- Учителю
- Урок: Зат есім
Урок: Зат есім
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін еске түсіру, қайталау. Оқушылардың танымдық шығармашылық қабілеттерін дамыту. Оқушыларға адамгершілік және ақыл - ой тәрбиесін беру, белсенділікке , ізденімпаздыққа баулу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдістері: Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды дамыту, түсіндіру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,жемістер суреті,деңгейлік тапсырмалар, таблица.
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Қызығушылығын ояту. «Ойлан,тап!»
а) Топқа бөлу (жемістер арқылы). Топ ережесімен таныстыру. Критерийалды бағалау жүйесімен таныстыру.
Оқу құралдарын түгендеу, реттеу.
Бағалау критерийі:
-
Сөйлем ішіндегі зат есімді табу
-
Зат есімнің сұрақтарын , ережелерін толық айту
-
Шығармашылық тапсырмалар кезіндегі зат есімнің орнын табу
-
Көркем, сауатты жазу
ә) Үй тапсырмасын сұрау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
3 - жаттығу, 142 бет.
Әр топ сұрақтар бойынша жауап береді. Сөздерді оқы. Оларға сұрақ қою арқылы кестеге орналастыр
1 - топ
2 - топ
3 - топ
4 - топ
Зат есім
Етістік
Сын есім
Сан есім
Жаңа сабақ:
Дидақтикалық суреттер көрсету арқылы заттың атын атау, сұрақтар қою. Зат есім екендігіне көздерін жеткізеді. Қандай сұрақтар қойдық. Зат есім сұрақтары айтылады. Кім? Кімдер? Не? Нелер?
1 - жаттығу. Суретке қарап, заттардың атын атау. Сұрақ қою. Әр топ жауаптарын айтады.
Сұрақтарының әр түрлілігін түсіндіреді. Дәлелді жауаптарын айтады.
2 - жаттығу. Суретке қарап, зат есімдерді тауып айт.
Тапқан зат есімдеріңе қойылатын сұрақтардың әр басқа екенін дәлелдеп көр.
3 - жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз. Мәтіндегі зат есімді тауып астын сыз
Ой толғаныс
4 - жаттығу
Көп нүктенің орнына тиісті зат есімдерді қойып, көшіріп жаз
Төрт түлік: ..., ...
Аңдар: ... , ..., ...
Құстар: ..., ...
Отбасы мүшелері: ..., ...
Топқа бөлініп тапсырмаларды орындайды.
Түсінгендерін тексеру
6 - жаттығу. Мәтіндегі зат есімдердің үстіне з.е.деп белгілеу
Сабақты бекіту.
Оқушылардың білімдерін бағалау. Өздерін өзі бағалайды.
Топтың аты
1 деңгей
2 деңгей
3 деңгей
4 деңгей
Балдар
Алма
Алмұрт
Банан
Лимон
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.
Топ бойынша жеңімпаздар анықталады.
Сабақты қортындылау. Бүгінгі сабақта не алдық? Не үйрендік?
Қандай жұмыстар ұнады?
Үйге тапсырма беру.
5 - жаттығу 145 бет.