Мақсаты:
|
Біріккен сөздердің екі түбірдің бірігуі арқылы жасалып,
тұтас бір ұғымды беріп, бір сұраққа жауап беретінін ұғындыру.
Сөйлем ішінен біріккен сөзді таба алуға, әр түрлі түбірлерден
біріккен сөздер жасай алуға үйрету.
|
І
Қызығушылықты ояту
|
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сабаққа оқушылардың дайындығын тексеру.
2. «Жүректен-жүрекке» тренингі: бір-біріне сәттілік тілету,
гүл ұсыну.
3. Поэзия минуты: Қазақ тілім - ол менің ана тілім!
Қазақ тілім- байсалды баба тілім!
Сол байлықтан аз емес алатыным,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
ІІ. Психологиялық дайындық: «Бағдаршам» ойыны
- Үй тапсырмасына дайындығың қалай?
Жасыл түс - жақсы дайындалып келдім
Сары түс - дайындалдым, бірақ өзіме сенімсізбін
Қызыл түс - дайындығым нашар
|
Жарайсыңдар!
|
|
ІІ
Мағынаны тану
|
«Кім тапқыр?»
Тапсырма: Біріккен сөздердің арасына "+" таңбасын қойып
жаз.
- Алты+бақан, жар+қанат, кемпір+қосақ, жеті+қарақшы,
бал+мұз+дақ, орам+жапырақ.
4) Терме диктант: Өтірік өлең.
Сужыланға емделген,
Тасбақаны қарсы алдым.
Итмұрынға жемделген,
Таскенеге ер салдым.
Темірқазыққа мініп ап,
Аспанды мен шарладым.
Алатаудың шыңына
Құлап қала жаздадым.
5) «Жұбыңды тап» ойыны:
/берілген түбір сөздерден біріккен сөз құрастыру, тапсырманы
орындау/
тас, шаң, көк, қу, сорғыш, жиек, бақа, ақ
- шаңсорғыш (қандай түбірлер арқылы жасалған), көкжиек
(сөйлем құрастыру), тасбақа (қай сөз табына жатады), аққу
(дыбыстық талдау жасау)
6) «Сөз ойла, тез ойла»
І топ: Біріккен сөзден тұратын қала аттарын жаз.
ІІ топ: Біріккен сөзден тұратын адам аттарын жаз.
7) Оқулықпен жұмыс. 5-жаттығу - Сәйкестендіру тесті: "Менің
бағытым"
1. Өнер - сөз
2. Қол - мұрын
3. Ит - кәсіп
4. Күзді - басшы
5. Баспа - күні
8) Кім жылдам? /шарада шешу/
1) Бірінші түбір сөз - түс,
Екінші түбір сөз - құс.
Екі түбір сөзді қоссаң,
Шығады тағы құс. (қараторғай)
2) Бірінші түбір сөз - сан,
Екінші түбір сөз - сұйық зат.
Екеуін қосып оқысаң,
Жерге қойылатын ат. (Жетісу)
9) Шығармашылық тапсырма. Кестені толтыру.
Өсімдіктердің аты----Құстардың аты-----Таудың аты
Алабота--------------Қараторғай ----------Алатау
Саңырауқұлақ-----Аққу------------------Қаратау
Итмұрын -----------Жарқанат -------------Ешкітау
Жолжелкен--------Түйеқұс----------------Ақтау
Қырыққабат-------Күркетауық-----------Сарыарқа
|
Екі жұлдыз, бір тілек
|
Оқулық, оқушы дәптері, стикер
|
ІІІ Ой толғаныс
|
1) Сиқырлы фигура
1. Алтыбұрыш - Біріккен сөз дегеніміз не?
2. Тік төртбұрыш - Біріккен сөздер қалай жазылады?
3. Үшбұрыш - Өзіңнің күшігіңе біріккен сөз болатын қандай ат
қояр едің?
4. Бесбұрыш - Тырсылдап түседі, жер бетіне жетеді. Жер бетіне
жеткен соң, Ғайып болып кетеді. Ол не? (Бұршақ)
5. Төртбұрыш - Байқоңыр сөзін сөз құрамына талда. Неше
түбірден құралған?
2) «Бағдаршам» ойыны: - Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
Жасыл түс - өте жақсы ұнады
Сары түс - жақсы, бірақ мен өзімді көрсете алмадым
Қызыл түс - ұнаған жоқ
VI. Бағалау : бағаларына сәйкес біріккен сөзден құралған
фигуралар үлестіру.
"Үш" дегенім - орта баға, /үшбұрыш /
Сапасы да орта ғана.
"Төрт"дегенім - жақсы баға, /төртбұрыш/
Алады оны жақсы бала.
"Бес" дегенім - үздік баға, /бесбұрыш/
Оқитын бол үздік қана.
|
Үш шапалақ
|
|