7


Ашық сабақ 'Сөйлем'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақ тақырыбы: СөйлемСабақтың мақсаттары: 1.Сөздермен сөйлем құрауды, сөйлемнің тыныс белгілерін анықтауды, аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемнің тыныс белгілерін анықтауды, аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемнің жігін ажыратуды меңгерту.2. Өз ойын тиянақтап, дәл
предварительный просмотр материала

Сабақ тақырыбы: Сөйлем

Сабақтың мақсаттары:

1.Сөздермен сөйлем құрауды, сөйлемнің тыныс белгілерін анықтауды, аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемнің тыныс белгілерін анықтауды, аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемнің жігін ажыратуды меңгерту.

2. Өз ойын тиянақтап, дәлелдеуге дағдыландыру.

3. Өз әрекетін жоспарлауға, жүйелеуге, ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдта тірек сызбалар

Сабаққа дайындық: Жақсы білім көрімдік,

Болсын сізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық.

Сыныпты топқа бөлу. Топтық жұмыс.

Әрбір сөздің басқы буынын қосып, сөз шығаруға арналған сөзжұмбақ беріледі. Жасырынған сөз сол топтың аты болады.

1-топ: қаршыға, ғарыш- қарға

2-топ: торта, ғайбат- торғай

І. «Проблеманы айқындау» кезеңі

Жеке жұмыс. Әрбір бала өз тобының атын қосып, сөйлем құрайды.

(немесе сипаттау мәтінін құрайды.)

Екі топтан екі оқушы шығып жазған сөйлемдерін оқиды.

Мәтініңде неше сөйлем бар?

(Дәптерлерін алмастыру.)

Жаңа сабақ

Өзім сөзден тұрамын

Аяқталған ойды құрамын.

Бұл не? Жұмбақты шешу арқылы жаңа тақырыпты таныстыру

Күннің жадын жазғызу

Сөйлем

Көркем жазу

Б дыбысынан басталатын мақал жазу


ІІ. «Проблема шешу» кезеңі.

Тапсырма. 1-жаттығу

Оқушылар оқып танысады, сөз бен сөйлемді салыстырады. Ауызша дәлелдейді.

Білгішбектің тапсырмасы: танысады, кестені жекелей толтырады, жауаптарын талқылап толықтырды.


Сөз

Сөйлем



?

?


Сөйлем

?

?

Ойсергек. Нүкте мен Нүркен

Нүркен: Ей, кішкентай ғана нүкте!

Сенің осы керегің жоқ-ау түкке!

Керек болсаң айта қойшы,

Сырыңды менен бүкпе.

Балалар Нүркенге нүктенің рөлін ойнап жауап береді. Оқулықтан сәйкес жаттығуды орындайды

5-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқып негізгі ойды табады. Автор туралы тірек сызбамен оқушылар сөйлейді.

Қорытынды ой.Болған жағдайды хабарлаймын, тиянақты ойды білдірген сөйлем соңына нүкте

боп қойыламын.

«Ойың өтімді, сөзің дәлелді болсын!»

2-жаттығу Сөйлемде сөздер қалай байланысады?

1-топ: кітап, оқы, көп (Кітапты көп оқы)

2-топ: сендер, білім, кітап, көмектеседі, болу. (Сендерге білімді болуға кітап көмектеседі)

Құралған сөйлемдерді көшіріп, өзгеріске түскен сөздердің астын сыз.

3-жаттығу

Жақшадағы сөздерді сөйлем мазмұнына қарай өзгертіп, көшіріп жаз.

Мәтін мазмұны талданады. Ләйлек ненің атауы? Көкқұтан ше?

Өзгерген сөздерге назар аударады, неліктен өзгергенін 2 топта дәлелдейді.

Сергіту сәті Орнымыздан тұрайық,

Белге қолды қояйық.

Оң қолыңды оң жаққа

Сол қолыңды сол жаққа

Шеңбер жасап бұлғайық.

Жақсылап бір байқа да,

Бес-алты рет қайтала.

4-жаттығу

Ертегіні оқып неше сөйлем бар екенін анықтайды. Тиісті тыныс белгілерін қойып жазады.

Неліктен нүкте қойылғанын дәлелдейді. Ертегіні жалғастырып айтқызу.

ІІІ. «Проблема шешімін қолдану» кезеңі

6-жаттығу Берілген сурет бойынша әңгіме құралып ауызша айтылады.

Сөйлемдерді оқып, тиісті үйге кіргізу.

Ат жарысы басталды.

-Алда келе жатқан кім?

-Болат, бас қамшыны, бас!

Кері байланыс. Бүгін не үйрендіңдер?

Топтардың жұмысын мадақтау, жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй жұмысы. 6-жаттығу. Құраған әңгімелерін жазу.

Оқушылардың жеке жұмыс жасауына арналған кесте

Сөз

Сөйлем

Оқушының тегі, аты






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал