- Учителю
- ҚМЖ Математика Санды 3-ке көбейту және бөлу кестесі
ҚМЖ Математика Санды 3-ке көбейту және бөлу кестесі
Ш.Қ.О. Тарбағатай ауданы. Тұғыл ауылы.
Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің 3-деңгейлі бастауыш сынып мұғалімі Тоғызбаева Айжангул Хамзановна
Сабақ: Математика |
Мектеп:« Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп» КММ | ||||
Күні: 04.05.2016. |
Мұғалімнің есімі: Тоғызбаева А.Х. | ||||
Сынып: 2 «А» |
Қатысқандар саны: 19 |
Қатыспағандар саны: | |||
Сабақ тақырыбы: |
Санды 3-ке көбейту кестесі \2-сабақ\ | ||||
Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) |
3-ке көбейту кестесін құрастыру,көбейту мен бөлуге берілген тапсырмаларды орындау | ||||
|
Барлық оқушылар:7,8,9 сандарына 3-ті көбейтуді және керісінше бөлу амалын орындайды. | ||||
Оқушылардың басым бөлігі: 3-ке көбейту мен бөлуге берілген есептерді шығарады, өрнектердің мәнін табады.
| |||||
Кейбір оқушылар:көбейту мен бөлуге берілген тапсырмаларды орындайды, қалдықпен бөлуді орындауды іс-әрекет арқылы көрсетеді,өрнектер құрады,логикалық тапсырмаларды орындайды.
| |||||
Тілдік мақсат |
Оқушылар тапсырмаларды орындауда көбейтінді, бөлінді және олардың мәні терминдерін қолдану арқылы, көбейту мен бөлудің өзара кері амалдар екенін түсінеді және көбейтуді бөлумен тексеруге болатыны іс-әрекет арқылы дәлелдейді.
| ||||
Негізгі сөздер мен тіркестер:көбейткіш, көбейтіндінің мәні, бөлінгіш, бөлгіш, бөліндінің мәні,сөре, кинозал,қылқанды ағаш,асық | |||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: «.... көбейту үшін, санды 2-ге көбейтіп, оған сол санды қосамын», «... мен .... көбейтіндісі.... тең», «ондықтарды көбейту үшін.....», «............. бөліп бергенде, ......артылып қалады»
| |||||
Талқылауға арналған тармақтар: -Көбейтуді қалай жүзеге асырдың? №1 тапсырма - Шешу жолын қалай көрсетесің? №2,№3 тапсырмалар -Жер шарында қанша адам бар?Өз отбасыңда ше?Сенің отбасыңа неше қылқанды ағаштан қағаз дайындау керек?№3 б\ -8асықты үштен алғанда қанша бала алады?№6 -Бөлуді қандай амалмен тексереміз? №7
| |||||
Жазылым бойынша ұсыныстар:№3 тапсырманың үш бөлігін тақатада және дәптерге, №7 өздіктерінен шығарып дәптерге жазады.
| |||||
Алдыңғы оқу |
3,4,5,6 сандарын 3- ке көбейту кестесі
| ||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулар мен қатар ескертпелерді жазыңыз) |
Ресурстар | |||
Сабақтың басы 10 минут |
Психологиялық дайындық «Жүректен -жүрекке» -тілек айту Шағын топтарға біріктіру. Гүл күлтешелеріндегі өрнектің мәніне сәйкес сандарды табу арқылы топтасады. Топ жетекшісін сайлау, ережені қайталау,бағалау парақшасын ұсыну, бағалау критерийлерімен танысу. 1. Ыстық орындық» - 2 мен 3 тің көбейту кестесін еске сақтауларын бақылау 2.«Анаграмма шеш» 1-топ: суреттегі сөзден ә,б әрпінің орнына е,г әрпін қойсаң қандай сөз шығады? 2-топ: Соңғы әрпін алып, басына ж әрпін қойып, оқы 3-топ: б мен қ әрпін алып тастап, орнына ғ мен з қойып оқы 4-топ: ұ-ның орнына о қойып оқы -Не шыққанын түсіндір. -Бүгінгі сабағымыз қандай сандарға арналады, оларды не істейміз? |
Гүл күлтешелері 12,14,16,18- цифрлар жазылған және өрнектер көрсетілген карточкалар, клей, а-4 қағазы
орындық
Сәбіз,етік, тобық,ұн суреттері
| |||
Сабақтың ортасы 25 минут
|
№1 -Т. «Ойлан, жұптас, талқыла» Әр топтан бір оқушы қалай орындалғанын ережелерге сүйеніп түсіндіреді. №2, №3 а,ә - Т. «ЖИГСО» әдісімен орындайды,тақтаға спикер шығып қорғайды, жазады.Қалған оқушылар тексеріп, дәптерге жазады. Бағалау критерийі: Қысқа шартының дұрыс жазылуы-1 балл Сұрақ дұрыс қойылуы-1балл Шешуінде амалды дұрыс таңдауы-2 балл №3 б\- оқу, талдау, тақтада шығару \ С деңгей\ Сұрақ:- Қағазды қалай өндіреді? -Жер шарында қанша адам бар? №5. «Кім жылдам?» ойыны топтық жарыс 4 бағаны әр топқа беріліп,санаулы уақытта аяқтауын қадағалау. №6. «Ыстық микрофон». 8, 5,7, 10 асықтан беріп, үш-үштен неше балаға беруге болатынын, нешеуі артылып қалатынын іс-әрекет арқылы көрсеткізу. |
№1 тапсырма
Оқулық, тақта, маркер Оқулық №2,№3, тапсырмалар,
А-4 парағы,слайд «Қағаз өндіру»
Асықтар, микрофон | |||
Сабақ соңы 10 мин |
Деңгейлік тапсырмалар: С деңгей. Көбейтуге байланысты тест жұмысын орындайды. В деңгей:№7.Өрнектер құрып мәнін табады, бір-бірін бағалайды. А деңгей:зерттеу өзгешелігі бар тапсырма: Ұзындығы \3*а\ см кесінді сыз, мұндағы а=2,3,4 Асқар 1 дәптер үшін200 тг төледі.Кәрім осындай 3 дәптер үшін неше теңге төледі. Теңдеуді есептемей-ақ шеш: 83*7=x*83 58*4=4*x 8+8+8=x*3 x*3=15+15+15 Үй тапсырмасын беру: №4 - дәптерге орындау, кестені жаттау. Бағалау. Топ жетекшілерінің бағалауын тыңдау, өзін-өзі бағалау «Блоб ағашы»,Топтарды бағалау.
Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан білгенім, Сабақта ұнағаны, Сабақта ұнамағаны |
Тест тапсырмасының парақтары,үлестірме материалдар
«Блоб ағашы» парақтары
стикер | |||
Саралау - сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? сабақтың басында «Анаграмма»шешуге,сабақ барысындағы барлық процеске қатысуын қадағалаймын,соңында деңгейі жоғары тапсырма беремін.
|
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушы іс-әрекеттерін бақылаймын; Кестені жатқа сұраймын; Дәптердегі жұмыстарын тексеремін; Топпен жұмыстағы әрекеттерін қадағалап отырамын.
|
Пән аралық байланыс: Дүниетану,қазақ тілі Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: АКТ мен байланыс Видео,слайд қолдану Құндылықтармен байланыс: Бірін-бір тыңдау, сыйластық, қоршаған ортаны қорғау,ұйымшылдық.
|