

Тіл тікенді де алалы.

Тілге әр күн мейрам,-дегендей оқушыларға мақал-мәтел сайысына кезек береміз.

Мирас:

Бас ойлағанда -тіл тыныстайды

Қырғи тіл-қиыр қылыш.

Оқушы:

Жылы сөз жүректің кілті

Сауысқан тілінен татады.

Оқушы:

Тіл-ақылдың малайы.

Икемді тіл-инеден өткір.

Эльмира:

Ақылсыз мен білем деп көп сөйлеген,

Ақылды - сөзді үнемдеп, дөп сөйлеген,

Ауыз - аймақ,

Тіл - тайғақ.

Ағынтай:

Құлақ екеу, тіл жалғыз,

Аз сөйлеп, көп тыңдаңыз.

Сүйдіргенде - тіл,

Күйдіргенде - тіл.

Нұрай:

Қылыш бірді жайратар,

Тіл мыңды жайратар.

Жұмсақ тіл жолбарыстан түлкі жасар.

Мұғалім:

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін.

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -

Айта бергім келеді, айта бергім!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылғы қаңтардың 20-күнгі Жарлығына сай жыл сайын қыркүйектің 22 - күні «Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде Республика көлемінде аталатынын білесіздер. Қазақ тілі мемлекеттік тіл құдыретін тұғырына қондырудағы игі істер жалғасына табуда.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал