- Учителю
- 4-сынып ана тілі пәнінен 'Орындалған арман' тақырыбына сабақ жоспары
4-сынып ана тілі пәнінен 'Орындалған арман' тақырыбына сабақ жоспары
Тақырыбы: Орындалған арман. Спандияр Көбеев.
Мақсаты: Оқушыны Спандияр Көбеевтің «Орындалған арман» атты әңгімесінен үзіндіден Ыбырай Алтынсариннің өмірімен таныстыра отырып, Спандияр Көбеевтің мектепке алынуы жайлы мәліметпен таныстыру, оқып, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуге, ойын тұжырымдай білу қасиетін дамыту; шыншыл азамат болуға тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.
Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
-Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан).
- Олар қандай сұраққа жауап іздеді?
- Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?
- Ақжүрек шал жатқан ағаштың түбіне қандай аң-құстар жиналды? (қарға, көк кептер, бұғы, жылан).
- Олар қандай сұраққа жауап іздеді? Қарғаның, Көк кептердің, Жыланның, Бұғының айтуынша жамандық неден болады дейді?
ІІІ.Үйтапсырмасынпысықтау:
- Ыбырай Алтынсарин кім? (Ыбырай Алтынсарин - жазушы, ақын, ағартушы ұстаз. (1841 - 1889) Қостанай облысында туған. Қазақ балаларына арнап Торғай қаласында мектеп ашқан. «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралын жазған).
-Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
-1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
-2. Жаңа сабаққа даярлық.
-Спандияр Көбеев кім? (1878 - 1956, Қостанай облысында туған. Жазушы, ұстаз. «Үлгілі бала» атты кітабы бар.